Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Зиянды заттар

Бекітемін
Мектеп директоры: Н. Сарымбаева

Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Зиянды заттардан аулақ болайық!>>

Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына, толеранттылыққ тәрбиелеу,
Еліміздің болашағы яғни жас ұрпақты ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері әсер ететін құбылыстарынан нақты мәліметтер бере отырып, олардан бойын аулақтату.

Көрнекілігі: темекі, ішімдік, есірткінің зияны туралы жазылған кітаптар, слайдтар
Әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттар шешу, постер қорғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

ІІ. Тренинг.
<<Өзіңе ұнамды және ұнамсыз қасиеттерің>> Тренингтің шарты бойынша оқушылар шеңбер жасап тұрады, қолын шапалақтап өзінің бір ұнамды қасиетін айтады, кейін бір ұнамсыз қасиетін айтады.( Мысалы: Арай- ашық мінездімін, бірақ жалқаумын. т.с.с)
ІІІ. Суреттер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу. Суреттердің ішінде тәтті тағамдар, гүлдің суреттері, және зиянды заттардың суреттері.
Оқушылар суреттерді таңдау барысында зиянды заттардан алшақтап, оны таңдамауға тырысады.
ІҮ. Әңгімелесу айдары
-Балалар, неліктен зиянды заттардың суреттерін таңдамадық?
-Себебі, ол денсаулыққа зиянды заттар.
-Адам өміріне зиян келтіретін тағы қандай зиянды заттарды білесіңдер?
-Есірткі, ішімдік. т.б.
-Жарайсыңдар, балалар, ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз осы тақырып аясында болмақ. Тәрбие сағатымыздың тақырыбы <<Зиянды заттардан аулақ болайық>>
Ү. Топтық жұмыс.
Үш топ берілген тақырыптар бойынша постер қорғайды. Өз ойларын айтады.
І топ- Ішімдіктің зияны
ІІ топ- Шылым шегудің зияны
ІІІ топ - Есірткінің зияны
(Дайындалу уақыты: 5 минут, қорғау уақыты: 3минут)

Ү. Жаңа ақпарат
<<Темекі тартқаның, өзіңді құртқаның>>
Халық даналығы
Темекі және оның адам денсаулығына тигізер әсері.

Никотин
Стирол
Мышяк
Смола
Радиоактивті поллоний
Синиль қышқылы
Никотин
Стирол
Мышяк
Смола
Радиоактивті поллоний
Синиль қышқылы

Құрамы

Құрамы

Зақымданадыы

Зақымданадыы

Бетке әжім ерте түседі
Тыныс алу органдары ауруы
Сезім мүшелері бұзылады
Ас қорыту органдары бұзылады
Жүрек аурулары
Жүйке аурулары
Рак
Бетке әжім ерте түседі
Тыныс алу органдары ауруы
Сезім мүшелері бұзылады
Ас қорыту органдары бұзылады
Жүрек аурулары
Жүйке аурулары
Рак

Темекі- денсаулыққа зиянды
Қауіпсіз темекі болмайды
Темекі-удай шығын

Темекі- денсаулыққа зиянды
Қауіпсіз темекі болмайды
Темекі-удай шығын

Дәйектемелер

Дәйектемелер

(Интербелсенді тақтадан темекінің зияны туралы бейнебаян, көрсетіледі)

<<Маскүнемдік-өз еркіңмен ақылдан алжасу деген сөз>>
Сенека
Ішімдік және оның зиянды салдары.
Алкоголь-күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі.

Ішімдік тудыратын аурулар
Ішімдік тудыратын аурулар
(Интербелсенді тақтадан ішімдіктің зияны туралы бейнебаян көрсетіледі)
Ішімдікке тәуелді болудың салдарынан:
- Спирттік ішімдікке тәуелді адамның өмір жасы әдеттегіден 15-20жылға
қысқарады;
- Шамадан тыс ішу-қылмыстық әрекетке әкеп соғады;
- Маскүнем ата-аналардың балаларының 44-60%-ның ақыл-есі кем болады;
- Адам миының жұмысын бұзып, есте сақтау қабілетін нашарлайды;
- Әлеуметтік, отбасылық проблемалар туындайды;
- Маскүнемдердің 5%-ы адам кейпінен айырылып, тұрақты мекен-жайы
жоқтар мен қаңғыбастар қатарына қосылады.

Жаман әдеттерді ертең жеңуден, бүгін жеңу оңай
Конфуций

ІІ. Маман кеңесі.

Даулет: Ортаға бір оқушы шығып балалар бүгін менің туылған күнім еді, осыған орай өздеріңмене қуанышымды бөліскім келіп тұр, кел ауыз тиіңдер (ортаға кока-кола, чипсы, сағыз қояды).
Мадияр: Рахмет Даулет, бірақ біз осы заттардың адам өміріне қандай пайдасы бар екенін дәрігер маманынан кеңес сұрап алсақ қалай қараайсыңдар?
Осы жерде оқушылардың сұрағына кезек берсек?
Оқушылардың сұрақтары
Мадияр: Дәрігер айтыңызшы Газды сусынның адам өміріне қандай пайдасы бар?
Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.

Нұрсұлтан: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтар едіңіз, дәрігер?

Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.

Шырын: : чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?

Дәрігер: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.

Мұғалім: - Сізге рахмет, дәрігер.

Мұғалім: - Балалар, ал енді ұсынған тамақты жейміз ба? (Жоқ)

Мұғалім: - Ал қандай тамақ пайдалы?

Оқушы: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.

Дәрігер: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?
Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin - қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.
Мұғалім: - Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.
- Балалар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.
- Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.
- Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.

Дәрігер: - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек - пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.

Мұғалім: - Міне, көрдің бе, оқушылар, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін біліп жүретін болдың.

ҮІ. Тарихи деректер
Зиянды заттарға қарсы күрес мақсатында ерте замандарда мынандай қатаң жазалаулар болған:
-Түркияда шылымқорлардың құлағын, мұрнын кескен;
-Англия королі темекі тартуға, елге әкеліп өсіруге мүлдем тиым салған;
-Италияда папа Урбан темекі шегушілерді шіркеуден қуып шыққан;
-І Петр тұсында ішкіштер мойнына 17 футтық медаль кигізген;
-Грек елінде ішкіштерге қайнап тұрған шарап ішкізген.

-Ал Қазақстанда қандай шаралар жүргізіліп жатыр?
(Оқушылардың жауабын тыңдау)

ІІІ-тур <<Миға шабуыл сұрақтары>>. Бұл турда мұғалім әр топқа жылдам сұрақтар қояды:
1 топ 1.Темекі құрамындағы ең улы зат? - никотин 2.Мас адам неге түзу жүре алмайды?- мишыққа әсер етеді 3.Есірткінің қандай түрлері бар?
2топ 1.Арақтың құрамындағы ең улы зат? - сивуш майы 2.Темекі шеккен адам не үшін жөтеледі?-өкпеге зиянды 3. <<Есірткі гүлі>> қайсы гүл? - жауқазын 3 топ 1.<<Денсаулық үшін! >> деп не ішіледі? 2.Темекінің отаны?-Оңтүстік Америка 3.Есірткінің кең таралған түрі?-героин

Зиянды заттар
Зиянды заттар
Денсаулықты жою, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, адам ретінде бет бейнесін жоғалту, болашаққа сенімсіздік, достарын, туыстарын жоғалту, қылмыс, түрме, өлім.
Денсаулықты жою, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, адам ретінде бет бейнесін жоғалту, болашаққа сенімсіздік, достарын, туыстарын жоғалту, қылмыс, түрме, өлім.
Ішімдік
Ішімдік
Есірткі
Есірткі
Темекі
Темекі

Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты

Дұрыс тамақтану
Дұрыс тамақтану
Спортпен шұғылдану
Спортпен шұғылдану
Таза ауа
Таза ауа

Денің сау, қоршаған ортамен қарыс-қатынас жақсы, болашаққа сенімділік, әлеуметтік жағдайы жоғары, өз-өзіне сенімді

Денің сау, қоршаған ортамен қарыс-қатынас жақсы, болашаққа сенімділік, әлеуметтік жағдайы жоғары, өз-өзіне сенімді

Рефлексия:

Оқушыларға арналған жаднама:
-Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың өз қолыңда!
-Өзіңе сен! Өзіне сенген адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
-Денсаулығың мықты болсын, спортпен айналыс.
-Сен ел үшін керексің, өйткені сен- болашақсың.
-Жас жеткіншек, сен өзіңді- өзің құметтеуге тиіссің!
- Жаман әрекеттерден әрқашанда аулақ бол!

ҮІІІ. Түйін.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Оқушыларды тыңдау.
Біз зиянды заттарға <<ЖОҚ!>> деп айтуға қорықпаймыз. (Хормен)

Ұқсас жұмыстар
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы
Шомылған баланы
Нашақорлық ғасыр дерті атты баяндама
Аулақ бол жаман әдеттен туралы
Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары
ЖҚТБ ауруы қатерлі
Салауатты өмір
Көпжасушалы жануарлардың зәршығару жүйесі (6 – сынып)
Қытай ойыншықтарының зияны
Экология негіздері
Пәндер