Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде

Бекітемін:
Пәні: Өзін өзі тану Сабақ №
Күні:
Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Қанағат, рақым ойлап қой!
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Қанағатшылыдық, рақымшылдық, сабырлық.,
5 Т ережесі: « Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық»
Мұғалімі: Кенжебаева Жұлдыз
Сынып: 10 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Адамгершілік қасиет тұрғысынан қанағат, рақым ұғымдарының мәнін ашу.
Міндеттері
: Білімділігі-қанағат, қанағатсыздық ұғымдарын салыстыра отырып ұғындыру.
Дамытушылығы:-еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына, іс-әрекетіне сыни көзбен қарауын дамыту.
Тәрбиелігі:-оқушылардың өз қанағат сезімдерін басқара алуын тәрбиелеу
Ресурстар:
Оқулық, дәптер, музыка, үнтаспа, бейнетаспа, мәтін,
нақыл сөздер, слайд, А3, маркер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйін сұрау
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену (баяу әуен) .
Балалар көздерімізді жұмып терең тыныс алайық. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде, Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз, Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.
Олар сіздерді тек жақсылық жасау үшін, жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздердің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ести алады. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға ғана қарап бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгілі сәулелі ой келеді. Осы нұр бүкіл әлемге, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жандарға таралсын. Осындай Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.
Қандай әсер алдыңыз?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Әңгімелесу:
1. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едің? Неліктен?
2. Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсың?
3. Ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы баяндап беріңіз?
Мұғалімнің сыйы:
Адам ағзасына тигізетін әсері туралы қосымша мәлімет . (слайд)
Мәтінмен жұмыс:
Ұ. Есдәулетовтің «Қара пима» поэмасынан үзінді (слайд)
Негізгі оқиға желісі ауылдағы қарапайым шаңырақ аясында өрбиді.
Олар дәм-тұзы жарасқан, айрандай ұйыған әдемі отбасы болатын. Әйелі (Алма Аманжолова) аяқ астынан ауруға шалдығып, бақиға аттанады. Бұл отағасы Болатқа (Руслан Иманғали) және жалғыз ұлдары Талапқа (Марлен Советбек) оңай тимеді. Сүйікті жарынан айырылған Болат күйікке шыдамай араққа салынып кетеді. Баласы Талаптың болашағына немқұрайлықпен қараған әке өзімшілдік танытып, «мен енді ешкімге керек емеспінмен» өмір сүреді. Содан бар ауыртпашылық, үйдің шаруашылығы он жасар Талаптың мойнына артылады. Үйге кіріс болмағаннан кейін ішімдікке тиын таппаған Болат біртіндеп үйдің ішіндегі дүниелерге қол сала бастайды. Құнды дүниелердің бәрін шайтансуға айналдырған Болат үйінде қолға ілінер зат таппағаннан кейін ұлының мектепке киетін жалғыз қара пимасына көзі түседі. Қолтығына қысып, бөтелкелестерін қуантуға алып бара жатқан сәтте Талап жалаңаяқ артынан жүгіріп, қара пиманы сатпауын өтініп, жалынып, жылайды. Болат ұлының басынан бір періп жөнімен кетеді. Әкесінің ауыр соққысынан талып қалған бейшара баланы көршілері тауып алады да, аудандық ауруханаға жеткізеді. Бұл уақытта бөтелкелестерін риза қылған Болатқа жақын жолдасы келіп, ақылын айтып, әйелі үшін баласының жағдайын жасауын сұрайды. Сонда ғана есін жиған әке үйіне қарай жүгіреді. Жасаған қателігін түсініп, жолда ұлына қара пима сатып алады. Үйіне келсе, есік ашық. Қыстың қарлы бораны үйінің ішін азынатып жіберген, жан баласы жоқ.
Көршілерінен сұрастырып, баласының ауруханада жатқанын естиді. Қарапиманы қолына ала сала, ауруханаға келеді.
Ұлынан кешірім сұрап, енді ешқашан арақты аузына алмайтындығына уәде берген әке ұлына әкелген қара пимасын көрсеткенде: «Әке, маған енді ешқандай пима керек емес» деген жауап естиді. Талаптан мұндай сөз күтпеген Болат көрпені ашып қалса . . . Бәрі де кеш еді . . . Дәрігерлер баласының үсіген екі аяғын тізеден төмен кесіп тастаған екен.
Жүректі тілгілеп, жаныңды ауыртып фильм аяқталады.
Жағымды ой пікір
Дәйексөз: Игілікке жетудің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz