Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі

Мектепке дейінгі және мектептегі білім беруді педагогикалық қолдау
ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: <<Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу>> - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталан-
байтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы бас-
палдағы. Президент жолдауында: <<Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады>> - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жастардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту. Білім беру жүйесіндегі бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару. Ендеше жеке тұлғаның қасиетін ашып көрсету заман талабы. Баланы жан - жақты дамытуды тек қана тәрбие саласы емес оқыту процесіне де асырылып жатады. Оны күнделікті оқу тәрбие жұмысы әр сабақтан байқауға болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сабақ беретін әр пәнде оқытушы ізденіп пайдаланып келгенде, қазіргі оқу талабының қойып отырған әдіс, тәсілдерін қолдана отырып жоспарлау керек. Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерін қолдана білсе, оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады.

Бастауыш сынып мұғалімі ерекше тұлға. Өйткені ол балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Қазір <<ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?>> деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық модельне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зертеууші, өз ісіне қатып қалған жаттадылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте, педагогикалық үйлестіру шебер меңгерген психологиялық-педагогикалық диогностика қоя білетін үскер мұғалім қажет.
Бұрын өз пәнімді жақсы білем, аздаған педагогкалық әдіс-тәсілдерді меңгерген, баланың өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейлеу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді, өйткені қазір заман өзгерді, қоғпм өзгенрді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да табылатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша. Жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер: <<баланың оқытуға қалай үйрету керек?>>, <<ойлауға қалай үйрету керек?>>, <<қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?>> деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

Қазіргі мектептерге зерттеушілік, шығармашылық талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланың өздігінен өмірге жетелейтін ақыл кеңес беретін мамандарды талап етеді.
Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру, мұғалімдердің құқтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттік дамуының құралы болып табылады.
Бүгінгі біщдің алдымызда тұрған келесі міндет - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жаң-жақты дамыған жеке түлға даярлау. Қазақтың кеменгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы <<Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек>> деген болатын. Сондықтанда қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру денгейіне жетуге ат салысуда. Ертенгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы - қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.
Уақыт талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, тиімді оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру арқылы ғана білім беру сапасын арттыруға болатыны белгілі. Қазіргі таңдағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар мыналар:
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді кіршіксіз, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.
Мұғалімнің басты міндеті - баланы өз бетімен кітап және сөздікпен, анықтама әдебиеттермен жұмыс істеуге, уақытты қадірлеп, оны дұрыс пайдалануға, күн тәртібін орындауға, іс-әрекетін жоспарлап отыруға үйрету. Дәстүрлі оқыту әдістері бастауыш сынып оқушыларын бәсекеге қабілетті етіп отықту мен оқу икемділікті дамыту нәтижесіне жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру - мұғалімнің шеберлігіне, шығаршылық қызметіне байланысты. Осы орайда білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану. Жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты - міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.
Балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырыстым. Сапалы білім алу үшін, топта өз-өздерін еркін ұстай алуы үшін оқушылардың өздеріне топ ережесін жасаттым. Оқушыларды топқа бөліп алып, топ ережесін жасауды қысқаша айтып түсіндірдім.
Сонымен қатар, мен өз сабағымда ойын технологиясын жиі қолданамын. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенімен, оқу үдерісінде аса қажетті көрініс-құбылыс деп айтуға болады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені кіші жастағы оқушылар жас ерекшелігіне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырмаларды тез, әрі аса қызығушылықпен орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. ойын элементтерін қолдана отырып, мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Ойын оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өткен тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен үлес қосады.
Ойын элементтерін тиімді пайдалану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі, тез жазу, оқу, мазмұндаудағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
Әдебиеттер тізімі.
1. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі 2014. №4
2. Қазақстан мектебі 2014. №6
3. Мұғалім шеберханасы 2013. №10
4. Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 1987, 6-12 бет
5. <<Бастауыш білім>>журналы 2011 ж № 4

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі әдісі
Зертханалық сабақ
Әдеби шығармаға әсерлі түсініктеме беруі
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Тақырыпты оқыту міндеттері
Оқыту әдістемесі
Оқушыларды өздеріне сөйлем ішіндегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрету
Педагогикалық кеңес. 2014 жыл
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс
Мәтін туралы түсінік
Пәндер