Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата

Тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік.
Сабақтың мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: 1.Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым-астрономиямен таныстыру.
2.Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау,қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
3.Ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі:Күн жүйесі туралы видео,слайд,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: СТО, АКТ, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару .
Психологиялық тренинг.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтада 15 сурет артқы бетінде сұрақтар жазылған, әр оқушы жауап беріп, суретті оң қаратып іліп шығады. Барлық оқушылар айтып болған соң, мұғалім:
* Балалар осының бәрі туған өлке өсімдіктері мен жануарлары екен! Осы табиғатты қорғау сендердің қолдарыңда- дейді .

ІІI. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу.
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы.
(Ғарыш кемесі)
-Ғарыш дегенде ойларыңа не келді?
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Аттанамыз біз онда жер бетінен,
Мекендеген ғарыштың кемелері.
Тербеткен бар әлемнің тыныштығын,
Атаймыз бұл ғаламды - Күн жүйесі-деп ғарышқа саяхатқа шығамыз.
Берілген тапсырмаларды орындап, кездескен кедергілерді жеңе білейік! Іске
сәт!
Оқушыларды өз қалаулары бойынша 4 топқа бөлінеді.
1-топ.Астрономдар
2-топ.Ғарышкерлер
3-топ.Жұлдыздар
4-топ.Галактика

ІY. Мағынаны тану.
Кіріспе әңгіме.
-Астрономия деген сөзді естігендерің бар ма?
-Астрономия-ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым.Астроном-астрономия маманы.Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.
1 аялдама. Сен білесің бе?
Жерді қоршаған бүкіл дүние - ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден - ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол -- Ю.А. Гагарин.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері ғаламшарлар ( планеталар) айналып жүреді.
(планета - грекше адасушы жұлдыз деген сөз)
Ғаламшарлар -- өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі - Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..
Байқоңыр ғарыш айлағынан <<Союз-ТМА-18 М>>ғарыштық кемесі ұшты.Бұл Байқоңыр ғарыш айлағындағы 500 ұшырылым екен.2015 жылдың 2 қыркүйе- гінде ғарышқа үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты.Ол қазақ хандығының 550 жылдығына,Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған тулар мен еліміздің көк байрағын және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің туларын алып ұшты.
2 аялдама.Ғаламшарлар
Оқулықпен жұмыс. Әр топқа 2 ғаламшар туралы постер қорғау тапсырылады. Топтар бір-бірін бағалайды.
3-аялдама.Кім шапшаң?
Сарамандық жұмыс.Оқушылар жұп болып,ермексаздан ғаламшарлардың моделін илеп жасайды.
4-аялдама.Жұлдыздар жарқырайды.
Бірнеше жұздызша болады. Артқы бетінде сұрақтар берілген, соларға жауап береді.
1. Жұлдыз деген не ?
2. Ғаламшармен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар?
3. Күн жүйесіне нелер кіреді?
4. Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата.
5. Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
6. Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?
7. Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы не білесің?

-Мінекей, балалар, біз күн жүйесінің құрамын толық зерттеп шықтық. Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен, біз күнге қонып зерттемедік? Себебі күннің қызуы біздің ракетамызды жарып жіберуі әбден мүмкін болғандықтан 8 ғаламшарға ғана саяхатқа шықтық.

V.Сабақты қорытындылау.Сөзжұмбақ шешу.
VІ.Үйге тапсырма:
94-97 беттерді оқу, мазмұнын айту. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап келу.
VІІ.Бағалау. 5-тік баға алған оқушылар күндей жарқырап жүрсін деп күнмен, 4-тік баға алған оқушылар жұлдыздай жайнап жүрсін деп, жұлдызшамен бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
Жер-ғарыштық дене. Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз, ғаламшар, Галактика туралы мәліметтер
Топтарға тапсырмалар тарату
Жердің жасанды серіктері
Жер және ғарыш Ғарыш дегеніміз не
Ресейдің шекарасының ұзындығы
Адам өмірінің кезеңдерін білу
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тәрбие бағыттары
Пәндер