Арнаулы пышақты тарату

Бекітемін

ОІМ: Г. Азанова

Пәні : технология (ұлдар)

Пән мұғалімі: Ж. Бегелеков

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы
Ағаш ою технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
Ағаш ою технологиясы: Ағаш бетіне үш тіліп ою тәсілі мен үшқырлы ойық өрнек түсіруді меңгеру. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, іскерлікке тәрбиелеу. Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы арнаулы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрі:
Ағаш ою технологиясы: Аралас сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың әдісі:
Ағаш ою технологиясы: Түсіндірме - практикалық
Сабақтың тақырыбы: Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер:
Ағаш ою технологиясы: Топтастыру әдісі, СТО әдістері
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың көрнекілігі:
Ағаш ою технологиясы: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, ағаш бөліктері
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың барысы:
Ағаш ою технологиясы:
Оқушы іс-әрекеті
Сабақтың тақырыбы: Ұйымдастыру кезеңі.
Ағаш ою технологиясы: а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
Сабаққа дайындалып, оқу құралдарын шығарады.
Сабақтың тақырыбы: Үй тапсырмасын тексеру
Ағаш ою технологиясы: Қашаумен өрнек ою
«Өзіндік бағалау» әдісі:
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
Қашау түрлерін слаид арқылы сұрау (6 қашау) «Тізбектей сұрау» әдісі:
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
Сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың тақырыбы: Жаңа сабақ.
Ағаш ою технологиясы: Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру
Ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді. Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді.
Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін.
Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі - өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі - бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.
Үшқырлы ойық өрнек. Геометриялық үшқырлы ойық өрнекті орындау технологиясы:
1. Теңбүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою
2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою
3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою

Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де арнаулы пышақпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
2. Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
3. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
4. Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр.
5. Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма.
6. Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын.
7. Пышақтың жүзін саусағынмен сипама.
8. Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат.
9. Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме.
10. Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма.
11. Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе

Сабақтың тақырыбы: Сергіту сәті
Ағаш ою технологиясы: Оқушыларды екі топқа бөліп қағазға 1 минут ішінде ағашқа түсірілген өрнектер қандай затта кздесетінін жазу керек. Қай топ көп және дұрыс жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді
Сабақтың тақырыбы:

Ұқсас жұмыстар
Контурлі ж е рельефті оюлар
Ағашты сүргілеу тәсілдері
Сүрлем жинайтын комбайн
Балалардың еңбек әрекетін қалай ұйымдастырамыз
Оқушының сабаққа
Ағаш өңдеу. пышақ қойғыш. 9-сынып
Капроннан гүл жасау
Салат құрамы
Марципан дайындаудың суық жəне ыстық тəсілі
Автоматты белдікке күйінен кеудеге күйіне Автоматты кеудеге
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz