Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сағат тілдерін сал
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бертагина Алтынай Амангелдіқызы
Математика
1 сынып
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы:
Уақытты анықтау
Мектеп: ГКС-12
Күні : 20.01
Мұғалімнің есімі: Бертагина А
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар:
1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар;
қатты қағаздан жасалған сағаттық және минуттық тілдер;
интерактивті тақта;әр оқушыға арнап жасалған қозғалып тұратын тілдері бар сағат моделі.
Тірек сөздер
Уақытты анықтау
Сабақтың мақсаты:
Сағат циферблатында уақытты анықтау дағдысын қалыптастыру және сағаттың көмегі арқылы іс- әре кеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт ара лығын өлшеуді (минутпен немесе сағатпен) үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
"Уақыт" ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып отыратынын білдіреді. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөледі.
Кіріспе тапсырма. Сабақ өткен тақырыптарды еске түсіруден басталады. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қойыңыз. Ортаға он екі оқушы шығады. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар таратылады, шеңбер бойымен тұрады.Содан соң ортаға тағы бір оқушы шығады. Ол шеңбердің ортасына тұрады. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілі беріледі. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болады. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуы сұралады. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін толықтыра түсуге жағдай жасалады.
Кино. Тапсырманы топта орындайды. Осындай жұмыс түрін жасау арқылы оқушылар өздерінің пікірлерін айтуға, тыңдауға және достарының пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді.
Ойын қашан басталды? Оқушылар топтасады. Тапсырма оқушыларды сағаттағы уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі. Тапсырманы орындау барысында минуттық тілдің ұзын болатынын, оның минутты көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа болатынын, оның сағатты көрсететінін естерінде сақтап қалады.
Мектептегі сабақтар. Тапсырма ойлау және санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жұппен жасалатын жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың моделін пайдалануына болады. Есептің шарты бойынша іс-әрекеттің басталу және аяқталу уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің қанша уақытқа созылғанын біле алады.
Жауабы:4 сағат.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасып, шешу жолын талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға уақыттың өлшем бірліктері -- минут пен сағаттың арақатынасы туралы білімдерін қолдану қажет болады. Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек. Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет.
Жауабы:
жеңіл мәшине.
Орындап көр. Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар цифер болатын шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет.
Сағаттың моделін ал. Сағаттың минуттық тілін 12-ге қой. Дөңгелек сағатты екі бірдей жарты шеңберге бөлу үшін оның тілдерін қалай жылжыту керек? Сонда сағат қай уақытты көрсетеді?
Жауабы:
6:00.
Үй тапсырмасы. Тапсырма ойлау және ауызша есептеу дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды қосу арқылы дамытады. Бұл сандар іс-әрекеттің басталу уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді. "Атаулы сандар"деген термин қолданылмайды.
oo Суретке қара және сұраққа жауап бер. Диана үй тапсырмасын күндізгі сағат 3-тен бастап орындап, 1 сағат дайындады. Диана үй тапсырмасын сағат нешеде орындап бітірді?
Жауабы:
сағат 4-те.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді. Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің орнына қандай сурет тұратынын табуы тиіс.
Кестедегі сұрақ білгісінің орнында қандай сурет болуы мүмкін?
Жауабы:
08:20-ны көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайталайды. Жаттығуға қабырға сағаты қолданылады. Содан соң оқушылар екі топқа бөлінеді. Топқа бөлу үшін өтілген уақыт өлшем бірліктерінен "минут" және "сағат" қолданылады. Ол үшін оқушылар ортаға шығып, сапқа тұрады. Содан соң кезек-кезек "минут", "сағат" деп айтып шығуы қажет. "Минут" деп айтқан оқушылар бірінші топ, "сағат" деп айтқан оқушылар екінші топ болады. Оларға тапсырманың шарты түсіндіріледі. Екі топтың оқушылары кезекпен шығып, сағаттағы тілдерді (минуттық немесе сағаттық) айтылған уақыт бойынша дұрыс қалыпқа қойып көрсетуі тиіс.
Сағат тілдерін сал. Тапсырма мәтінінде сағаттық және минуттық тілдердің орналасуы турал айтылған. Оқушылар уақытты сағат моделінсіз (немесе суретсіз) тілдердің орналасуы бойынша анықтауы тиіс. Оқушылар бос орынға сандарды тауып қоюы қажет. Тапсырма оқушылардың уақытты сағаттың көмегінсі анықтау дағдысын дамытады. Сағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта. Жауабын жаз. Оқушылар уақытты сағаттілдерінің орналасу сипатына қарап жазуы тиіс.
Жауабы:
сағат 4;
сағат 8;
сағат 9;
сағат 12;
сағат 1;
сағат 7;
сағат 3;
сағат 11;
сағат 6.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді;
іс-әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақтығын анықтауды үйренеді;
сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады:
-- уақытты не үшін өлшейміз?
-- Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады? Олар неден тұрады?
-- Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай?
-- Кейде анаң: "Бір минут күте тұр", -- деп айтады. Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды?
Жұмыс дәптеріндегі "Жетістік баспалдағы" бойынша өзін-өзі бағалайды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz