Күй түрі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Мамандығы: 0108000 «Музыкалық білім беру»

Біліктілігі: 0108013 «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы

музыка пәнінің мұғалімі»

Сабақ тақырыбы:

«Сейтек Оразалиев.

Өмірі мен шығармашылығы»

Пәні «Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »

Тобы: 2, 3 курс КШМ

Оқытушылар: А. А. Батырханова, Қ. Б. Ишанбергенова

«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі музыкалық аспап (домбыра) » пәндерінен кіріктірілген сабақ.

Пәні
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »
Пәні: Тобы
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: 2, 3 курс КШМ
Пәні: Уақыты
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »:
Пәні: Сабақ тақырыбы
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: «Сейтек Оразалиев. Өмірі мен шығармашылығы»
Пәні: А) ақпараттық құзыреттілігі
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: Сейтек Оразалиев туралы мәлімет бере отырып, домбыра аспабындағы күйлер арқылы шығармашылығын талдау, педагогикалық жаңа технологиялар элементтерін пайдалана отырып, ақпаратты толық меңгерту.
Пәні: Б) комуникативтік құзыреттілігі
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: Шығармалары арқылы күйге деген қызығушылықты арттыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өз өңіріміздің күйшілік өнерін құрметтеу, насихаттау, мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Пәні: В) проблеманы шешу құзыреттілігі
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: Күйшілік өнеріне байланысты сұрақ-жауап, жеке жұптық, топтық жұмыс жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, аспапта ойнау мен алған білімдерін еркін баяндауға дағдыландыру.
Пәні: Сабақтың типі
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: Кіріктірілген сабақ
Пәні: Педагогиқалық технологиялар
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »:

«Жылулық » сергіту сәті, «Көңілді гамма» стратегиясы, «Кім жылдам» стратегия блиц-турнир, «Мәтінмен жұмыс INSERT », «Зигзаг» , «Кезбе тілші» (интервью), «Жуан, жіңішке сұрақтар», семантикалық карта, эссе

Power Point бағдарламасы презентациясы арқылы ақпарат беру және алмасу.

Пәні: Сабақтын әдісі
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: пікір алмасу, сөздік, көрнекілік, практикалық
Пәні: Пәнаралық байланыс
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: музыка әдебиеті, негізгі аспап (домбыра), тарих, музыка пәнінің әдістемесі.
Пәні: Оқыту құралдары
«Қазақ музыка әдебиеті», «Негізгі аспап (домбыра) »: Мультимедиялық құралдар, домбыра аспабы, компьютер, бейнематериал, бағалау парағы, портреттер, ноталық материал, фонотекалық материал, иллюстрациялар, постер, маркер, магнит.
Сабақтын барысы
Оқытушының қызметі
Студенттің қызметі
Күтілетін нәтиже
: 1.
Сабақтын барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Оқытушының қызметі:

-студенттерді түгелдеу;

-сабаққа әзірлігін

қадағалау,

-назарларын аудару.

Студенттің қызметі:

Оқу құралдарын әзірлеп сабаққа -дайындалады,

-назарларын оқытушыға аударады

Күтілетін нәтиже:

Оқу құралдарын әзірлеп

-сабаққа дайындалып,

- ойлары жинақталады;

-сабаққа зейін қояды

:

«Жылулық» сергіту сәті.

Сабақтын барысы: - Шеңберге тұрып бір-бірінің алақандарын көршісінің алақанына қойып, бастаушы «Мен саған . . . » деп бастап, келесі адамға жай сын есімді бір зат есімнен тұратын тілек айтып, шеңбер аяғында барлығы «тілеймін» деп аяқтайды.
Оқытушының қызметі:

Әр студент (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жай сын есімді бір зат есімнен тұратын жақсы тілекті шеңбер аяғына дейін айтады.

-Сәтті күн, көтерінкі көңіл, қажымас қайрат, адал дос, шаттық өмір және т. б.

Студенттің қызметі: Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айту арқылы көңілідерінде қуаныш, шаттық пайда болып, сөздік қоры баиды.
:

«Көңілді гамма» стратегия Топтарға бөлу-

Сабақтын барысы:

«Көңілді гамма» стратегия арқылы топтарға бөлу.

-До-Ре-Ітоп;

-Ми-Фа-ІІтоп;

-Соль-Ля-ІІІтоп;

-Си-До-ІҮ топ.

Оқытушының қызметі:

«Көңілді гамма» атты стратегия арқылы дөңгеленіп тұрған студенттер До мажор гаммасын әр қайсысы бір нотадан барлығы орындап 4топқа бөлінеді.

-До-Ре-Ітоп;

-Ми-Фа-ІІтоп;

-Соль-Ля-ІІІтоп;

-Си-До-ІҮ топ.

Студенттің қызметі:

«Көңілді гамма» атты стратегия арқылы 4 топқа

-До-Ре-Ітоп;

-Ми-Фа-ІІтоп;

-Соль-Ля-ІІІтоп;

-Си-До-ІҮ топ.

бөліне алады.

: 2.
Сабақтын барысы:

«Кім жылдам» стратегиясының блиц-турнир.

Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыптарға шолу.

Оқытушының қызметі:

«Кім жылдам» стратегиясының блиц-турнир әр топқа 4сұрақтан қою арқылы студенттердің өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау.

1) . Күйші деген кім?
а) Жыр орындайтын адам.
ә) Күй шығаратын адам.
б) Ән айтатын адам.

2) . Музыкада неше нота бар?
а) . 7 ә) . 5 б) . 8
3) . Төкпе күйшілік мектебі қай жерде қалыптасқан?

а) Арқа, Жетісу

күйшілік дәстүрі

ә) Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі.

б) Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі

4) . Домбыра неше құрлыстан тұрады?
а) . 5 ә) . 3 б) . 2
5) . Х-ХХ ғасырлар арасында өмір сүрген кім?
а) Айгүл Үлкенбаева
ә) Құрманғазы Сағырбаев
б) Нұрғиса Тілендиев

6) . Альтерация белгілеріне қандай белгі жатады?
а) Скрипка ә) Бас б) Бемоль
7) . Домбырада неше перне бар?
а) . 18 ә) . 19 б) . 15

8) . Домбырада кездесетін октава түрлері?

а) Контр октава
ә) 2-ші октава
б) Субконтр октава

9) . Музыкада қандай кілттер болады?
а) Альт ә) Бекар б) Диез
10) . Күйдің қандай түрі болады?
а) секіртпелі, көңілді

ә) төкпе, ауыспалы
б) шертпе, төкпе

11) . «Қорқыт «қандай аспапта ойнайды?
а) Домбыра ә) Қобыз б) Сырнай

12) Құрманғазының шәкірті?

а) Дәулеткерей ә) Қазанқап
б) Дина

13) Күйлерінде әйел адамдар образын бейнелеген күйші?

а) Тәттімбет

ә) Дина

б) Дәулеткерей

14) Ұлы күй-атасының мекені?

а) Бөкей Орда ә) Қаратөбе

б) Ақжайық

15) «Көреғұлы» күйін эстрада түрінде орындайтын топ?

а) Муз АРТ ә) Ұлытау

б) Жігіттер

16) Жамбыл Жабаевпен кездескен күйші?

а) Тәттімбет ә) Дина

б) Дәулеткерей

Студенттің қызметі:

«Кім жылдам» стратегиясының блиц-турнир сұрақ жауап арқылы өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендерін көрсетеді.

1) . Күйші деген кім?
а) Жыр орындайтын адам.
ә) Күй шығаратын адам.
б) Ән айтатын адам.
2) . Музыкада неше нота бар?
а) . 7 ә) . 5 б) . 8
3) . Төкпе күйшілік мектебі қай жерде қалыптасқан?

а) Арқа, Жетісу

күйшілік дәстүрі

ә) Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі.

б) Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі

4) . Домбыра неше құрлыстан тұрады?

а) . 5 ә) . 3 б) . 2
5) . Х-ХХ ғасырлар арасында өмір сүрген кім?
а) Айгүл Үлкенбаева
ә) Құрманғазы Сағырбаев
б) Нұрғиса Тілендиев

6) . Альтерация белгілеріне қандай белгі жатады?
а) Скрипка ә) Бас б) Бемоль
7) . Домбырада неше перне бар?
а) . 18 ә) . 19 б) . 15

8) . Домбырада кездесетін октава түрлері?

а) Контр октава
ә) 2-ші октава
б) Субконтр октава

9) . Музыкада қандай кілттер болады?
а) Альт ә) Бекар б) Диез

10) Күйдің қандай түрі болады ?
а) секіртпелі, көңілді

ә) төкпе, ауыспалы
б) шертпе, төкпе

11) . «Қорқыт «қандай аспапта ойнайды?
а) Домбыра ә) Қобыз б) Сырнай

12) Құрманғазының шәкірті?

а) Дәулеткерей ә) Қазанқап
б) Дина

13) Күйлерінде әйел адамдар образын бейнелеген күйші?

а) Тәттімбет

ә) Дина

б) Дәулеткерей

14) Ұлы күй-атасының мекені?

а) Бөкей Орда ә) Қаратөбе

б) Ақжайық

15) «Көреғұлы» күйін эстрада түрінде орындайтын топ?

а) Муз АРТ ә) Ұлытау

б) Жігіттер

16) Жамбыл Жабаевпен кездескен күйші?

а) Тәттімбет ә) Дина

б) Дәулеткерей

Күтілетін нәтиже: «Кім жылдам» стратегиясының блиц-турнир сұрақ жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіре отырып нақты, жылдам жауап беруге үйренеді.
: 3.
Сабақтын барысы:

Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы.

(Қызығушылық ояту)

Оқытушының қызметі:

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларын қоя отырып, жаңа сабақпен байланыстыру.

1. Өлкеміздің қандай әйгілі күйші композиторларымен таныстық?

2. Аталған ұлы күйші композиторлар күйлері қай өңірдің күйшілік мектебіне жатады?

3. Өлкеміздің төкпе күйшілік мектебіне жататын күйші «Сейтек-перне» деп кімді атайды?

Студенттің қызметі:

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларға жауап бере отырып, жаңа сабақпен байланыстырады.

1. Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы

2. Батыс өңірінің төкпе күйшілік мектебіне жатады.

3. Сейтек Оразалиев

Күтілетін нәтиже:

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларға жауап бере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра алады.

Ұлы күйшілерді еске түсіреді, танымал күйлерін ажырата біледі. Бұрыннан білген білімдерін ойларын жинақтап, ортаға салып, бөліседі.

: 4.
Сабақтын барысы:

Жаңа материал.

Сейтек Оразалиев.

Оқытушының қызметі:

Сейтек Оразалиев туралы бейнеролик көрсете отырып, қысқаша мәлімет беру.

Студенттің қызметі:

Бейнероликті көреді.

Сейтек Оразалиев туралы қысқаша мәлімет алады.

Күтілетін нәтиже: Күйші туралы ақпараттары кеңейеді.
:

(Мағынаны тану) . Жеке, топтық жұмыс.

«Мәтінмен жұмыс-INSERT».

Сабақтын барысы:

4топқа Сейтек Оразалиевтің

өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ақпаратты мәтінмен жекелеп танысу, топта талқыла, кестелерін толтырады.

1. Өмірбаяны (косымша №1)

2. Шығармаларына шолу. (косымша №2)

3. Сейтектің маңызды кездесулері. (косымша №3)

4. Сейтек туралы деректер (косымша №4)

(косымша №5)

Кесте толтыру.

:
:
:
:
Оқытушының қызметі: Ү Бұрыннан білем
Студенттің қызметі: + Мен үшін жаңалық
Күтілетін нәтиже: -Басқаша ойлап едім

? Қызықты

Түсініксіз

Шешім табу керек

Күйшінің өмірбаяны мен шығармаларының шығу тарихымен танысады,

-тақырыпты топпен талқылайды

-күйлер туралы мәлімет алады.

1. Өмірбаяны туралы оқиды.

2. Шығармаларына тоқталып, жалпы мәлімет алады.

3. Сейтектің маңызды кездесулері.

4. Сейтек туралы деректер

Кесте толтырады.

Күйші туралы білімдері тереңдетіледі, маңызды ақпаратты белгілеп сараптай алады, талдау жасай біледі.

Мәтінмен жұмыстана отырып,

дәптерлеріне маңызды ақпараттарды нақтылай алады, күйші шығармаларының шығу тарихтарын біледі, тыңдап, ерекшеліктерін ажырата біледі.

:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі:
Студенттің қызметі:
:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі:
Студенттің қызметі:
:

Топтық жұмыс

«Айналмалы бекет» стратегиясы

Сабақтын барысы: Әр топтан бір студент-баяндаушы келесі топқа ауысып, өз оқыған мәтінін 3минут уақыт аралығында түсіндіріп, үш рет шапалақтағаннан кейін келесі топтарға ауысады. Осы бағытта 3бекетті айналып өз тобына оралып келу.
Оқытушының қызметі: Әр топтан бір студент-баяндаушы келесі топқа ауыса келе, өз оқыған мәтінін 3 бекетке түсіндіреді. Әр топ мүшелері студент-баяндаушы арқылы көршілес бекеттер мәтіндерімен танысып шығады.
Студенттің қызметі: Алған ақпаратпен бөлісе алады, бір-бірін тыңдайды, күйші туралы білімдерін тереңдетеді.
: Топтық жұмыс- постермен жұмыс
Сабақтын барысы: Әр топтан жиналған мәліметтерді ортаға салу, ой-пікірлерімен бөлісу, постер дайындау.
Оқытушының қызметі: Әр топтан жиналған мәліметтерді ортаға салады, ой-пікірлерімен бөліседі, постер дайындап, қорғауға әзірленеді.
Студенттің қызметі: Алған білімдерін жинақтап, іріктей отыра постер арқылы көрсете алады.
:

«Кезбе тілші» (Интервью) стратегиясы.

Постер арқылы-қорғау-

барлығына

Музыкалық материал тыңдау.

Сабақтын барысы:

Әр топ күйшінің өмір-шығармашылығын постер арқылы қорғау.

1. Сейтектің өмірбаянын -телефон арқылы хабарлама түрінде дайындау;

2. Күйшінің шығармалары туралы мәліметтерді телестудия дикторы ретінде жеткізу;

3. Сейтектің маңызды кездесулерін тілші оқиға орнынан ақпарат түрінде көрсету.

4. Сейтек туралы деректерді тілші сұхбат алатын куәгер ретінде баяндайды.

Оқытушының қызметі:

Әр топ күйшінің өмір-шығармашылығын постер арқылы қорғайды.

-шығармаларды зейін қойып тыңдайды.

1. Аудиторияға Сейтектің өмірбаянын телефон арқылы хабарлама түрінде жеткізіп, 2курс студенті «Заман-ай» күйін орындайды.

2. Күйші шығармалары туралы мәліметтерді телестудия дикторы ретінде хабарлап, А. Үлкенбаеваның орындауында «Жантаза» күйін тыңдатады.

3. Сейтектің маңызды кездесулерін тілші оқиға орнынан ақпарат түрінде көрсетіп, күйлер шығу тарихына, ерекшеліктеріне тоқталады, 3курс студенті «Сексен ер» күйін орындайды.

4. Сейтек туралы деректерді тілші сұхбат алатын куәгер ретінде баяндап, «Торы ат» күйін Арман Жүдебаевтің

орындауында бейне ролигін көрсетеді.

Студенттің қызметі: «Кезбе тілші» (Интервью) стратегиясы арқылы, алған білімдерін нақтылайды, өзгеге жеткізе біледі. Күйші өмірі, шығармашылығы туралы ақпараты толығады, күйлерін ажырата біледі.
:
Сабақтын барысы:

Қосымша ақпараттар.

Тақырыпты бекіту:

«Жіңішке жуан сұрақтар»

Оқытушының қызметі:

Қосымша ақпараттар.

Алған білімдерін бекіту мақсатында «Жіңішке жуан сұрақтар» стратегиясы арқылы, бір біріне сұрақтар қояды.

Студенттің қызметі:

Қосымша ақпараттарды зейін қойып тыңдайды.

Сабақта алған білімдерін бекітіп, бір бірінің сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже: «Жіңішке жуан сұрақтар» стратегиясы арқылы білімдерін бекітеді.
: 5.
Сабақтын барысы:

Семантикалық карта

(жазбаша жұмыс)

Оқытушының қызметі:

Семантикалық карта толтыру (қосымша№ 6)

Студенттің қызметі: Алған білімдерін түйіндеп семантикалық карта толтырады
Күтілетін нәтиже: Семантикалық карта толтыру арқылы алған білімдерін жинақтайды.
:

Бағалау.

«Екі жұлдыз» -бір пікір, бір ұсыныс

Өз-өзін бағалау картасы.

Сабақтын барысы:

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағаланады:

«Екі жұлдыз» -бір пікір, бір ұсыныс. Топ басшысы әр топты бағалау, түсінік беру.

Өз-өзін бағалау картасын толтыру.

Оқытушының қызметі:

Мәтінмен таныстырған, сұрақ қойған және жауап берген студенттерді «Екі жұлдыз» стратегия арқылы бір-бірінің жауаптарын талдап әр топ бағаланады.

Өз-өзін бағалау картасын толтырады, өз-өздерін бағалайды.

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Студенттің қызметі: Пікірлер
Күтілетін нәтиже: Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Сабақтан көп мәлімет алып, белсенді қатыстым
Сабақтан алғаным көп емес, орташа белсенділік таныттым
Сабақ қызықтырмады.
«Екі жұлдыз» стратегиясын қолдана топты, өз өздерінің жұмыстарын талдап, бағалай алады.
:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі:
Студенттің қызметі:
:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі:
Студенттің қызметі:
:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі:
Студенттің қызметі:
:
Сабақтын барысы:
Оқытушының қызметі:
Студенттің қызметі:
: 6.
Сабақтын барысы: Үйге тапсырма.
Оқытушының қызметі:

-«Егер мен Сейтек болсам . . . »тақырыбына

Эссе жазып келу;

-орындалған күйлерді қайталау.

Студенттің қызметі:

-күйшінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қосымша мәлімет іздеп, эссе дайындайды;

-күйлерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже: -қойылған міндетті шешу үшін берілген тапсырмаға ізденіп, дайындалады.

(қосымша№ 1)

Сейтек Оразалыұлының өмірі туралы

Ел аузынан атын естіп жүрген, оқыған әдеби кітаптардан жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Сейтек сарыны» деректі баян кітабында және профессор Тымат Мергалиевтің «Жаңа дәуір жыршысы» атты музыкалық зерттеу кітабындағы бас­ты образы Сейтек күйшінің баласының деректері мұрағатта кездескендігі тың ой салды. Сейтек күйші жөнінде ізденіп өмір жолын, музыка әлеміне сіңірген еңбегін білуге деген ынтызарлық туындады. Ол кісіні күйші деуіміздің астары өзі күй шығарды және өзінің де басқаның да туындысын шебер орындаушы.
1991 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының орталығы Сайхында Сейтектің туылғанына 130 жыл толуына орай шара ұйымдастырылды. Қазақстанның Батыс өңірінен, көршілес Ресейден күй дәріптеуші өнерпаздар шақырылып, Сейтек күйлерін және басқа туындыларды орындаушылар сайысы өткізілді. Біздің ауданнан орындаушылық қабілеті жоғары Махамбет Долдашев қатысты. Бекітілген ережеге сай ­Сейтек күйшінің «Сексен ер» деген күйінің орындалуы міндетті шарт болатын. Күйдің музыкалық туынды ретінде өзіндік әуендік, сарындық ерекшеліктерімен қатар аңыздық желісі болатын.

Қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы. Бес жасында әкеден қалып, ағайыны Шошақтың тәрбиесінде болған. Алғаш домбыра тартуды ағасынан үйренген. Ауыл арасында бала домбырашы атанып, сол кездегі Әлікей салауаткерей, Тұрып, мәди сияқты домбырашылардың алдын көреді. Олар арқылы әйгілі Дәулеткерейдің күйлеріне ден қойып, оның күйлеріндегі шеберлік-шалымдарды игереді.
Сейтек Оразалиев 1861 жылы Бөкей Ордасына қарасты Хакки сорының шығыс етегінде белгілі ноғайлы Шамақ байдың тұрақты қонысының шығысында Нарынның Жасқұс құмының қатқыл етегінде орналасқан, төленгіттердің қонысында, қазір «Сейтек қыстауы» атанатын жерде дүниеге келген. Атасы Байшора Жәңгір ханның ордасында қызметшілік атқарған. Мыңғыраған малды болмаса да, бір басына жетерлік дәулеті болған. Оның бізге белгілі ұлы Оразәлі де, әкеден қалған енші мал-мүлікпен қатар, ауылына жақын орналасқан Хан жәрмеңкесінің қызметшісі, кейде сатуға малын әкелген құм қазақтарының малын жайғап, көмек жасап нәпақасын тапқан. Кейіннен Басқұншақтағы тұз көлдегі кәсіпке араласып жалданып, жалақымен күнделікті тұрмысын күйттеген. Оның үш ұлы Шошақ (Сұлтанғали), Сейтек (Сейтқали), Мәнкей (Нұрғали) атты ұлдары ата кәсібін жалғастырған азаматтар. Малды шаруасын және тұзды кәсіп еткен үлкен ағасы мен інісінің ортасында өнерге жақын Сейтек жастайынан серілік құрып, әнші, күйшілер арасынан табылады. Әкесі ертерек өмірден өткенде бүкіл әулеттің жүгі ағасы Шолақтың мойнына түседі.
Сейтектің өр мінезді, өз дегені болмаса көне бермейтін бір беткейлігіне орай ірі денелі, қайраттылығы туа біткен қасиеттің көрінісі болғандай. Анасы Бәтима Сейтекке аяғы ауыр кезінде қасқырдың жүрегіне аусары ауыпты дегенді айтады. Оның қаншалықты шындыққа жанасатынын ашып айта алмаспыз. Жалпы нағашы жұрты Ысықтар екені анық сияқты.
Өнерге құштар жас, елгезек аң­ғарымпаз болып өседі. Қазақи салт дәстүрде той-топыр жиындар жиі болып тұрады. Бір ауылдың қызығы сол маңдағы қанаттас отырғандардың ортақ мерекесіндей өтеді. Алыс-жақыннан келетін домбырашы, әнші мен жыршылардың шеберліктеріне тәнті болып таңдай қағысқандардың арасындағы бала Сейтек тамашалаумен қатар сиқырлы әуенді көңіліне қондырып іштей қайталап отыратын. Үйіне келгенде оңашаланып құлаққа қонған сазды қос ішекте қайталап ойнатуға машықтанды.
Інісінің домбыраға әуестігін байқаған ағасы Сұлтанғали өзінің білетін өнерін үйретті. Үлкендік қамқорлығын жасап, алғашқы ұстазы болды. Ауылдағы Әлікей, Салауат, Тұрып, Мақар сынды білікті домбырашылардан дәріс алуына жағдай жасады. Олар арқылы Дәулеткерей күйлерінің шеберлік танымдарын игерді.
10 жасқа келгенде «Күйші бала» атанып, халық алдында есімі шықты. Сейтектің жағымды, келістігі жағынан ел арасына тараған әңгіме нағашыларының құлағына тиеді. Әжептәуір дәулеті бар, ортасында беделді, ашып айтар билік иесі нағашы атасы Дәулетияр, «Жиеннің жақсылығы нағашыдан» дегендей сырттай марқайып риза болып жүреді. «Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей талабы алдындағы жасөспірімді көнекөз Қариялар мен танымал өнерпаздарды жинап, жиенін сынату ниетімен әдейі шақырып, тиісті құрметін жасайды. Жиналғандар қонақасыға риза болып, маңдайлары тершіп, қолдарының майын саптама етікке сүртіп, арасында қамшыларын майлаған, тістерін шұқып, іргеге сүйенісіп отырысқан сәтте нағашысы: «Жиенім елдігіңді көрсет, қонақ қаде бер, мына отырған жақсылардың өзіңе көрсеткен ауылдың алтыауызының қарымтасын қайтаршы» деп алдын ала әдейі даярлаған домбыраны ығыстырып қолына ұстатты.
Жиналғандар көп нәрседен хабары бар дала сарапшылары, балаға жақсы бағаларын жамыраса беріп, ризашылықтарын білдіреді. Олардың пікірлері бір арнаға тоғысады.
Асығып аптықпайды, Құрман­ғазының дауылды, жүрдек күйлеріне құлқы шамалы. Дәулеткерейдің сезімге толы үзіліп, талықсыған лирикаларына да көп бара бермейді. Бірақ төкпе күйдің табиғатынан ауытқымай, оған өз өрнегін енгізуге тырысқан көңіл күй әуендері баршылық және әр шығарманы орындағанда белгілі бір ойды түйіп-түйіп тастағанды ұнатады. Бірақ одан туынды тұтастығы үзілмейді, қайта сабақтасып, қайрымдағы негізгі тақырыпты мезгіл-мезгіл ойға оралтады, буын араларын үзбестен жалғап отыратындығын бағалайды.
Теңіз маңы округіндегі нағашылар ауыл арасы шалғайлау болса да, Сақмадағы ұлы күйші Құрманғазыға Сейтекті бата алу үшін апарады.
Бұл жөнінде Тымат Мерғалиев «Жаңа дәуір жыршысы» кітабында «Осы кездесуде Құрманғазы күй тартудың небір ғажайып үлгілерін көрсетіп, әр шығарманың характеріне қарай орындау ерекшеліктерін Сейтекке уақыттың тығыздығына қарамай үйретуге тырысып бағады. Сол жолы Сейтек Құрманғазының «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Қызыл қайың» сияқты күйлерін оның өзінен үйренеді» деп жазған.


Ұқсас жұмыстар
Күй тартыстың мәні
Т. ахтанов "күй аңызы"
Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Қорқыт. 1 сынып
Автомобильдердің жай - күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Естемес мәтін басында
Тахауи ахтанов "күй аңызы". 8 сынып
Құрманғазы
Тілшілер тобы
Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz