Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жылу машиналарында

8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §27. Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру.
2. Оқушылардың ғылыми дүиетанымын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Сабақ әдісі: баяндау.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Тоңазыту қондырғылары дегеніміз не?
2. Тоңазыту құрылғыларының құрылысы және жұмыс істеу принциптері қандай?
3. Тоңазыту құрылғылары қалай пайдаланылады?
4. Жылу двигательдерінің ПӘК-і дегеніміз не?
5. Жылу двигательдерінің ПӘК-н төмен болуы себебі неде?
6. Жылу машиналарын энергетика мен көлікке кеңінен пайдаланудың айналадағы орта үшін қандай кері салдары бар?
7. Жылу машиналарының жұмысы кезінде атмосфераның қызуы несімен қауіпті?
8. Жылу машиналары ауаға қандай зиянды заттарды таратады?
9. Қышқыл жауын деген не және ол табиғатқа қалай ықпал етеді?
ІІІ. Жаңа сабақ. Шолпан
oo Күннен қашықтығы 108 млн. шақырым.
oo Жерден сәл кіші.
oo Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.
oo Беткі температурасы 5000С
Марс
oo Диаметрі Жерден екі есе кіші.
oo Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.
oo Екі серігі бар: Фобос және Деймос.
oo Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С

Айдың физикалық параметрлері:
* Айдың диаметрі -3200 000 м
* Айдың массасы - 5ּ1022 кг.
* Жер мен Айдың қашықтығы -380000 км.
* Температурасы: күндіз +1300С, түнде -1700С
Ай. Ай - Жердің жалғыз серігі болып табылады.Айдың үстіңгі беті қатты шар тәрізді суық дене.Айға бірінші болып табан тіреген 1969 жылы Н.Армстронг пен Э.Олдрин американдық ғарышкерлер болатын.Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі1,63 Н/кг.
Жаңа сабақты бекіту.Тест
І нұсқа.
1. Жүйенің көлемі мен температурасы өзгеріп, қысымы тұрақты болатын термодинамикалық процесс
А. Изотермалық
В. Изохоралық
С. Иобаралық
D. Ииабаталық
Е. Изопроцесс.
2. Марста заттар қандай күйде болады?
А. Қатты, сұйық, газ тәрізді
В. Қатты және сұйық
С. Қатты және газтәрізді
D. Сұйық және газ тәрізді
Е. Қатты.
3. Жылу қозғалтқышының ПӘК-н есептейтін формула:
А.
В.
С.
D.
Е.
4. Жылу машиналарында
А. Отынның ішкі энергиясы механикалық энергияға айналады
В. Отынның ішкі энергиясы электр энергиясына айналады
С. Отынның ішкі энериясы жарық энергиясына айналады
D. Жылу энергиясы механикалық энергияға айналады
Е. Жылулық энергия механикалық және электр энергиясына айналады.
5. Төменде келтірілген құрылғылардың қайсысы жылу қозғалтқышына жатпайды?
А.Іштен жану қозғалтқышы
В. Дизель
С. Газ турбинасы
D. Карбюратор
Е. Реактивті қозғалтқыш
6. Серіктері бар жер тобындағы ғаламшарлар:
А. Меркурий, Жер
В. Шолпан, Марс
С. Жер, Шолпан
D. Марс, Меркурий
Е. Жер, Марс.
7. Автомобиль қозғалтқышындағы жұмыстық дене
А. Отын жанғанда түзілетін газдар
В.Бензин
С. Ауа
D. Поршень
Е. Цилиндр.
8.Газға 5 кДж жылу мөлшері берілді. Бұл кезде газ 2 кДж-ға тең жұмыс жасады. Газдың ішкі энергиясының өзгеруі
А. 5 кДж-ға артты
В. 2кДж-ға артты
С. 3 кДж-ға артты
Д. 2 кДж-ға кеміді.
Е. 3кДж-ға кеміді.
9. Идеал жылу машинасының қыздырғышының температурасы 455 машинаның ПӘК-і 40%. Суытқыштың температурасын анықтаңдар.
А. 546 К
В. 273 К
С. 182 К
D. 1820К
Е.. 2730К.
10. Жылу машинасы бір цикл ішінде қыздырғыштан 10 Дж жылу мөлшерін алады да, суытқышқа 4 Дж жылу мөлшерін береді. Машинаның ПӘК-і
А. 87%
В. 40 %
С. 60 %
Д. 37,5 %
Е. 25 %

ІІ нұсқа.
1. Алып ғаламшарға жатпайтындар ғаламшарлар
А. Юпитер
В. Сатурн
С. Марс
D. Уран
Е.Нептун
2. Жүйенің қысымы мен температурасы өзгеріп, көлемі тұрақты болатын термодинамикалық процесс
А. Изотермалық
В. Изохоралық
С. Изобаралық
D. Адиабаталық
Е. Изопроцесс.

3. Тұрақты температурада газдың қысымын 4есе арттыру үшін, оның көлемін
А. 4 есе арттыру керек
В. 2 есе кеміту керек
С. 2 есе арттыру керек
Д. Өзгеріссіз қалдыру керек
Е. 4 есе кеміту керек.
4. Газ 300 Дж жылу мөлшерін алды. Оның ішкі энергиясы 200 Дж-ға өзгерді. Газдың атқарған жұмысы
А. 0 Дж
В. 200 Дж
С. 100 Дж
Д.300 Дж
Е. 500 Дж.
5. Жыл мезгілдері қандай планеталарда болады?
А. Меркуриий мен Жерде
В. Шолпан мен Жерде
С. Марс пен Жерде
Д. Шолпан, Марс және Жерде
Е. Барлық планеталарда.
6. <<Екінші ретті <<мәңгі>> қозғалтқыш жасау мүмкін емес. Бұл қандай тұжырым?
А. Термодинамиканың бірінші заңы
В. Термодинамиканың екінші заңы
С. Энергияның сақталу заңы
Д. Энергияның сақтаулы және айналу заңы
Е. Бұл тұжырым дұрыс емес.
7. Іштен жану двигателінде жұмысы қандай тактіде жасалады?
А. Сору
В. Сығу
С. Жұмыстық жүріс
Д. Шығару
Е. Сығу және жұмыстық жүріс.
8. Термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегі
А.
В.
С.
Д.
Е.
9. Қыздырғыштың температурасы 4270С, суытқыштың температурасы 270С. Жылу машинасының ПӘК-н анықтаңдар.
А. 70 %
В. 43 %
С. 94 %
Д. 6 %
Е. 57 %.
10. Идеал жылу мшинасының қыздырғышының температурасы 455 К, машинаның ПӘК-і 40%. Суытқыштың температурасын анықтаңдар.
А. 546 К
В. 273 К
С. 182 К
Д. 1820 К
Е. 2730 К.

IV. Пысықтау.
* Жер шарының қандай қабықшалары бар?
* Қандай жағдайда планетада гидросфера болуы мүмкін?
* Ай беті қандай затпен жабылған? Оның қасиеттері қандай?
* Ай бетінің құрамын қалай анықтайды?
* Ай кратерлері қалай түзіледі?
* Неліктен Марста температураның тәуліктік ауытқулары Жерге қарағанда күрт өзгереді?
* Шолпандағы <<жылыжай эффектісінің>> мәні қандай?
V. Үйге тапсырма: : §27. Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар.
VІ. Бағалау. Қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Улы газдар
Кен комбайн
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Жапсырма қалтаны дайындау
Жүріс дөңгелектері
Бедерлі тігістері бар белдемшені тігу Белдемшені пішу, көктеу және бірінші өлшемнене өткізу
Суару машиналарын қолдану бойынша техникалық қауіпсіздік талаптары мынадай
Қалта астарын өңдеу
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Пәндер