Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың тақырыбы. Сабақтың міндеті

Бекітемін:
Пәні: Химия
Класы: 10
Күні: 3.12.16
Сабақтың тақырыбы: № 2 Сандық есептер Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер және реакцияның жылу эффектісін есептеу
Сабақтың міндеті:
1.Реакцияның жылу эффектісімен таныстырып,оқушылардың байқағыштығын дамыта отырып, қорытынды жасай білуді жалғастыру мақсатында оқулықпен жұмыс істеуге көңіл бөлу.Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру
2.Жаңа ұғым <<термохимиялық теңдеу>> туралы мағлұмат беріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.
3.Табиғаттағы заттардың алуан түрлілігін ажырата және салыстыра білу, техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: тақырыптық слайд, ұшақтар, периодтық кесте
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау (Ассоциация әдісі)
III. Галереяны шарлау
IV. Рефлексия
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы

I.Ұйымдастыру
Амандасу
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Психологиялық тренинг
<<Сиқырлы қобдиша>>
Қазір сіздер қобдишаны бір-біріңнің қолына бересіңдер. Қобдишаны алған адам оның ішін ашып қарайды. Оның ішінен мүлдем қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз қажет. Барлық оқушылар сандықшаға қарап болған соң, мен сіздерге сұрақ қоямын:
oo Қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
oo Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?

Топқа бөліну(берілген реакция теңдеулері қай реакция типіне жатады)
Айырылу реакциясы және қосылу реакциясы

II. Үй тапсырмасын сұрау (Ассоциация әдісі)

Өршіткінің қатысы және бағыты бойынша
Реагенттер, құрамы мен саны бойынша

III. Галереяны шарлау әдісімен есептер шығару

№ 11, 99 бет
2 Al+Fe2O3 = Al2O3+2Fe +848 кДж термохимиялық теңдеуі бойынша реакцияға, а) 10,8 г алюминий ә) 0, 2 моль темір оксиді қатысқанда қанша жылу бөлінеді?
№ 13, 99 бет
2 H2O= 2H2+O2-571 кДж термохимиялық теңдеу бойынша 2,24 л сутек (қ.ж.) түзілгенде жұтылатын жылу мөлшері?
3)Массасы 4г күкіртті жаққанда 37,1кДж жылу бөлінді. Күкірт (ІҮ) оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңдар.

Сергіту сәті. Пингвиндер
Пингвиндер топпен өмір сүреді, жорыққа шығады, қыстың суығында қорғану үшін үлкен бір топқа шоғырланып алады. Әрине, мұндайда ортасы жылырақ, шеттері салқындау, сондықтан пигвиндер аман қалуға тырысады. Сонда олар не істейді? Қазір сіздер пигвин боласыздар, мақсаттарыңыз тоңып қалмай, аяздан аман қалу. <<Баста>> деген команда берілгенде барлығыңыз аудиторияда кезіп жүресіздер, <<Боран>> деген сигнал келгенде ортаға жинала қоясыздар.

4) Mg-->MgO--> Mg(OH)2--> MgCl2
5)Массасы 272г мырыш хлориді неше моль болады?
6) Химиялық реакцияны теңестіріңдер
Mg+O2 = MgO
Al+Cl2 = AlCl3
NaOH+H2SO4= Na2SO4+
Zn+HCl=
7) Массасы 96 г оттегінің көлемін тап?
8) Құрамында 82% - азот және 18% сутегі бар белгісіз зат формуласы

IV. Рефлексия
Ұшақ арқылы жедел хат жазамыз.

V. Бағалау
Екі жұлдыз, бір тілек

VI. Үй тапсырмасы
№ 12

Ұқсас жұмыстар
Есептер шығару сабағы
Ішкі бөкей ордасы
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Ауыр доппен жаттығулар
Айналу денелерінің көлемдері
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы. Сабақтың барысында оқушылардың ой – өрісін кеңейту, есеп шығару қабілетін дамыту
Тармақталу командасы
Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы
Материалдық мәдениет
Испанияның бірігуі
Пәндер