3-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты: Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өмірі, қызметі және патриоттық тәрбие

Казгородок орта мектебі

Тақырыбы: « Біздің тұңғыш Президент»

Ашық тәрбие сағаты

3 сынып

Өткізген: Каженова С. Л.

Мұғалім: Каженова Сания Леонидовна

Сынып: 3

Тақырыбы: Біздің тұңғыш Президент .

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, еңбектерімен таныстыра отырып қызығушылықтарын ояту;

Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Ұйымдастыру кезеңі.

Әнұран айту.

Психологиялық ахуал:

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы -жылы жүзбенен,

Маңдайынан сыйпайын.

Жылы -жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір қысайын.

Сабақтың барысы:

Сабақтың тақырыбын ашу.

1. п
а
р
т
а
1. п: 2. д
а: о
р: м
т: б
а: ы
р
а
1. п: 3. е
а: с
р: і
т: к
а:
1. п: 4. қ
а: а
р: з
т: а
а: қ
1. п: 5. и
а: т
р:
т:
а:
1. п: 6. д
а: о
р:
т:
а:
1. п: 7. т
а: ә
р: у
т: е
а: л
с
1. п: 8. а
а: н
р: а
т:
а:
1. п: 9. т
а: а
р: қ
т: т
а: а
  1. Үстінде есігі,

Өзі орындық, әрі үстел,

Оқушылар бесігі. (парта)

  1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
  2. Ашылып, жабылады,

Әр үйден табылады. (есік)

  1. Біздің ұлтымыз. (қазақ)
  2. Сенің сенімді досың. (ит)
  3. Бірінші нота. (до)
  4. Біз қандай елміз?(тәуелсіз)
  5. Асыл жан. (ана)
  6. Ілулі тұр кең алаң, Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп. Сүртем сосын өшіріп. (тақта)

  • Ия дұрыс таптыңдар.
  • Президент сөзінің мағынасын кім біледі екен кәне?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

  • президент [лат. praesidens (praesidentis), алдыңғы қатарда отырған] - 1) республикалық басқару жүйесінде ел басы.
  • Президент белгіленген уақытқа сайланатын ел басы.
  • Ал ҚР президенті кім?
  • Жақсы.
  • Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш

елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен таныстыру.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. ( 1960-1969ж) Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, ( 1973-1977ж ) Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. (1977 1979ж)

Президенттің үш қызы бар:

* Дариға - саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлер Кеңесінің Төрайымы;

* Динара - Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;

* Әлия - бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады

Топтастыру:

Сүйікті әке

металлург

Тұңғыш президент

сүйікті жар академик

жазушы елінің патриоты

профессор

Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Оқушылар өлеңдерін оқиды:

Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

(Балалар Отан туралы тақпақтарын оқиды)

Президент, Қазақстан туралы слайдқа шолу жасау.

Ой бөлістім халқыммен.


Ұқсас жұмыстар
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы
Тәрбие сағаты: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі және патриоттық тәрбие
Тәрбие сағаты: Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы және патриоттық тәрбие
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: өмірі, қызметі және көшбасшылығы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: өмірі, қызметі және Қазақстандағы рөлі
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі: тәрбие сағаты
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі: патриоттық тәрбие сағаты
1 желтоқсан - Президент күні: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі, қызметі және патриоттық тәрбиесі
Ашық тәрбие сағаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ел тірегі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: өмірі, қызметі және Қазақстан тарихындағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz