Отбасылық тәрбие арқылы есірткіге қарсы алдын алу

«Біздің отбасы-есірткеден алыс»

Адамзат тарихындағы, соның ішінде жиырма бірінші ғасырдың тажалына айналған ең ауыр індет-есірткі десек, артық айтқандық емес. Есірткі . . . Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның дәмін татқанға дейінгі өмірің ешқашан қайта оралмайды. Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасыңның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір-ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айырыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине өзіңе-өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек? Әрине, жоқ. Ал екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңды көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Өз тағдырың ө қолыңда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Оны жақсы етіп өткізу сенің қолыңнан келеді. Осы өмірге деніміз сау болып келгеніне Аллаға шүкіршілік қылайық.

Бар әлемді жайлап алған нашақорлық жойылсын,

Алдымызға мақсат болып тек жақсылық қойылсын.

Қазақстан бар әлемге жан-жағымен танылып,

Қасиетті «Алаш елі» тоқшылыққа бой ұрсын.

№ 274 мектеп Байдрахманова Г.


Ұқсас жұмыстар
Есірткіге құмарлық: себептері, салдары және алдын алу (9-11 сыныптарға арналған сабақ)
Біз - болашақ ұрпақ: есірткіге қарсы мектептік үгіт бригадасының 5 минуттық сценарийі
Мен өмірді қалаймын: есірткіге қарсы жастар тәрбиесі мен салауатты өмір салты
Темекі, арақ пен есірткіге қарсы: салауатты өмір салтына баулу сабағы
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі: алдын алу және тәрбие
Буллингтің алдын алу және сыныптық қауіпсіздік бойынша тәрбие сағаты
Зиянды заттардың зардабы: темекі, ішімдік және есірткіге қарсы профилактикалық сабақ
Баланың тырнақ кеміруінің психологиялық себептері мен отбасылық алдын алу шаралары
Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған мектептік тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz