Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіздіктің шыңы

Гулмира Тулепова Набидоллаевна
Жаңақала ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі,
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жаңақала ауданы
Батыс Қазақстан облысы
1б сыныбы

<< Тәуелсіз елдің ертеңгі ұрпақтары>>

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету,
желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі тәрбие сағатымызға 1991 жылы туған, яғни Тәуелсіздіктің құрдастарын шақырылды. Олар менің алғашқы еңбек жолымды бастағанда сабақ берген шәкірттерім! Сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының куәгері, мектебіміздің алғашқа әскери дайындық тобының мұғалімі Батыр Болатұлы арнайы шақырылды. Сіз де қош келдіңіз!
1 Іңкәр
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
1986 жылы Тәуелсіздік үшін құрбан болған батыр Қ.Рысқұлбековтың сөзі:.
Қайрат - Мансур
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл
ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .
. Желтоқсан оқиғасының ызғары туралы БатырБолатұлының әңгімесі.
9-оқушы Әлия
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
.

11-оқушы Мадина
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Тәуелсіздіктің шыңы
Мұғалім:
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада - Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5.1997ж. 10-қазанда <<Қазақстан -2030>>. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

13.2006ж. <<Қазақ елі>> монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар - ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Хормен ;Егемен Қазақстан

Тәуелсіздік құрдасы болған, шәкірттерім Сіздерге қалай сезіледі?

oo Тәуелсіздік құрдастарыныі ой-пікірлері.

12-оқушы Ранида
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
.
14-оқушы Омар
16-желтоқсан
Тәуелсіздік
алған күн,
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында
қалған күн.
Жасай берсін
ұлы күн,
Үміті боп елінің.
15-оқушы
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
. 17-оқушы
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
18-оқушы Ақтілек
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Фариза
Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы
Отан деген отбасынан басталар
Отбасыма от салмасын басқалар
Отан деген қасиетті, киелі
Отан десем оянады асқақ ар! (14 слайд)
Ақан
Қазақстан - Тәуелсіздік бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі
Елдің көшін өрге бастап барады
Нұрағаңмен егіз болар есімі (15 слайд)
Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы
Жанел
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны! (16 слайд)
Тігілген соң Ақ Орда - шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа
Кәусарыңа шөліңді қандырамын (17 слайд)
Айнат
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! (18 слайд)
Барлығы бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Әлішер
Желтоқсан тарихымда әйгілі күн
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып
Еншілер қайтарған бәйгелі күн
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! - деп <<Тәуелсіздік-таң нұры>> атты әдеби-сазды еске алу кешін көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Құттықтау сөз.
Тәуелсіздік - тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап
Хор <<Көк тудың желбірегені>> Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан ызғары
Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
Отан анам-Отаным
"Ақын жерлесіміз несіпбек айтұлы"
Тәуелсіздіктің таңғажайып ескерткіші - астана
Тәуелсіздіктің нұрлы таңы
Зұлқарнай кім
МҰҒАЛІМ КІРІСПЕ
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Жаңалық анықтамалығы
Пәндер