Екі амалды өрнектер

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бертагина А. А.
1-сынып. Математика пәні
екі амалдан тұратын, жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды;
қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады;
“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Әртүрлі арифметикалық амалмен берілген өрнектің мәнін есептеу үшін амалдың ретін сақтау қажет, яғни солдан оңға қарай бірізділікпен орындау керек. Бірінші амалда бірінші мен екінші санның айырмасы мен қосындысын табамыз. Екінші амалда үшінші сан мен бірінші амал нәтижесін қосып орындаймыз.
Қосу мен азайтуға берілген жақшасыз өрнектің мәнін табу үшін амалдың ретін сақтап, солдан оңға қарай тізбектеп орындау қажет.
1 2 1 2
4 + 7 + 8 = 19 20 - 15 + 2 = 7
1) 4 + 7 = 11 1) 20 - 15 = 5
2) 11 + 8 = 19 2) 5 + 2 = 7
Автобус жолаушылары.
Автобусқа алдымен 3 жолаушы, содан кейін тағы 4 жолаушы кірді. Егер алғашында жолаушы саны 9 болса, енді автобуста неше жолаушы болады? Екі амалды өрнек құрастырып, оның мәнін тап.
Оқушыларға мына сұрақтар қойылады:
- Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?
- Автобус қайда тоқтады?
- Аялдамада не болады?
- Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?
Оқушылар аялдамадағы жолаушылардың ауысымынан кейін автобустағы жолаушылардың санын көрсететін өрнекті құрады. Тапсырманың дұрыс орындалуы тексеріледі және мына сұрақтар қойылады:
- Осы өрнек неше амалдан тұрады?
- Қандай амалды бірінші орындадыңдар?
- Қайсысын екінші орындадыңдар?
Қосуға берілген екі амалды өрнектегі амал реті бірізділікпен солдан оңға қарай орындалуы тиіс деген қорытынды жасайды. Алынған нәтижені салыстырады.
Жауабы: 16 жолаушы.
Шығарып көр
Мысалдарды шеш. Жауаптарын өсу ретімен орналастыр. Жауаптарына сәйкес келетін әріптермен сөз құрастыр. Қандай сөз шықты?
10 + 0 + 6 = ? Т 40 - 30 + 3 = ? Ң
20 - 1 - 10 = ? Қ
100 - 80 - 1 = ? А 40 + 0 - 20 = ? Р
19 - 8 + 0 = ? А
Сиқырлы қар қиыршығы.
20 - 3 = ?
Оқушылар ойынды жұптасып ойланады. Олар нүктелі текшені кезекпен лақтырады. Текшенің жоғарғы жағына түскен нүктелер санын қар қиыршығына жазып, шыққан мысалды жазуды ұсынады. Текшені лақтыра отырып оқушылар мысалдар жазып, мынадай қорытындыға келеді: алған мысалдарының алтыдан артық болмайтынын, себебі текшенің барлығында алты жағы барын және қар қиыршықтарының орнында 1, 2, 3, 4, 5 немесе 6 тұруы тиістігін айтылады.
Жауабы:
20 - 1 - 3 = 16
20 - 2 - 3 = 15
20 - 3 - 3 = 14
20 - 4 - 3 = 13
20 - 5 - 3 = 12
20 - 6 - 3 = 11
Шығарып көр. Оқушылар мысалдарды шешіп, жауаптарын өсу ретімен қойып, сәйкес келетін әріптерден сөздер құрастыру керек. Олар берілген тапсырманы жұппен орындайды. Олар рөлдерін өз бетінше бөледі. Біреуі барлық мысалдарды шешеді, екіншісі тексереді немесе біреуі мысалдардың бір бөлігін, ал екіншісі қалған бөлігін шығарады. Оқушыларға барлық мысалдардың жауаптарын ламинатталған беттерге жазу және барлық жауапты сәйкес реттілікпен орналастырып, нәтижесінде алынған сөзді көрсету қажеттігін түсіндіреді. Оларға өз жауаптары жазылған беттерді тақтаға жабыстырып, өзара тексеру жұмысын жүргізу сұралады.
Жауабы:
9, 11, 13, 16, 19, 20.
Қаңтар
Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Зерттеу нәтижесінде олар екі амалмен берілген санды өрнектегі қосудың мәні амалдарды орындау ретіне байланысты еместігін түсінеді. Ал егер екі амалдың ең болмағанда біреуі азайту ама лы болса, онда амалдардың орындалу реті маңызды болып саналады. Бұл айдарда берілген тапсырма ны орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Себебі мұндай қорытындыға келу үшін талдау жасап, өз болжамын айтуы және оның ақиқат екенін тексеруі қажет. Топ пікірін ортаға салу үшін әр топтың бір мүшесі шығып, топтың пікірін айтады.
Орындап көр
- Зерттеу жүргіз. Оны мына ретпен орында:
- 1. 40 + 30 + 10 мысалын амалдардың
орындалу ретін сақтап шығар. Сенде қандай
жауап шықты? Содан кейін осы мысалды
амалдардың орындалу ретін сақтамай шығарып көр. Енді қандай жауап шықты? Жауаптар бірдей ме? Неліктен?
- 2. 40 - 30 + 10 мысалын амалдардың
орындалу ретін сақтап шығар. Сенде қандай жауап шықты? Содан кейін осы мысалды амалдардың орындалу ретін сақтамай шығарып көр. Енді қандай жауап шықты? Жауаптар бірдей ме? Неліктен?
- 3. Қорытынды жаса.
Бос шаршыларды толтыр. Тапсырмада екі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz