Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Интеграциялық сабақ - пәнаралық байланысты жетілдіру

Интеграциялық сабақ-пәнаралық байланысты жетілдіру.
Абдуллина Н.Қ
(Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебі)

ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Мектептегі білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтарымен толықтырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының білім беру саясаты - барлық адамзаттардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлықтың болуы, білім берудің гуманистік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттарына негізделген. Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды. Елбасы <<Қазақстан - 2050>> Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты>> Жолдауында: <<Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды>>, - деген болатын. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек- сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады. Бүгінгі күнде ең алдымен, балаға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет. Осыған байланысты қазірде алдымызда тұрған міндет балаға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру әр ұстаздың педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана білім ордаларымыз бала үшін рухани ошағына, жетпес қазынасына айналатыны сөзсіз Жоғарыда айтылғандарды негізгі ала отырып интеграцияға ерекше мән беруді жөн көрдім. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда балалардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту міндеті күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Осыған орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырынан зерттелуде. Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әр түрлі негізде жасауға Н.В. Малахов, И.А. Лошкарева, В.Н. Максимова, тағы басқалар зор үлес қосты. Қазақстандық педагогика да жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Набиева, А.Ерімбетова, А.А.Әбдиева тағы басқалар сипаттады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін, яғни жаңашыл мазмұндағы сабақтар өткізу болып табылады.Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.Осы орайда мұғалімнің негізгі ұстанатын мақсаты - білім берудің жаңа үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен іскерлік дағдыларын меңгерту үшін оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білуі қажет.
Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды.

Ұқсас жұмыстар
Бауырсақтың тапсырмасы
Информатика пәнін оқыту
Тіл дамыту
Құстар – біздің қаннаты достарымыз. 2 сынып
Бүтін тип
Географиялық орны
Ы.алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері
Мәңгі жасар өмір
Функция графигі парабола
Туынды функцияны
Пәндер