Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дәулет Мықтыбаевтың күйлерімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген - Дәулет Мықтыбаев
Сабақтың мақсаты:
Күйші Дәулет Мықтыбаев туралы мағлұмат беру
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Дәулет Мықтыбаевтың күйлерімен таныстыру; 2.Дамыту: Күй тыңдау қабілеттерін дамыту; 3. Тәрбиелік:Қобыз аспабының құрылысымен таныстыру;
Оқытылу әдісі: түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспалар, күйші суреті, музыкалық аспап қобыз
Пәнаралық байланыс: әдебиет пәні
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі - Оқушылармен амандасу - <<Әуіппай>> күйін тыңдау
II. - Сабаққа зейіндерін аудару
III. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
IІІ. Жаңа тақырып -түсіндіру
- Дәулет Мықтыбаев (1905-1976 жж.) Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында ән - күйді сүйіп тыңдайтын Әупік бидің отбасында дүниеге келеді. Әупік сол өңірдің ауқатты, білімді, ел арасында беделі бар, сыйлы адамы болған. 1930 - шы жылдары мәдени ошақтар құрыла бастағанда Дәулет Мықтыбаев әнші Қосымжан Бабақов, Қали Байжанов сынды қазақ өнерінің жұлдыздарымен бірге Қарағанды радио комитетіне әртістік қызметке орналасады. Осыдан бастап Дәулет кәсіби сахнада өнер көрсете бастайды. 1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слетіне домбырашылар Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов, қобызшы Ж. Қаламбаевтармен бірге Д. Мықтыбаев та қатысып, жүлдегер атанады. Ол осыдан бастап қазақ мемлекеттік филармониясына жеке қобызшы - орындаушы болып жұмысқа орналасып, Қазақстанның түпкір - түпкіріндегі елді мекендерді аралап, көптеген концерттер береді. 1968 жылдары Дәулет Мықтыбаев ғалым, профессор Болат Сарыбаевпен бірігіп қобыз өнерін сүйетін жастарға дәріс береді.Ол консерваторияда Қорқыт, Ықылас күйлерінің ойналу тәсілі мен ерекшеліктерін жас музыканттарға үйретіп, бойындағы бар өнерін жастарға мирас етті.Қазақ өнерінің бастауында үркердей аз ғана топ ішінен айрықша табиғи талант-дарынымен жарқырап көрінгендердің бірі қобызшы - Дәулет Мықтыбаев. Ықыластың ең дарынды шәкіртінің бірі Тоқтамысұлы Әбікей қартайған шағында бойындағы ұлы мұра ұмыт болмас үшін қатты алаңдап, аяқ жетер төңіректен қобыз қадірін білетін өкше басар жас ұрпақ іздеген екен. Ол іздеген Қорғалжын жағасын жайлап отырған Әупіктің ауылынан табылады. Әупік - қазақтың әйгілі қобызшысы Д. Мықтыбаевтың әкесі- өнерге жақын және өзі от басында да қобыз тартқан адам. Д. Мықтыбаев тоғыз жасқа келгенде қобызға қатты құмарланып жүргенін әкесі байқап, тәлім - тәрбие алсын деп, Ықыластың Түсіпбек деген баласына жібереді. Дәулет Түсіпбектің қолына келгенде Ықылас әлі тірі. Бірақ қолынан күші қайтып, қобыз шылмайды екен. Талай жыл жан серігі болған қара қобызын Ықылас: <<Ашаршылықта ас болған, жаяушылықта ат болған аспабым еді>>-деп маңдайына басып, өзінің Әбікей деген ең дарынды шәкіртіне тапсырған екен>>- деп жазады И. Жақанов. 1934 жылы Алматыда өткен бүкілқазақстандық өнерпаздар слёты жүргізілді. Сол слётке майталман домбырашылар: Л. Мұхитов, Қ. Жантілеуов, У. Қабиғожин, қобызшылар Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев та қатысып, жүлдегер атанады. Сол жылдан бастап Алматы мемлекеттік филармониясында жеке қобызда орындаушы ретінде жұмысқа қабылданды.Қазақ радиосы қорына Д. Мықтыбаев Ықыластың көп күйлерін ; <<Ерден>>, <<Қазан>>, <<Қамбар батыр>>, <<Жолаушының қоңыр жолы>>, <<Кертолғау>>, <<Айрауықтың ащы күйі>>, <<Шыңырау>>, Әбікедің <<Жалғыз аяқ>>, <<Көзбеннің Сарынын>>, <<Қорқыт>>, <<Аққу>> күйлерін жаздырып қалдырды. Ықылас шәкірттерінен үйренген ұлы қобызшының музыкалық мұрасын сақтап келген өнерпаздың бірі - Дәулет Мықтыбаев
- Музыка тыңдау
Қобыз аспабында бірнеше күйлер тыңдалады - <<Шыңырау>>, <<Қорқыт>>,
<<Ерден>>, <<Аққу>>
- Дәптермен жұмыс
- Күй атауларын жазу - Ән үйрену -Абай <<Желсіз түнде жарық ай>>
- Сабақты қорыту
- Кім композитормен таныстыңдар?
- Д.Мықтыбаев қандай аспапта ойнады?
- Қандай күйлері бар?
- Қобыз аспабының құрылысы қандай?
- Бағалау - Үйге тапсырма
- Күйші күйлеріне сөзжұмбақ құрастыру

Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану-табиғат туралы ғылымның жиынтығы. жаратылыстанушы ғалымдар
Қорқыт күйлерімен жұмыс
Ә.сәрсенбаев «халық кегінің күйшісі»
Тынық мұхиты
Жас қырандар тобы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дарынды да, дана композитор нұрғиса тілендиев. 6 сынып
Достық. дружба. friendship
Ұлы композитор Нұрғиса ата - 90 жаста
Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі
Пәндер