Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мұнай жинау секциясы

Епенова Марал Чониккуловна.
Маңғыстау политехникалық колледжінің арнайы
пән оқытушысы. Маңғыстау облысы, Ақтау
қаласы.
Пәні: Мұнай мен газды жинау және дайындау
Сабақ тақырыбы: Газайырғыш қызметі, түрлері, құрылымы және жұмысы
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Газайырғыш аппарат түрлерімен, қолдану аймағы, құрылымы және жұмысымен таныстыру.
Тәрбиелік: Сабақ түрлерін жетілдіру, сабаққа студенттердің қызығушылығын арттыру.
1.Сабақ үстінде ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
2.Мамандығына болашақ кәсібіне өзін сезіндіре білуге, табиғи ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамыту:
Кәсіби шебер сөйлей білуге.
Ой-өрісін, техникалық білімге дамыту.
Материалды өз еңбегінде пайдалана білу.
Көрнекілік:
1.Скважина өнімін жинау және тасымалдау қалыбы
2.
3.Суреттер: а) Үш фазалы газайырғыш;
ә) Екі сыйымдылықты көлденең газайырғыш;
б) Алдын ала газ бөле жүретін газайырғыш;
в) Соңғы газайырғыш;
г) Бейнефильмді шолу.
Сабақ түрі: аралас: дәстүрлі әдіс, ойын-жарыс элементтері, тест әдісі,
лекция
Сабақты жүргізу тәртібі:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.
ІІ.Өтілген материалды қайталау
Студенттердің білім деңгейін тексеру
Қайталау сұрақтары:
1.Скважина өнімін өлшеу маңызы.
2. Скважина өнімін өлшеудің ескі әдісі мен жаңа әдістері бойынша есептер қарастыру, оны талдау.
3.Ескі екі құбырдың ағынды жинау жүйесіндегі скважина өнімін өлшеу ерекшелігі.
4.Жаңа, автоматтандырылған, саңылаусыздандырылған жинау жүйесіндегі скважина өнімін өлшеу жабдығы, оның жұмысы.
5.Спутник қондырғысындағы сақтандыру құрылғылары, олардың мәні.
6.ТОР1-50 турбинасын көлемдік шығын өлшегіш.
7.Құбырларда мұнай және газ шығынын өлшеу.
8.1-4 нұсқада тест сұрақтары.
9.Реферат

ІІ тарауды қорытындылау. <<Кім жүйрік>>
(2 студент шығады)
1.Скважина өнімі деген не
2.Өлшем бірлігі
3.Екі құбырлық өз ағынды жүйедегі өлшеу аппараты
4.Скважина өнімін өлшеу ескі әдістері нешеу, қалай аталады
5.Жаңа жүйедегі скважина өнімін өлшеу аппараты
6.Скважина өнімін бөлек фазалары бойынша өлшеу дегенді қалай түсінеміз
7.Спутник қондырғысының өлшеу аспаптары
8.Спутник қондырғысындағы сақтандыру құрылғылары
9.Коллекторлар бойынша мұнай-газ-су қоспасын өлшеу аспаптары
10.Скважина өнімін өлшеу мәні.

ІІІ. Негізгі кезең
А) Сабақтың мақсатын айқындау бөлімі
Студенттерге жаңа тақырып бойынша сабақтың жалпы мақсатымен таныстыру.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру бөлімі
1.Газайырғыштардың негізгі қызметі
Газайырғыштар скважина бағанасы, шығыс құбыры және жинау коллекторы бойымен жылжыған кезде мұнайдан бөлінетін және бағалы химиялық немесе жанармай есебінде қолданатын мұнайлы газды алу үшін қызмет етеді; мұнайгазсулы ағынның араласуын азайту және құбыр өткізгіштердегі гидравликалық кедергілерді төмендету; мұнайдан пайда болған көбікті бөлу және іріту; тұрақсыз немесе құбыр өткізгіште бұзылған мұнай эмульсиясын өндіру кезінде мұнайдан алдын-ала су бөлу үшін; мұнайды 1-сатылы газайырғыштан МДҚ-ға дейін тасымалдау кезінде соқтығысты айтарлықтай төмендету үшін қызмет етеді. Соңғы фактор МДҚ мен СДҚ-ның тұрақты жұмысына әсер етеді. Егер соқтығысты айтарлықтай төмендетпесе немесе соқтығысты жоймаса, онда ол МДҚ мен СДҚ жабдықтарына беріліп,олардың жұмысы тұрақсыз болады, ол бұл қондырғыларда даярланған мұнай және су ГОСТ шамасына жауап бермейді.
2.Газайырғыштар, олардың түрлері.
МКО ауданында қолданатын ГА (газайырғыштар) шартты түрде келесі топтарға бөлінеді:
2.1.Қызметі бойынша: өлшеу-айыру және айыру;
2.2.Геометриялық пішініне және кеңістікте орналасуына байланысты: цилиндрлік, сфералық, тік, көлденең және көлбеу;
2.3.Пайда болатын негізгі күш сипатына байланысты: гравитациялық, инерциялық және ортадан тепкіш (гидроциклонды);
2.4.Қызмет ететін скважина түрі бойынша: атқылау, компрессорлық және сораптық (екі құбырлық өзағынды жүйе кезінде);
2.5.Жұмыс қысымы бойынша: жоғарғы (6,4 МПа), орташа (2,5 МПа), төменгі (0,6 МПа) және вакуумды;
2.6.Қызмет ететін скважина саны бойынша: жеке және топтық;
2.7.Айыру саты саны бойынша: І, ІІ, ІІІ және т.б.
2.8.Фазаға бөлуі бойынша: екі фазалы (мұнай+газ), үшфазалы (мұнай+газ+су);
3.Газайырғыштың құрылысы және жұмысы.
Кез келген газайырғыш 4 секциядан тұрады, оларды тік газайырғыштан анық көруге болады:
1.Негізгі газ айыру секциясы. Мұнайдан газдың жедел бөлінуіне қызмет етеді. Газайырғыш секциясының жұмысына газайырғыш қысымы мен температурасының төмендеу дәрежесі; мұнайдың физика-химиялық қасиеті, әсіресе тұтқырлығы; газайырғыш скважина өнімін енгізудің конструкциялық орындалуы (радиалды, тангенциалды және т.б.).
2.Тұнба түзеу секциясы. Мұнда газайыру секциясынан мұнаймен ілесіп кеткен газ көпіршіктерінің қосымша бөлінуі жүреді. Ауланатын (ілінетін) газ көпіршіктерінің жедел бөлінуі үшін мұнайды жұқа қабатпен иілген жазықтар бойымен бағыттайды, осыдан мұнайдың жылжу жолының ұзындығы өседі, яғни оның айырылу тиімділігі өседі. Иілген жазықтарды мұнайдан газдың бөлінуіне ықпал ететін кішкене табалдырықты қылып даярлау ұсынылады.
3.Мұнай жинау секциясы. Газайырғыш төменінде орналасқан және мұнайды жинау, сонымен бірге оны газайырғыш шығару қызметін атқарады. Мұнда мұнай газайыру және тұнба түзу секцияларын жұмыс тиімділігіне және мұнайдың газайырғышта болу мерзіміне байланысты бір фазалы немесе газбен қоспасы болуы мүмкін.
4.Тамшы аулау секциясы. Газайырғыштың жоғарғы бөлігінде орналасқан, газ ағынымен ілесіп кеткен сұйықтың ұсақ тамшыларын аулау қызметін атқарады. Кез келген газайырғыш жұмысы екі негізгі көрсеткішпен сипатталады: 1) тамшылау секциясынан газ ағынымен ілесіп кеткен сұйық тамшыларының мөлшері;
2) мұнай жинау секциясынан мұнай ағынымен ілесіп кеткен газ көпіршіктерінің мөлшері. Бұл көрсеткіштер азайған сайын газайырғыштың жұмысы жақсара түседі.
4.Газайырғыштың тиімді жұмысын және техникалық жетілгендігін қалай бағалауға болады.
Газайырғыштың тиімділігі - газсыздандыру және сәйкесінше ондағы газдың өсуі есебінен газайырғыш мұнайдың отыру дәрежесімен сипатталады. (Пән МГСП U=b-1b*100%;b=V0 аб/Vгазсыз). Тиімділік келесі түрде өрнектеледі:
Эм=GСБ-GccGСБ100

ЭГ=GССГ-GСБГGССГ100

ЭГ=VС-VБVС100

мұндағы: GСБ, Gcc - сәйкесінше газайырғышқа дейінгі және одан кейінгі мұнайдың салмақтық шығыны;
GССГ, GСБГ - сәйкесінше газайырғышқа дейінгі және одан кейінгі газдың салмақтық шығыны;
VС, VБ - сәйкесінше газайырғышқа дейінгі және одан кейінгі газдың көлемдік шығыны.
Сонымен газайыру қондырғысының әрбір сатысында қысымның төмендеу есебімен мұнай мөлшері азаяды және сәйкесінше газ мөлшері өседі, бұл қондырғының жұмысын толықтай сипаттауы мүмкін.
Саңылаусыздандырылған жинау жүйесі үшін кез келген шартта мұнай және газ мөлшері GМ+Gn=const.
Сонымен қатар газайырғыш тиімді жұмысының көрсеткішіне КС - газ ағынымен сұйық тамшыларының меншікті ілесуі; КГ - мұнай ағынымен еркін газдардың меншікті ілесуі;
КС=qCGГ

КГ=qrGM
мұндағы qC, qr - жұмыс шартында газайырғышқа ілесіп кеткен сұйық
тамшысымен еркін газдың көлемдік шығындары, м3/сағ.
GГ, GМ - газайырғыштың жұмыс шарты кезіндегі және сұйықтың
көлемдік шығындары, м/сағ.
Бірақ әртүрлі конструкциялы газайырғыштардан КС, мен КГ-нің бірдей мәндерін алу мүмкін екені белгілі. Сондықтан тек КС, және КГ көрсеткіштерін қолданып, газайырғыш дайындаудағы металл шығынын, олардың консрукциясын ескермей бір газайырғыштың техникалық ерекшелігіне қорытынды жасау мүмкін емес.
Әртүрлі бірдей шартта сұйықта газдың жағарғы тазалану дәрежесін және сонымен бірге оны дайындауға минимал металл шығыны жұмсалған кезде жоғарғы өнімділікті қамтамасыз ететін газайырғыш техникалық жетілген болып табылады.
Газайырғыштың техникалық дәрежесі төмендегідей сипатталады:
Газайырғышта ұсталынатын сұйық тамшыларының минимал диаметрімен;
Газайырғыштың еркін қимасында газ ағынының максимал жеткілікті орташа жылдамдығы;
Газайырғыштың сұйықты бөлу мерзімімен;

В) Есте қалу, қалай қабылданған түсінігін бақылау бөлімі.
Бөлек материалда дайындалған дұрыс-қате жауаптар қойылып, сонымен дұрыс жауаптар қарастырылады. Студенттер орындарында жауап береді.

IV. Бекіту бөлімі <<Ой ашар>>
Қарама-қарсы блоктағы студенттер бір-біріне 2-3 сұрақ қою арқылы сұрақ-жауап жүргізеді.

V.Үй тапсырмасы 0-1, 33.
1.Тік грвитациялық газайырғыштың сызбасын сызу.
2. Газайырғыш қондырғыларына қызмет көрсету (реферат дайындау).
3. Газайырғыш қондырғыларына қызмет көрсету кезіндегі техникалық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау (реферат дайындау).
VІ.Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Жие экономикасы
Тақырып Оңтүстік Американың ішкі сулары
Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары. 9 сынып
Адам денесінің ішкі мүшелері
Оңтүстік Қазақстан
Африка пілі
Практика Қатараралықты өндеуге арналған машиналар
Каспий теңізінің балықтары
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Органикалық заттардың ерекшеліктері мен маңызы. органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы изомерия
Пәндер