Кеңістік фигуралары

Математика 1 сынып

Тақырыбы: Кеңістік фигуралары
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары:

Оқу

мақсаты:

:

1. 3. 1. 1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау.

1. 3. 1. 2 Кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Тақырыбы: Кеңістік фигуралары: Сабақтың мақсаты:
: Барлық оқушылар : кеңістік фигураларын ажыратады.
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары:

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Кеңістік фигураларын ажыратады, атауын біледі.

Тақырыбы: Кеңістік фигуралары:

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Кеңістік фигураларын ажыратады, атауын біледі, геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды.

Тақырыбы: Кеңістік фигуралары: Бағалау критерийлері
: кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) денелерін ажыратады. Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды.
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары: Тілдік мақсаттар
:

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Оқушыларға ермексаздан кеңістік фигураларын жасатып, оның атауын айтқызу.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Куб, шар, цилиндр, конус, пирамида

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-- Неліктен… екенін айта аласыз ба?

Тақырыбы: Кеңістік фигуралары: Бұған дейін меңгерілген білім
: Оқушылар сурет салып, геометриялық фигураларды біледі, кірпіштермен, кеңістіктік фигуралармен ойнай алуы керек, мысалы, конструкциялау.
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары: Жоспар
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары: Жоспарланған уақыт
: Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
: Ресурстар
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары:

Сабақтың басы

0-5 мин

:

1. Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар бойынша оқушыларды 4 топқа бөлемін. Себебі: топтық жұмыс арқылы, диалог арқылы Выготскийдің ЖАДА теориясы жүзеге асады.

2 . «Шаттық шеңбер» әдісі. Жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне тілек айтып, бүгінгі сабаққа сәттілік айтады.

3. «Динамикалық шеңбер»әдісі. Өткен сабақты қорытамын.

: Геометриялық фигуралар
Тақырыбы: Кеңістік фигуралары:

Сабақтың ортасы

6-20 мин

Сергіту

Дәптермен жұмыс

Кері байланыс тапсырмалары

21-35 мин

:

4 . Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

- Бүгінгі сабақта кеңістікфигураларымен танысамыз.

5 . «Болжау»әдісі. Әр топқа цилиндр, конус, пирамида, шар және текше кеңістік фигураларын таратып беру. Оларды зерттеп қарап, қалай аталатынын сұрау. Олардың кеңістік фигурасы деп аталатынын, себебі оларды қолға ұстауға болатынын, үстелге қойғанда оның көрініп тұратынын, сонымен бірге көлеңкелерін көруге болатынын айтып түсіндіремін.

6. «Өкіл»әдісі. Топтарға суреттер таратып беру.

1 топқа - Цилиндр, 2 топқа- конус, 3 топқа -шар, 4 топқа -пирамидаға ұқсас суреттері бар конверттер таратып беремін.

Топтарға мынандай сұрақтар беремін?

-Суреттерде не бейнеленген?

-Олардың ортақ белгілері қандай?

-Суреттегі заттардың пішіндері қалай аталатынын және кеңістік фигураларының ішінен оған ұқсасын табады. Әр топтан бір оқушы шығып, сағат тілімен айналып келесі топқа көрсетеді.

7. Оқулықпен жұмыс. Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды табу.

АКТ мен жұмыс . Интерактивті тақтаны қолданып,

ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсету.

Ойын. Суреттен таныған фигуралардың пішінін топтаманың ішінен тауып көрсетеді.

8. Орындап көр. «Ізден, ойлан, тап» Сынып ішіне зерттеу жұмысын жүргізіп, кеңістік фигурасын табу. Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін ескертемін.

9. Шығарып көр . « Ұқсастығы мен айырмашылығын тап». Оқушыларға қолындағы фигураларды партаның үстінде домалатып көруді ұсынамын. Цилиндрдің алға да, артқа да домалайтынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұраймын. Жауаптарын тыңдаймын. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызамын. Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырып, ол фигура қалай аталатынын сұраймын. Оның текше деп аталатынын айтамын. Текшені домалатып көруді сұраймын. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді.

Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұрап пысықтаймын:

- Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?

- Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кейбіреулері домаламайды?

Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар деп қорытынды жасатамын.

10. «Кім жылдам?» Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатамын. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді сұраймын.

«Ыстық орындық»әдісі. Берілген сурет қандай кеңістік фигурасына ұқсайтынын тез айтады.

Мысалы.

Текше-сыйлық қорабы.

Конус-балмұздақ суреті.

Шар-доп суреті

Музыка ойнап тұрады. Оқушының біреуі бір фигураны ұстап, бір - біріне беріп шеңбер бойымен қозғалады. Музыка тоқтағанда фигура кімнің қолында болса


Ұқсас жұмыстар
Соғыс және балалар тағдыры (ш.айтматов "ерте келген тырналар"). 5-сынып
Оқушылардың білімін бекітуге арналған тапсырмалар
Шаршы жайлы ақпарат
Компьютерлік графика және оларға амалдар қолдану
Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері
Үшбұрыштар елінде. 7-сынып
Программа интерфейсі, нысандар
Жұдырық тренингі
Инерция.Кеңістік пен уақыт
Бастауыш сыныптарда геометриялық материалды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz