Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

УРАН - ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

УРАН-ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

Уран - бәсекелестік қабілеті анағұрлым жоғары энергия көзі болып табылады. Оның басқа отын көздерінен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзі. Яғни, әрі жеңіл, әрі арзан тасымалданатын энергия көзінен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегі көмірден бөлінетін энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледі. Уран көп жақты қасиеті бар химиялық элементтердің бірі. Қазір Қазақстан Республикасы бай уран қорының пайдасын көруде. Өйткені уранды жеңіл байыту арқылы тек ядролық реакторларда жанатын отын өндіріп, экспорттаумен айналысып жатырмыз. Мақсат бейбіт болғанда, уран пайда көзіне айналады. Бұған дейін жер қойнауындағы уранды қазып алып, экспорттап келген Қазақстан, ендігі уранды қайта өңдеуден өткізіп, пайдасын көрмек. Бұған Қазақстандағы уран қорының молдығы мүмкіндік береді. Қолда бар уранның пайдасын көретін уақыт жетті. Себебі өткен жылы Қазақстан 14 мың 214 тонна уран қазып, уран шығару бойынша бірінші орынға шықты. Осы жылы уран қазу 17 мың тоннадан асады деген болжам бар. Еліміз дүниежүзі бойынша уран қоры жөнінен Австралиядан киінгі екінші орында тұр.
Қазақстанның бүкіл уран кеніштерінде тәжірибелі мамандар мен жұмысшылар өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда. 20 жыл ішіндегі жетістігіміз әлемдік көшбастаушы дәрежесіне жету, шын мәнінде, ерлік пен білімділіктің, мемлекеттік ішкі, сыртқы саясаттағы көрегендіктің дәмді жемісі десем, ол артық айтқандық емес.
Бүгінгі Қазақстанның атомөнеркәсібі саласын тіпті Кеңестер Одағының <<кемелденген социализм>> дәуіріндегі болмыс-бітімімен де салыстыра алмайсыз. Өйткені, жоғарыда айтып кеткенімдей, бұрын біздің елдің атом өнеркәсібі бұл саладағы алғашқы шикізат алу ісімен ғана айналысып келсе, қазіргі <<Қазатомөнеркәсіп>> Ұлттық компаниясы тамырын теренге жайған, жапырақтары жайқалған алып бәйтеректі көз алдыңызға әкеледі. Біздің еліміздегі уранды жер атында күкірт қышқылымен тотықтыру арқылы шаймалап алу әдісі халықаралық МАГАТЭ ұйымы мойындағанындай әлемдегі ең озық тәсіл болып тұр. Осындай әлемдік әмбебап көшбастаушы мемлекет болу ең алдымен дүниежүзіне Қазақстан ғылымының ядролық энергияны жасауға қабілетті екенін мойындатты. Сонан соң, қолда бар ядролық қарудан бас тартты. Мұндай жағдайда бейбіт мақсаттағы ядролық энергияны жасау жолындағы Қазақстан талпынысына әлемнің ең ықпалды топтарының өзі тілектес, әріптес болуға асықты. Шетелдік салалық алпауыттардың біздің елге келіп жұмыс істеуі осылайша басталған еді.
Адамзат негізгі энергия көзі мұнай қоры таусылуға жақын қалған ХХІ ғасырда ядролық энергияға ден қояры сөзсіз. Кейбір деректерге қарағанда таяу болашақта дүниежүзінде 540 АЭС салынады екен. Мінеки, осындай үлкен рынокта жұмыс істеу Қазақстан үшін табыс және абырой. Өйткені, осымен-ақ, біз ядролық саладағы әмбебап көшбасшы мемлекет екенімізді әлемге толық моындатқан ел болып шығамыз.
Тәуелсіз Қазақстанның атом энергия саласындағы шыққан биігі теңдессіз деуге тұрарлық бір іс. Мен бұл арада еліміздің ядролық отын өндіруден әлемдік көшбастаушы дәрежесіне көтерілгенін де меңзеп тұрған жоқпын. Ал, халықаралық МАГАТЭ ұйымының өзі мойындаған уранды жер астында шаймалап алу тәсілі, мұнда күкірт қышқылының қолдану текқана Қазақстан ғылымы жеткен биіктік. Екіншіден ядролық энергия саласындағы ғылымымыздың дамығаны соншалық біздің Қазақстанда КСРО бойынша тұңғыш қатерлі ісік ауруларын лазер сәулесімен емдитін құрылғы жасалынғанын көбіміз білмиміз. Үшіншіден ядролық энергия саласында жұыс іститін ғалымдар жер бетінде сирек кездесетін және ілеспе элементтерді өндіру ісін де игерді. Мәселен, әлемге тантал өндіру технологиясын бізге диін 4 мемлекеттер қана менгерген екен. Қазақстан бесінші болып қана қоймай, сонымен бірге, тантал ұнтағын шығарушы жалғыз ел болып шықты.
Қазір елімізде Озық технологиялар институты, Ядролық университет жұмыс істеп жатыр. Бұларда еліміздің таңдаулы, талантты ғылымдары шетелдіктермен қоян-қолтық ғылыми ізденіс үстінде. Олай болса, дәл осы уран элементі бүгін де, болашақта да ұлттық сапаны көтеріп, халықаралық беделімізді өсіретіні сөзсіз деп ойлаймын. Оның үстінде Елбасымыз инновациялық бағдарлама бойынша жұмыс істеуді атқарушы билікке міндеттеген қазіргі кезде, мұның маңызы арта түспек.

Қызылорда облысы
Жаңақорған кенті
№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінің
Химия-биология пәнінің мұғалімі
Мамытова Дамегуль Сагындыковна

Ұқсас жұмыстар
Баламалы отын-энергиясын пайдалану жолдары
Екінші фактор - энергия көздері ретінде қазбалы табиғи ресурстардың таусылатындығы және бітетіндігі
Физика және Қазақстан энергетикасы
Болашақ қуаты жайлы ақпарат
Энергия - болашаққа барар жол
Жеңіл түсті металдар металлургиясы. Металлургия және қоршаған орта
Атом ядросы
Электр тогының энергиясы мен қуаты
Электр қозғаушы күш және кернеу
Екібастұз көмір алабы
Пәндер