Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында "Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады" деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаңалық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi.
Ұлттық бірыңғай тест - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ - бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
ҰБТ- ол жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік
аттестатталуы, білім ұйымдарынан тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе. Ол төмендегідей басты мақсаттары айқындайды:
1.Білім беру ұйымдарының қызметін объктивті бағалайды;
2.Олардың нақты рейтнгтерін анықтайды;
3.Жалпы орта білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтеді;
4.Оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын, білімін дәлелдейді;
5. Білім бағытын және мазмұнын жетілдіреді;
6.Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс орнатып,пәнді жүйелі пысықтауға
мүмкіндік алады.
ҰБТ-ның негізгі міндеті-мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. ҰБТ -оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін дәл көрсеткіш болып табылады.
ҰБТ - ның мақсаты - мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық - оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек.
Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:
1. Психологиялық
2. Ұймдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық
Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата - аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу ( яғни ҰБТ - ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)
Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.
- педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы
- тест жасау теориясын меңгеру
- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану
- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.
Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру.
ҰБТ - білім сапасының басты көрсеткіші болғандықтан , әр пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, жүйелі жоспар бойынша қосымша сабақтар жүргізіледі. Өтілген әр сыныптың тараулары бойынша жеке-жеке тесттер жинақталып сол бойынша тапсырмалар беріледі.
Бірнеше тест түрлері жасалып, әр оқушының қабылдау ерекшеліктеріне сай тапсырмалар түрлендіріліп отырады.
Мұғалімнің өз пәнін жетік білуде түрлі семинарларға, конференция, дөңгелек үстелдерге қатысуы , пікір алысуы тәжірибе алмасулары басты назарға алынып отырады.
Біздің мектебімізде де шебер, тәжірибелі мұғалімдер өз пәндері бойынша жақсы нәтижеге жету жолында аянбай тер төгіп жүр. Атап айтар болсам, тарих пәні мұғалімі Құрманалина Жанымгүл әр сынып бойынша әуелі оқушыларды нақты деректер бойынша дайындап, сонан соң әуелі ата-аналармен оқушыларды бірігіп жұмыс жасауға жетелеп, соңғы қорытынды бағаны өзі қояды. Бұл оқушы - мұғалім - ата-ана арасындағы бірлесе жұмыс жасап, жемісті нәтижеге жету жұмыстарының бірі.
Ал орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әжібаева Айнұрдың тәжірибесінде фонетика, морфология, синтаксис тараулары бойынша шығармашылық диктанттар, сәйкестендіру тесттері, толықтыру тесттері пайдаланылады.
Ол оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға, дайындық деңгейлерінің қаншалықты екені ата-аналарымен бірге тексеріледі. Бізде қатар екі 11-сынып оқушылары арасында ҰБТ тапсырмалары бойынша сайыс түрінде өткізілген сабақтар да болды.
Ал қазақ тілі пәні мұғалімдері тақырыптық тест түрлерін , тараулық тест, сәйкестендіру, толықтыру, балама тесттерді , кесте-сызбалар арқылы қайталау жаттығулары арқылы жақсы нәтижеге жетуге күш салады.
Мектебімізде оқушыларды ҰБТ-ға даярлаудың аудандық тірек пункті орналасқан. Сондықтан бірнеше жылғы тест жинақтары жүйелі түрде жинақталып, оқушылардың дайндалуы үшін қолайлы жағдай туғызылған.
Былтырғы оқу жылында компьютерлік тест бойынша оқушылардын ата-ана бақылауымен 5 пән бойынша жеке-жеке тест жұмыстары алынып, әр жылғы тест ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізілді. <<Алтын белгі >> иегерлерімен де жекелей де, топтық та жұмыс түрлері ұйымдастырылды.
Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 3 оқушы <<Алтын белгі>> белгісімен, 4 оқушы <<Үздік аттестатпен>> иеленді. Жоғары оқу орнының грантын мектебіміздің 11 оқушысы жеңіп алды. Одан басқа арнаулы оқу орындарының грантын жеңіп алған оқушылар да баршылық.
Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады.
<<ҰБТ-ға дайындық>> кезінде төмендегі мәселелер мен қиындықтар кездеседі:
- сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығы;
- оқушылар мен ата-аналардың денсаулығына байланысты туындайтын мәселелер;
- ата-аналарының төмен білімінің деңгейі;
- оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;
- оқушының өзін-өздері төмен бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге қарағанда оңай деп тануы
Біріңғай ұлттық тестілеуге сапалы дайындаудың үш жолы бар:
Біріншіден: алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін маман болу керек;
Екіншіден:оқушы 5-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес, берілген әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру арқылы іс жүзіне асыру керек;
Үшіншіден:пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен оқушыларға сұраныс пен талап қоя отырып берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім процесіне шығару керек.
Сонда ғана Біріңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі болады.
ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:
1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2.Мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі.
3. Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.
Сондықтан ұстаздар қауымы, қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармауымыз қажет. Ел болашағы-білімді жастардың қолында.Сондықтан білімді ұрпақ , жеке тұлға қалыптастыру - біздің ең басты мақсатымыз!
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда оқыту процесін ұйымдастыру
Төлемісова Г.С- Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің оқу жөніндегі орынбасары
2016-2017 оқу жылы
Шалқар қаласы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz