Балалардың саусақ, қол моторикасын дамыту

Күні: 09. 12. 2016 жыл.
Қатысушылар. : Ата-аналар, мұғалімдер. Баяндамашы: Мұхит атындағы ЖОББМ-нің мұғалім- дефектологы Қобдабаева Айнұр Хабиболлақызы
Тақырыбы: «ҰСАҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ, БАЛАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА ӘСЕРІ»
«Адамды жалпы тіршіліктің әміршісі еткен интеллектуалды артықшылықтар емес, ол
қол
- осы органмен барлық органды меңгереміз».
Джордано Бруно
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны - саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық, анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын -ертегілер пайдалануды ұсынады . Қол моторикасы
- бұл саусақтың ұсақ бұлшық еті мен қолдың қозғалысын реттеу.
Ол тек қозғалысты ғана орындап қоймай, бала миының жұмысының дамуы, тіл дамыту, сондай-ақ есте сақтау, көңіл, логикалық ойлау қабілеті психологиялық процесінің дамуы үшін қажет. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т. б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен . Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. Пассивті жаттығу - ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшуұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Ата - аналар мен педагогтің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар беру керек, ұсақ моториканы жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс дамытуда екі міндетті шешеді:
1. жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді;
2. жазуға жаттығады.
Қарапайым жаттығулар арқылы, баланы естуге және де, көргенін, естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:
1. Сөйлеу тілі жетіледі.
2. Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3. Икемділігі арта түседі.
4. Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.
5. Танымдылық деңгейі артады.
Ойындар арқылы, біздер баламен қарым- қатынасты нығайтып, баланың өз- өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.
Ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының жүйесі
Қолдардың шаршағанын басып, еңбекке қабілеттілігін арттыру үшін оларды әрдайым жаттықтырып отыру қажет. Назарларыңызға саусақтар күшін, шапшаңдығын, қабілеттілігін арттыруға көмектесетін, буын ауруларының алдын алатын бірнеше жаттығулар жиынтығын ұсынамыз. Әр жаттығуды (тұрып не үстелде отырып) 10-20 рет жасаңыз және әрдайым мөлшерін арттырып отырыңыз. Әр жаттығудан кейін буындарыңыз бен саусақтарыңызды босаңсытып, сілкіңіз. Жаттығуларды жасап біткеннен кейін саусақтарыңызды ұшынан бастап білезігіңізге дейін уқалап, массаж жасаңыз.









Шебер сынып . Өтілген күні: 9. 12. 2016 жыл.
Қатысушылар: Бастауыш сыныптағы ПДТ балалары (15) , ата аналар, мұғалімдер.
Сабақтың тақырыбы: « Қысқы орман » суретін бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту
Түзете-дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруын жетілдіру. Балалардың саусақ, қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Қарым - қатынас арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, доп, жаттығулар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz