6-сынып оқушылары арасында Информатика әлеміндегі спортшылар эстафеталық жарысының өткізу жоспары

Эстафеталық жарыс: «Информатика әлеміндегі спортшылар»
Мақсаты:
- Оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке, белсенділікке, батылдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
- Ойын кезінде әділеттілікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту;
- Информатика және денешынықтыру пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құрал - жабдықтар: доп, секіртпе, барьер, шеңбер, хокей таяқшалары, компьютер, тақта, плакаттар, маркерлер.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! мектебімізде өтіп жатқан «Денешынықтыру, АӘД» және «Жас мамандар» апталығына хош келдіңіздер. Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 6 сынып оқушылары «Информатика әлеміндегі спортшылар» атты эстафеталық жарысқа қатысайын деп тұр. Сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен танысайық.
- Мектеп директоры: Қ. С. Еспаева
- Оқу ісінің меңгерушісі: Ш. Х. Сырттанбекова
- Информатика пәнінің мұғалімі: Біленхан Манаргүл
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Әр дұрыс жауапқа 1 смайликтен беріліп отырады. Сайыс соңында смайликтер есептеліп жеңімпаз команда мен жүлдегерлер анықталады.
1кезең: «Кіл жүйрікте - кім жүйрік»
Эстафета таяқшасымен жүгіріп барып, информатика пәнінен компьютердегі сұрақтарға жауап беріп, командасына қайту.
2кезең: «Шынықсын денеміз»
Хоккей таяқшасымен кедергілер арасымен допты қағып жүгіріп барып, информатикадан ақпараттың өлшем бірліктерін сәйкесінше жазу керек.
- Килобайт - 1024 байт
1024 килобайт -1 мегабайт
1024 мегабайт - 1 гигабайт
1 терабайт 1024 гигабайт
1 байт - 8 бит
1024 байт - 1 килобайт
Енді спортшыларымыз тынығып алу үшін, алдарыңызда 5 «Б» сыныбының қыздарын «Чиуао» биімен қарсы алыңыздар!
3-кезең: «Мергендер сайысы»
Әр ойыншы кілемге дейін жүгіріп барып, кілемге жатып тенис шаригін шелекке дәлдеп лақтырып, компьютерге мәтін жазу керек.
4-кезең: «Кім ұқыпты, кім шапшаң»
Әр оқушы секіртпемен жүгіріп барып, берілген есептерді компьютердегі калькулятордың көмегімен шығарады.
193*54+96=10518
175/14+16=28. 5
122+56*43=7654
114*12+56=1424
536+28-14=550
638*45+78=28788
Би, флешмоб. 8 «А» сынып қыздары.
5-кезең: «Үздік суретшілер сайысы»
Әр оқушы гимнастикалық орындықта жаттығу жасап, Paint графикалық редакторында берілген суреттерді салу керек.
6-кезең: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
Бұл кезеңде оқушылар шеңбермен бір - бірін мәре сызығына дейн кезек-кезек жинап, топ болып алгоритм құрады.
(Смайликтер есептеліп, жеңімпаз команданы анықтау) .
Осымен бүгінгі (Информатика әлеміндегі спортшылар» атты эстафеталық жарысымыз соңына жетті. Барлық қатысқан және жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де әділ бағаларын беріп отырған әділ - қазы мүшелеріне рахметімізді айтамыз!
№10 жалпы білім беретін орта мектебі
«Информатика әлеміндегі спортшылар»
6-сыныптар
Өткізгендер: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Омаров С. А.
Информатика пәнінің мұғалімі: Еділбаева Ж. Б.
2015-2016 оқу жылы