Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары және басымдықтары

№42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектеп

ЭССЕ

Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары

Орындаған: Құрманбаева Гүлстан

2016-2017 оқу жылы

ЭССЕ

Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары

Ұстаздық жолымның бастау алғанына тоғыз жылдай уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында .
Сол "Ұстаз" атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін?
Ұстаз болу - жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек.
Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Жасөспірім алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуім қажет.
Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар - бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді.
Шынында да, бала болашағы - менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.
Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. (249 сөз)


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық ұстанымы: мәні, құндылықтары мен басымдықтары
Менің ұстаздық ұстанымым: тәжірибе, ізденіс және кәсіби жетістіктер
Отбасы - өмір аясы: отбасы тәрбиесінің мәні мен құндылықтары
Үй тапсырмасының педагогикалық мәні және тиімді ұйымдастыру әдістері
Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы және педагогикалық-тәрбиелік мәні
Баланың бүгінгі демалысы және болашақ өмірге әсері: жазғы лагерлердің педагогикалық мәні
Менің педагогикалық сенімім: ұстаздық тәжірибе мен мақсаттар
Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстың педагогикалық мәні және ұйымдастыру әдістері
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы география пәні мұғалімінің педагогикалық ұстанымы
Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz