Бастауыш сыныптарындағы тәрбие сабағы: Еңбек ер атандырады

Татыбаева Зибагүл Мырзалықызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Б. Сүлейменов атындағы орта мектеп

бастауыш класс мұғалімі

Тәрбие сабағының тақырыбы: Еңбек ер атандырады

Сабақтың мақсаты: күнделікті өмірден мысал келтіре отырып тақырыптың мазмұнын ашу, еңбектің қай түрі болса да адам содан бақыт табатынын, тіршілік ететінін түсіндіру, суреттерді пайдалана отырып мамандық түрлерімен таныстыру, ой-қиялдарын ұштау, үлкендердің еңбегін бағалауға, сыйлауға, құрмет көрсете білуге баулу. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

Күлімдеп күн бүгін, Сен мен үшін,

Шуақпен төгіп нұр. Мен сен үшін.

Қарады маған да, Қуаныштымыз әрқашан!

Қарады саған да.

2. Қызығушылығын ояту: Сөзжұмбақ шешу:

10000 tenge (2006) r.jpg

- Еңбек дегенді қалай түсінесіңдер?

-Еңбекпен кімдер айналысады?

3. Мағынаны тану: Еңбек ер атандырады

а) Өмірмен байланыс:

Өмірбаяны F:\ \сқақ\з1.jpg

Сүлейменов Б. С. Абдуллин С.

-ғалым, тарих ғылымының докторы, -облыстың таңдаулы шопаны,

профессор, Қазақстанның еңбек "Еңбек даңқы" орденінің (3 рет) сіңірген ғылым қайраткері, т. б. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері, т. б.

-Сонда еңбектің қай түрімен айналыссаң да жақсы нәтижеге жетуге болады екен.

ә) "Сыр-сұхбат" айдары:

-Газ компрессор станциясының инженері Кемалов Сағынай ағаймен оқушылардың сұхбаты.

б) "Кім не істейді?" ойыны

-Көрсетілген сурет арқылы мамандық иелерін анықтау және сұраққа жауап беру.

-Мұғалім балаға білім береді. Журналист жаңалық жүргізеді. Ғарышкер ғарышты зерттейді, т. б.

в) "Поэзия минуты"

-Оқушылардың мамандық туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуы.

г) "Бала қиялы"

- "Кім болам?" «ассосациялық әдіс» (қағазға балалар өздерінің қалаған мамандық туралы жазып тақтаға жапсырады)

д) Ситуациялық жағдаяттар:

-Көк түс: Ата - анаңның мамандығын білесіңдер ме?

-Сары түс: Егер дәрігер, мұғалім болмаса не болар еді?

-Қызыл түс: Адамның бойында еңбек етуге кедергі келтіретін жағымсыз

қасиеттерді атап бере аласыңдар ма?

Сабақты қорытындылау:

-Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Абай

-Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев

Еңбек

Н. Жанаев

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты - еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның ата - еңбек.

Сабағыңа жөндеп

Әзірленсең - еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.


Ұқсас жұмыстар
Еңбек құндылығына тәрбиелеу: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Сарысай негізгі мектебінің бастауыш сыныптарындағы Күзгі думан экологиялық-мәдени сайысының бағдарламасы
4-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Байлықтың атасы - еңбек
Ер есімі - ел есінде: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған тәрбие сағаты
Баланың бас ұстазы - ата-ана: жанұядағы тәрбие мен еңбек тәрбиесінің рөлі
Ер есімі - ел есінде: Ұлы Отан соғысының ерлігін насихаттауға арналған тәрбие сағаты
3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты Ат-ер қанаты: жылқының маңызы мен ұлттық мәдениеті
Ақ ару мен Ер сұлтан тәрбие сағатының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Бастауыш сыныптарда ҚР Конституциясы бойынша құқықтық тәрбие сабағы
Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныптарындағы Аналар мерекесіне арналған іс-шара жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz