Бірмүшені көпмүшеге көбейту

Сабақтың тақырыбы : Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету. Теориялық білімін практикада қолдана алуын ұйымдастыру, есептер шығара алуына көмектесу.
  2. Оқушының ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдан білу дағдысын қалыптастыру.
  3. Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтағы әдіс-тәсілдер : ой қозғау, жеке жұмыс, деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, формулалар, таратпа тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

№ 223.

2) -2a 2 b(8a 3 -4a 2 b 2 -3ab 2 +5b 3 = -16a 5 b+8a 4 b 3 +6a 3 b 3 -10a 2 b 4

4) -5abc(4ab 2 c-7a 2 bc 2 +3a 2 bc= -20a 2 b 3 c 2 +35a 3 b 2 c 3 -15a 3 b 2 c 2

№224

1) a(a+b) -b(a-b) +2(b-a) = a 2 +ab-ab+b 2 +2b-2a= a 2 +b 2 +2b-2a

3) 2xy(2x 2 -5xy) -3xy(7xy-y 2 ) = 4x 3 y-10x 2 y 2 -21x 2 y 2 -3xy 3 = 4x 3 y-31x 2 y 2 -3xy 3

№225

1)

3) -2b(a 3 -2b) -b(a 3 +4b 2 ) = -2a 3 b+4b 2 -a 3 b-4b 3 = -3a 3 b+4b 2 -4b 3

5) 5x(6x+3y) +3y(2x-4y) -6x(5y-2x) = 30x 2 +15xy+6xy-12y 2 -30xy+12x 2 =42x 2 -9xy--12y 2

№226

2) 15a 2 -25a 2 b 2 -10a 3 = 5a 2 (3-5b 2 -2a)

4) 14m 2 n-21mn 2 -35mn 3 = 7mn(2m-3n-5n 2 )

6) 8x 4 y 3 -12x 2 y 2 +16x 3 y 2 = 4x 2 y 2 (2x 2 y-3+4x)

ІІІ. Ой ширату : Өтілген тақырып бойынша сұрақтар.

  1. Бірмүше дегеніміз не?
  2. Бірмүшенің дәрежесі?
  3. Бірмүшенің стандарт түрі?
  4. Көпмүше дегеніміз не?
  5. Екімүше?
  6. Үшмүше?
  7. Бірмүшені көпмүшеге көбейту?

IV. Өткенді саралау :

Графикалық диктант. Ʌ-иә _ -жоқ

  1. 7а- бірмүше
  2. 4х4-коэффициенті -4
  3. -3аb3-дәрежесі - 3
  4. 1, 09 -бірмүше емес
  5. x - коэффициенті -0
  6. a+b+z - үшмүше
  7. 9аb-5bс+2а-6с- көпмүше

8. аb-ac =a(b-c) -дұрыс па?

V. Білгенді қолдану :

1. Білгенге маржан:

Көпмүше түріне келтіріңдер:

  1. 9х·(8х+6) =72□2+54x
  2. 7y·(5x+3y+z) = 35xy+21□2+7yz
  3. -4x·(2х2-5х+3) = -8□+20х-12х
  4. 2ab·(2a2-5ab+b2) = 4a3b - 10a2b2+2a□

2. Тапқыр болсаң тауып көр:

№ 224 есеп Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

  1. 4a+3a2= ∆·(4+3a)
  2. 5a2-15a= ∆·(a-3)
  3. 0, 5x3-2, 5x= ∆·(x2-5)
  4. -m2n2- mn=∆·(mn+1)

VI. Қорытындылау:

Математикалық диктант:

  1. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту арқылы құрастырылған өрнек . . . деп аталады
  2. Бірмүшелердің қосындысы . . . деп аталады.
  3. Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді . . . деп аталады
  4. Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің . . . мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді . . .

VII. Үй тапсырмасы :

№ 227-231

VІII. Бағалау.

Төлеби ауданы

Қасқасу шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебі

Тақырыбы:

«Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне

есептер шығару»

Пәні : алгебра

Сыныбы : 7

Пән мұғалімі : Есмурзаев Б. Қ

2013-2014 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Көпмүшені көпмүшеге көбейту
Көпмүшелерді теңбе-тең түрлендіруге есептер шығару.
Көпмүшені стандарт түрге келтіру
Көпмүшелерді көбейту. 7 сынып
"бірмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығару" алгебра 7-сынып
"бірмүше және көпмүше" тарауына арналынған орташа мерзімді жоспарлау. 7-сынып
Бірмүшелер және көпмүшелер
Көпмүшені көпмүшеге көбейт
Сабақтың қорытындысы
Көпмүшені бірмүшеге бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz