Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүректің электрлік белсенділігі

Сабақтың тақырыбы: Медико-биологиялық ақпараттарды алу үшін датчиктер мен электродтардың биофизикалық әсерін пайдалану. Ауыспалы импульс токтары әсерінің биофизикалық негізі.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Уақыты: 90 мин

Сабақтың педагогикалық мақсаты:
* Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
* Интерактивті технология әдісін қолданудың маңыздылығын көрсету;
* Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
* Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
* Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
* Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;
* Пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Медико - биологиялық ақпараттарды алу үшін датчиктер мен электродтардың биофизикалық әсерін пайдалану маңыздылығын түсіндіру, басты қасиетін айту, тіндердің айырмашылығын көрсету. Білімді қалыптастыру, студенттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.
Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту, жалпы кәсіптік бағдар беру. Студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздығын дамыту. Пәнге қызығушылыған арттыру
Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке баулу, қоршаған ортадағы табиғи
құбылыстарды бағалау, мамандыққа бағдарлау.
Студент білуі керек: Тұрақты ток әрекетінің биофизикалық негіздерін, гальванизация мен электрофорезді, дыбыс жиілігін (ДЖ), жоғары жиілікті (ЖЖ), ультра жоғары жиілікті (УЖЖ), аса жоғары жиілікті (АЖЖ)
Студент істей алуы керек: Тұрақты ток әрекетінің биофизикалық негіздерін, адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістерін, гальванизация мен электрофорезді.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту, бақылау- бағалау, деңгейлеп оқыту, ақпараттық оқыту және интерактивті.

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдістері: іздену, сұрыптау, сараптау, білім деңгейін бақылау, өзін-өзі бақылау, ынталандыру, даралап оқыту, кесте және сызбаларды құру, тапсырмалар, білім мен тәжірибені байланыстыру.

Пәнішілік байланыс
Құзіреттілік аймғы Д Электродинамикалық биофизика
Оқыту модулі Д2 Тұрақты электр тогының ағзаға әрекетінің биофизикалық негіздері
Оқыту модулі Д3 Айнымалы және импульсті ток әрекетінің биофизикалық негіздері

Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
- биология
- молекулалық биология
- физиотерапия
Қамтылатын пәндер:
- физика
- математика
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
oo Плакаттар
oo Слайдтар
Үлестірме материалдар:
oo Анықтамалар
oo Тест
Техникалық оқу құралдары:
oo Компьютер
oo Интерактивті тақта
oo LCD TV (сұйық кристалды телевизор)
oo CD, DVD дискілері

Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Бират Көшенов / Медициналық биофизика/ .-Алматы: Қарасай, 2010
2. Бират Көшенов / Медициналық биофизикадан тестілер жинағы/. - Алматы,2010 ж

Қосымша әдебиеттер
3. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған
оқулық /.-Алматы: Мектеп 2001
4. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992
5. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2001

WEB сайттары тізімі
6. www.google.kz
7. www.fizica.ru
8. www.e-gov.kz

Сабақ жоспары мен хронокартасы


Мазмұны
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
2
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау
3 мин
3
Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау
20 мин
4
Баға қою және түсінік беру
5 мин
5
Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру
30 мин
6
Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау
20 мин
7
Сабақты қортындылау
5 мин
8
Үйге тапсырма беру
5 мин

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөлу. Сабаққа қажетті құрал - саймандары мен бор және тақта сүрткіштің бар болуын қадағалау. Журнал толтыру.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин) - Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

3 Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау (20 мин) -
Үй тапсырмасына берілген тапсырмалар:
Тақырыбы: Медио-биологиялық ақпараттарды алу үшін датчиктер мен
электродтардың биофизикалық әсерін пайдалану.
Өзіндік дайындауға арналған сұрақтар:
1. Ағзаға импульстық токтармен әсер ету арқылы жүргізілетін әдісті -
/ Электростимуляия. /
2. Электрлік серпініс импульс - / заряд пен кедергінің қысқа уақыт аралығындағы
өзгерісін айтады. /
3. Электрокардиография-ол / Жүректің биопотенциялын тіркеуге және талдауға
негізделген әдіс. /
4. Бұлшық еттің биоэлектірлік белсенділігін анықтау әдісі. / Электромиография. /
5. Электрокардиография /Журек биопотенциялының өзгерісін тіркеу./
6. Бұлшық еттердің ұзындығы жүктеменің әсерінен өзгермейтін болса онда оны
/ Изометірлік дейді. /
7. Жүректің биопотенциялдарын тіркеу және оны сараптау медицинада: / Жүрек қан
тамырлар жүйесінің физиологиялық күйін анықтауда (диогностикада) қолданылады. /
8. Бұлшық еттер мен қандай байлам ұлпасымен тығыз қапталған. Сол қапталуды
көрсетіңіз: / Фасция. /
9. Қаңқа бұлшық еттерінің кең тараған моделі ол: /Сырғанамалы талшықтар моделі. /
10. Жүректің биопотенциялдары: / Жүректің жүйке бұлшық ет жүйесінің қозу
нәтижесінде пайда болады./

б) Студенттердің білімін тест арқылы бақылау
1-вариант

1. Жүректің биопотенциялдары:
А)Жүректің бұлшықет жүйесінің қозу нәтижесінде пайда болады.
В) Орталық жүйке жүйесінің қызуынан пайда болады.
С) Жүректің бас интегралдық электр өрісінің өзгеруінен пайда болады.
Д) Жүрек жұмысының функциясы өзгергенде пайда болады.

Е) Адам ағзасына үздікті электр тогымен әсер еткенде пайда болады.

2. Электрокардиография - ол

А) Мидың биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс
В) Бұлшықеттің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс
С) Көздің тор қабатының биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс
Д) Жүректің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс
Е) Терінің биопотенциалын тіркеуге және талдауға негізделген әдіс

3.Терінің электрлік кедергісінің тәуелді шамасы
А) Көлденең қимасының ауданына
В) Қалыңдығына
С) Ылғалдығына
D) Қалыңдығына, ылғалдығына және жасына

Е) Электродтың көлденең қимасының ауданына

4. Жүрек бұлшықеттерінің барлығы бір сәтте жиырылмай әр қайсысы әр уақытта жиырылады. Осындайпроцес
А) Жүрек фибрилляциясы
В) Асфикция
С) Гипоксия
D) Дорсонвализация
Е)Кардиостимуляция

5.Электрокардиография
А) Жүрек бұлшық етінің қозуын тіркеу
В) Жүрек биопотенциалының өзгерісін тіркеу
С) Жүйке жүйесі биопотенциалының өзгерісін график арқылы бейнелеу
D) Жүректің бұлшық етінің ауруын емдеу әдісі
Е) Электр өрісінің әсерінен биопотенциал моделінің өзгеруі

6. Диатермия әдісінде
А) Тері мен сілекейлі қабыққа жоғары жиілікті электр тогының разрядымен әсер етеді
В) Ағзадан жоғары жиілікті электр тогымен әсер етеді
С) Адам ағзасына жоғары жиілікті электр өрісі әсер етеді
D) Адам ағзасына тұрақты электр өрісімен әсер етеді
Е) Адам ағзасына жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді

7. Бұлшықет
А) Қатты дене деп қарастырылады
В) Тұтқыр дене деп қарастырылады
С) Серпімді-тұтқыр дене деп қарастырылады
D) Жұмсақ дене деп қарастырылады
Е) Серпімді дене деп қарастырылады
8. Математикалық моделдеу деп
А) Түпнұсқаның функциясын математикалық жолмен абстракциялауды айтады
В) Функцияналдық байланыстың графигін салуды айтады
С) Сызықты байланыстың теоремаларын айтады
Д) Обектіні сипаттайтын математикалық теоремаларды айтады
Е) Тірі ағзадағы процестер туралы мәліметтерді айтады

9. Физикалық моделдеуге
А) Физикалық апаратуралар жатады
В) Өлшеуіш приборлар мен құралдар жатады
С) Өлшеу нәтижелері жатады
D) Тірі ағзаның мөлшерін немесе бөліктерін ауыстыра алатын кондутр жатады
Е) Тірі ағзадан алынған мәліметтер
10. Сыртқы әсер етуші күшпен бұлшықет жиырылуы теңескенде изотондық
жекеленген қысқару процесі өтеді. Сондықтан
А) Бұлшықеттердің босаңсу жылдамдығы артады, жүктеме белгілі бір шамаға жеткенде тез тоқтайды
В) Бұлшықеттердің сыртқы қысқаруы болмайды
С) Бұлшықеттердің жиырылуы максималды болады
D) Жүктеме өскен сайынжеке жиырылукешігеді
Е) Сыртқы қысқару бұлшықеттерде болмайды

ІІ - вариант

1. Егер жүктеме болмаса, онда
А) Бұлшықеттердің босаңсу жылдамдығы артады, жүктеме белгілі бір шамаға
жеткенде тез тоқтайды
В) Бұлшықеттердің сыртқы қысқаруы болмайды
С) Бұлшықеттердің жиырылуы максималды болады
D) Жүктеме өскен сайын жеке жиырылу кешігеді
Е) Сыртқы қысқаруда бұлшықеттер болмайды

2. Бұлшықеттердің ұзындығы жүктеменің әсерінен қысқаратын болса, онда оны
А) Изометрлік дейді
В) Изотондық дейді
С) Соркомалық дейді
D) Коллогендік дейді
Е) Эластиндік дейді

3. Электроэнцефалография - бұл
А) Бұлшықеттің биоэлектрлік белсенділігін анықтау әдісі
В) Бас миының биоэлектрлік белсенділігін анықтау әдісі
С) Диагностика мақсатында тіндер мен ағзаның биопотенциалын тіркеу
D) Бастағы мидің ісігі мен сулы ісіктерін анықтау әдісі
Е) Мидын физиологиялық күйін анықтайтын дыбыстарды зерттейтін әдіс.

4. Фонокардиография, реография и балмистокардиография әдістерінің негіздерін
көрсетіңіз.
А) Электрлік емес шамаларды электрлік әдіспен тіркеу.
В) Әртүрлі ағзалардың биопотенциялдарын тіркеу.
С) Электрлік шамаларды тіркеу.
D) Импульстік тондарды тіркеу.
Е) Жүректегі шуларды тіркеу.

5. УЖЖ-терапеия әдісінде.
А) Терімен сілекейлі қабаққа жоғары жиілікті электр тогының разрядымен әсер етеді.
В) Жоғары жиілікті электр тогы өткенде бөлініп шығатын жылу әсер етеді.
С) Адам ағзасына жоғары жиілікті электр өрісімен әсер етеді.
D) Адам ағзасына тұрақты электр өрісімен әсер етеді.
Е) Адам ағзасы жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді.

6. Электроокулография (кейде электро ретинография - дейді) - ол
А) Мидың биопотенциялын тіркеу және талдау негізгі әдісі.
В) Бұлшық еттердің биопотенциялын тіркеу.
С) Көздің тор қабатының биопатенциялы.
D) Жүректің биопотенциялы.
Е) Терінің биопотенциялы.

7. Ағзаға импульстік токтың әсер ету арқылы жүргізілген әдісті.
А) Электрофорез
В) Төменгі жиілікті электрлік терапия
С) Гальванизация
D) Электростимуления
Е) Жоғары жиілікті электрлік терапия

8. Электрокардиограмма деп
А) Жүректің функцияналдық ерекшеліктеріне сәйкес пайда болатын биопатциалды тіркеу әдісін айтамыз.
В) Адам денесі бетіндегі екі нүкте аралығындағы кернеуліктерді жазуды айтады.
С) Тірі жасушалардағы ток күші өзгерісін жазуды айтады.
D) Тірі жасушаның кедергілерінің өзгерісін жазуды айтады.
Е) Өзгерген кездегі тірі жасушалардың кедергісін жазуды айтады.

9. Биопотенциалдар
А)Тіннің және жасушалардың қозуы нәтижесінде оларды қоршаған ортадағы иондардың таралымының өзгеруі.
В) Кеңістік кезіндегі екі нүктелердің арасындағы пайда болатын электрлік әдістері.
С) Тірі ағзадағы өтетін электрлік тогы.
D) Адам ағзасына емдеу мақсатында қолданылатын электр тогы.
Е) Электрлік тогы өтетін тірі ағза
10. Электромиография-ол
А) Мидың биопатенциялы тіркеу және талдауы негізделген әдісі.
В) Бұлшық еттің биопатенциялы
С) Көздің тор қабатының биопатенциялы
D) Жүректің биопатенциалы
Е) Терінің биопатенциалы

Тесттің дұрыс эталоны

I нұсқа
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

а
д
с
а
в
в
с
а
д
д

II нұсқа
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

с
в
в
а
с
а
д
а
а
в
Бағалау критерий
10-9=5
8-7=4
6-5=3
5=2

4 Қатеман жұмас, баға қою және түсінік беру (5 мин) -Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай берілген тест жинағы бойынша алған білімдерін бағалау.
Бағалау критерийлері



Аты жөні

Студенттердің теориялық білімін бағалау (ауызшы сұрақтар бойынша)
Тест тапсырмасы арқылы бағалау
Студенттердің жаңа тақырып бойынша алған білімдерін. бағалау
Жалпы бағасы
1

2

3

4

5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (30 мин)
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:

Сабақтың тезистері: - Электродтар.
- Датчиктер және түрлері.
- Жүректің электрлік белсенділігі.
- Электродтардың медицинадағы бағыты.
- Электроэнцефалограф, реограф құралдарының
диогностикалық маңызы.

Датчиктердің типтері, конструкциялық ерекшеліктері турлендірілетін мигналдың түріне, кірістегі электрлік емес сигналдардың физикалық параметрлерін және шығыстағы электрлік сигналының пішіні мен амплитудасына тәуелді болады.
Датчиктерге берілетін электрлік емес сигналдардың басты түрлері мыналар:
а) механикалық шамалар - сызықтық және айнымалы қозғалыс, жылдамдық, үдеу,
қысым, тербеліс жиілігі;
б) физикалық шамалар- температура, жарықталу, ылғалдылық;
в) химиялық шамалар - заттың ерітіндідегі таралымы, құрамы;
г) физиологиялық шамалар - тіннің қанмен қамтамасыз етілуі, тыныс алу көлемі,
қанның пульстық көлемі және т.б.
Датчиктер екіге бөлінеді:
2. Активті(генераторлық)
3. Пассивті (параметрлік)
Адам ағзасында өтетін және өлшеуге болатын параметрлерді екі топқа бөлуге болады: тікелей өлшеуге болатын параметрлер және тікелей өлшеуге болмайтын, бірақ жанама тәсілмен анықталатын параметрлер.
Датчиктер сыртқы әсердің салдарынан өздерінің электірлік параметрлерін өзгертіп тізбектегі ток пен кернеудің шамасына әсер етеді. Сондықтан олар өлшенетін электірлік сигналға түрлендіреді. Пайда болған электірлік шамаларды күшейтуге, тіркеуге қолдануға болады. Сондықтан датчиктерді түрлендіргіштер деп те атайды.
Датчиктердің типтері, конструкциялық ерекшеліктері турлендірілетін мигналдың түріне, кірістегі электрлік емес сигналдардың физикалық параметрлерін және шығыстағы электрлік сигналының пішіні мен амплитудасына тәуелді болады.
Датчиктерге берілетін электрлік емес сигналдардың басты түрлері мыналар:
а) механикалық шамалар - сызықтық және айнымалы қозғалыс, жылдамдық, үдеу,
қысым, тербеліс жиілігі;
б) физикалық шамалар- температура, жарықталу, ылғалдылық;
в) химиялық шамалар - заттың ерітіндідегі таралымы, құрамы;
г) физиологиялық шамалар - тіннің қанмен қамтамасыз етілуі, тыныс алу көлемі,
қанның пульстық көлемі және т.б.
Активті датчиктерге кірістегі электрлік емес сигналдардың әсерінен шығыста электрлік сигналдар пайда болады.Сыртқы әсердің салдарынан активті датчиктер өздері электрлік сигналдарын қорытып шығарады.Сондықтан оларды генераторлық датчиктер деп те атайды. Ол сигналдардың жиілігі мен амплитудасы кірістегі электрлік емес сигналдардың жиілігі мен амплитудасына сәйкес келеді. Ондай датчиктерге пьезоэлектрлік, индукциялық датчиктер және термоэлементтер жатады.
Пассивті датчиктер кірістегі электрлік емес сигналдардың әсерінен өздерінің электрлік параметрлерін өзгертеді. Электрлік параметрлеріне олардың кедергілері, сиымдылықтары және индуктивтілігі жатады. Сондықтан ондай датчиктерді параметрлік датчиктер деп те атайды. Пассивті датчиктер сыртқы ток көзі бар электрлік тізбегіне қосылады.
Датчиктің кедергісінің артуы тізбектегі электр тогының шамасын азайтады. Тыныс алу көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кедергі де үлкен болады, олай болса ток соған сәйкес кемиді және керісінше артады. Сонымен тізбектегі токтың амплитудасы, оның өзгеру жиілігі тыныс алу жиілігін сипаттайды.
Қазіргі клиникалық практикада қан тамырларының ішіндегі және жүрек қуысындағы қанның қысымын анықтау үшін электрлік тензодатчиктер қолданылады. Олардың жұмыс принципі кейбір материалдардың механикалық деформация әсерінен кедергілерінің өзгеруіне негізделген. Ондай заттарға кремнийорганикалық резина (силикон), нығыздалған шайыр (смола) және т.б. жатады.
Пьезоэлектрлік датчиктер, активті датчиктер қатарына жатады. Олар жүрек қанайналым жүйесінің күйін (пульс, систолалық және диастолалық қысым, жүректің тоны және шуы) және тыныс алу жиілігі мен көлемін анықтауға қолданылады.
Сыртқы күш әсер еткенде (қысқанда немесе созғанда) механикалық деформацияның нәтижесінде кейбір кристалдардың молекулалары поляризацияланады. Кристалдың қарама-қарсы беттерінде қарама-қарсы электр зарядтары пайда болады да олрдың арасында потенциалдар айырымы туындайды. Сыртқы күштің әсері тоқтағанда электрлік зарядтары <<жоғалады>>, кристалл бастапқы күйіне келеді.

Осы құбылысты пьезоэлектрлік эффект деп атайды. Мысалы, кварц кристалы үшін кремнийдің үш атомы және оттегінің алты атомы, зарядтармен салыстырғанда симметриялы орналасқан құрылымдық топ құрайды.
Егер осы кристалға қысатын күшпен әсер еткенде жоғарыда айтылғандай потенциалдар айырымы пайда болады. Мұндай пьезоэлектрлік кристалл диаметрі 10-15 мм, биіктіктері 3-5 мм болатын таблетка тәріздес қорапқа бекітіледі. Оларға қысатын күшпен немесе иетін күшпен әсер еткенде пьезоэффект пайда болады.
Артерия тамырларының серпінді күшінің жиілігіне сәйкес келетін потенциалдар айырымы жүректің соғу жиілігіне сәйкес келсе, потенциалдар айырымының шамасы қан қысымын сипаттайды.
Индукциялық датчиктің жұмыс принципі қозғалмайтын катушканың ортасындағы тұрақты магнит механикалық қозғалысқа келгенде тізбекте индукциялық ток пайда болады.
Индукциялық ток магнит қозғалмай катушка қозғалысқа келгкенде де пайда болады. Қораптың қозғалмайтын бір қабырғасына катушканы бекітеді. Қарсы қабырғаға үлбі тартылған. Сол үлбіге тұрақты магнит бекітілген. Тұрақты магнит қозғалғанда индуктивтік катушкада индукциялық электр қозғаушы күші пайда болады. Оның жиілігі пульстың жиілігіне, ал амплитудасы қан тамырындағы қан қысымына сәйкес келеді.

5 Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (20 мин) -
Студенттердің білімін ауызша сұрау арқылы пысықтау.
Сұрақтар:
1. Медициналық датчик деп - / Электрлік емес шамаларды пропорциональды түрде
электрлік сигналға айналдыратын сигналды айтады. /
2. Генераторлық датчик деп - / Кіріс сигналы әсерінен онда ЭҚК-і және ток өндірілетін
түрін айтады. /
3. Параметрлік датчик деп - / Кіріс сигналы шамасын өзгерткенде, оның бір электрлік
параметірі өзгеретін датчиктерді айтады. /
4. Термоэлектрлік датчиктің - терможұптың жұмыс істеу принципі деп - / Әр текті екі
металл өткізгіштің контактысының температурасы әр түрлі болуы себепті тізбекте термо
ЭҚК пайда болуына негізделген./
5. Тұйықталған электр тізбегінде температура өзгергенде термо ЭҚК-ң пайда
болуына негізделген датчиктері деп - / Термоэлектрлік датчиктер./
6. Электр тізбегінің екі нүктесінқосуға арналған арнайы пішінді өткізгішті -
/ Электрод./
7. Медико - биологиялық ақпараттарды алуға арналған датчиктерде не үшін
қымбат металлдар (Аg, Аu, Pt, Pd) қолданылады - / Металл мен адам денесінің
арасында пайда болған қажетсіз потенциялдар айырымын азайту үшін./
8. Электрлік емес сигналдарды электрлік жолмен өлшеуге арналған құралды -
/ Датчик./
9. Адамның тыныс алу жиілігін және тыныс алу көлемін анықтауға арналған
резистивті датчиктің жұмыс принципінің негізін көрсетіңіз: / Тыныс алу кезінде
датчиктің кедергісі артады себебі ұзындығы өседі./
10. Индуктивті датчик - тобына жатады - / Белсенді датчиктер./

6 Сабақты қортындылау (5 мин) - Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру
арқылы қорытындылау.

7. Үйге тапсырма беру (5 мин) - Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға
сұрақтар мен тапсырмалар беру.

Тақырыбы: Медио-биологиялық ақпараттарды алу үшін датчиктер мен
электродтардың биофизикалық әсерін пайдалану.

а) Өзіндік дайындауға арналған сұрақтар:
1. Медициналық датчик деп -
2. Генераторлық датчик деп -
3. Электрлік емес сигналдарды электрлік жолмен өлшеуге арналған құралды
4. Термоэлектрлік датчиктің - терможұптың жұмыс істеу принципі -
5. Индуктивті датчик - тобына жатады ол -
6. Медико - биологиялық ақпараттарды алуға арналған датчиктерде не үшін
қымбат металлдар (Аg, Аu, Pt, Pd) қолданылады -
7. Тұйықталған электр тізбегінде температура өзгергенде термо ЭҚК-ң пайда
болуына негізделген датчиктері деп -
8. Электр тізбегінің екі нүктесінқосуға арналған арнайы пішінді өткізгішті -

Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Бират Көшенов / Медициналық биофизика/ .-Алматы: Қарасай, 2010
2. Бират Көшенов / Медициналық биофизикадан тестілер жинағы/. - Алматы,2010 ж

Қосымша әдебиеттер
3. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған
оқулық /.-Алматы: Мектеп 2001
4. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992
5. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2001

WEB сайттары тізімі
6. www.google.kz
7. www.fizica.ru
8. www.e-gov.kz

Ұқсас жұмыстар
Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы
Қан топтары
Қорғау құралдары
Электр шамының ток күші мен кернеуін анықтау
Электр сыйымдылық
Жүктеме жалғасқан орам саны
Физика пәнінен қауіпсіздік техника ережелері
Синхронды машиналарда ротордың айналу жиілігі статордың магниттік өрісінің айналу жиілігіне тең
Автомобиль көлігін басқарудың электронды жүйелері, автомобильдердің электронды жүйе сезгілертері
Конденсаторлардың тізбекті жалғануы
Пәндер