Байқоңыр қаласы №274 орта мектепте үш тілді білім беруді дамыту: тәрбиелік іс-шаралар мен сайыстардың қорытындылары

Байқоңыр қаласындағы № 274 орта мектебінде «Үш тілде білім беруді дамыту жөніндегі» өткізілген материалдар

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан!» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген болатын. Соған орай 8 «А», «Б» сыныптарында «Үштілділік-үш тұғырым» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарының басты мақсаты- оқушыларға үш тілді білу-заманның талабы екенін түсіндіру, өз тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеу болды. Оқушылар мен сынып жетекшілердің жоғары дайындықпен келгендері, өнерлі оқушылардың бар екендігі байқалды. Сынып жетекшілер Тлеубергенова Урзада, Сулейменова Уланай интербелсенді тақтаның барлық мүмкіншілігін тиімді пайдалана білді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар айтып жарысып, әділ-қазылар алқасының көңілінен шығып жатты. Тәрбие сағатында патриоттық әндер орындалып, әр түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, домбырамен күйлерін шертті. Сонымен қатар оқушылар мен ұстаздарға мектептің мәжіліс залында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне арналған лездеме ұйымдастырылды. 2 «Г, Д, Е, Ж» сыныптары «Тіл - тәуелсіздік тірегі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға, Елбасымыздың«Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттауға, әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру мақсатында « Тілдерді меңгеру - жарқын болашақтың бағдаршамы» атты 4, 5, 6 сынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыс үш тілде болды. Оқушылар сайысқа қатысуға қызығушылық танытты. Үлкен жауапкершілікпен, өз еліне деген патриоттық сезіммен, тілге деген құрметпен қараған оқушылар, өздері таңдаған өлеңдерін шын жүрекпен нақышына келтіріп, үш тілде оқып, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыстың нәтижесінде орыс тілінде оқыған: Қанатбекова Алина I орынға, Болатова Жанель II орынға, Башырова Томирис III орынға ие болды. Ағылшын тілінде: Баганалиева Назерке I орынға, Оразғалиқызы Аяулым II орынға, Ағытаева Жаннұр III орынға ие болды. Қазақ тілінде: Есқабылова Аида I орынға, Сұлтанаева Үміт II орынға, Ауесханов Бағлан III орындарға ие болды. Әділ-қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп. Оқушыларды мадақтамалармен марапаттады. Педагог-ұйымдастырушы Есіркеева А. 7-8 сыныптар «Тіл - тұнық ойдың кәусәрі» атты қабырға газетінің байқауы өтті. Байқауға сынып оқушылары шығармашылық қызығушылығын танытып, белсене қатысты. 9 сыныптар арасында «Ана тілім-асыл қазынам» атты шығарма жазу сайысы өтті. Шығарма жазу барысында оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдерін, көзқарасын, жазбаша тәжірибесін көрсете білді. Шығармадан оқушының тілдік мәдениетін, сөздік қорын, теориялық білімін, әдеби ұғымымен түсінігін, жазуға икемі мен ойлау деңгейін байқадық. Соның ішінде ерекше көзге түсіп, тақырыбы терең түсіндірілген, эмоционалдық жақтан анық баяндаулы, көркем тілмен, орфографиясы тамаша жазылған сайыскеріміз 9 «В» сынып оқушысы Налибаева Зарина І орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.

G:\қабырға газеті.jpg

G:\қазақ биі.jpg

G:\күй тарту сәтінде.jpg


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда үш тілді білім беруді жүзеге асыру шарттары
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралар мен сайыстардың жинағы
Бастауыш білім негізі: онкүндік іс-шаралар мен әдістемелік жоспары
Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің 2014-2015 оқу жылын ашу салтанатының бағдарламасы
Үш тілді меңгеру - жарқын болашақ кепілі: №83 орта мектептегі танымдық сабақ
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсаттары мен іс-шаралар жоспары
Мектепке дейінгі мекемелердегі үш тілді меңгертуге арналған сайыс сценарийі
Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 мектептің 2012 жылғы 1 қыркүйек - Білім күні Сыңғырла күміс қоңырау салтанатты жиынының бағдарламасы
Алтын күз мерекесінің тәрбиелік-танымдық және шығармашылық іс-шаралар жоспары
Үш тілділік бағдарламасы аясындағы 7-сынып сабақ жоспары: Үш тілді білу - елге үлгі болу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz