Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасындағы татулық

Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы татулық
Сабақтың мақсаты: отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
-отбасындағы татулық туралы түсініктерін кеңейту;
-отбасында өзара сыйластық, өзара түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету;
-туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, ойынға қажетті құралдар, үнтаспа
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады.
-Амансыңдар ма, балалар! Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Енді
барлығымыз М.Мақатаевтың өленің бірге айтайық.
Анам маған-
үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған
ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден
ауысқан кішілікті
Үлкендердің
өзіне сыйға берем.
Әңгімелесу
Тәрбиеші балаларға аңыз әңгімені оқып береді.
Отбасы татулығы
(Аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп
екен,олар бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде,
татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал
деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенін растығын
білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті,
тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа
бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,
уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң қалып.
Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білігісі
келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай
жеткендерін айтуын өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет
«бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
- Осы-ақ па?
- Ия, - деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден
құралады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып
қойды.
• Өсиет әңгіме не жайлы?
• Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырды?
Балалардың жауаптары.
Дәйексөз
-Ата-анаң саған туғанынан бастап, азамат болғанша қамқор болады. Сен
де оларды сыйлауға, құрметтеуге үйренуің керек. Халықта : «Ата-анаңа
құрметпен қарап, әдеппен сөйле» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
Тәрбиеші «Ата-анаңа құрметпен қарап, әдеппен сөйле» деген нақыл сөзді
бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Сергіту сәті
Қане сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз тұрамыз.
Серігіп бір қаламыз,
Сергітуге мың алғыс.
Ойын «Ғажайып сандықша»
Әдемі сандықшада отбасының суреттері (ата, әже,шеше, аға, әпке, іні,
қарындас, т.с.с. ) салынған. Балалар көзін жұмып, сандықшаның ішінен бір
суретті алып, суреттегі бейнеге өз құрметін, сыйластығын қалай білдіретінін
айтады.
Тәрбиешінің сұрақтары:
• Сен әжеңді қалай сыйлайсын?
• Сен атаңа қандай құрмен көрсетесің?
• Қарындасыңмен татусыңба?
• Ініңмен қандай ойындар ойнайсын?
Ойын осылай жалғасады.
Тыныштық сәті
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,
ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,
еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақалып, бағытқа, махаббат
пен тыныштыққа толы, шипылы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Ал
енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс
Тәрбиеші балаларға дәптердегі тапсырманы түсіндіреді.
-Дәптерге өз жанұя мүшелерінің іс-әрекетін салыңдар.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақ бойы айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Үлкендерді құрметте
Ата-анаңды сыйла, ренжітпе.

Қорытындылыу
Тәрбиеші сабақты қорытындылайды.
-Біз бүгін отбасыда туыстардың, жақын адамдардың бірін-бірі жақсы
көретіні, сыйласып, тату болатыны, бір-біріне әрқашанда көмектесіп, қамқор
болатыны туралы білдік.Отбасы мүшелері бір-біріне түсіністікпен,
сүйіспеншілікпен қараса, барлығы бақытты болып, отбасында татулық орнайды.
Жүректен-жүрекке
Балалар шеңберге жиналып, тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын
қайталайды.
Әкем, шешем
және мен
Тату-тәтті
тұрамыз.
Сыйластықпен,
махаббатпен,
Сауық-сайран
құрамыз!

Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы қарым-қатынас
Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілік туралы ұғымдарын кеңейту
Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу
Сабақтың қорытынды сәті
Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық-бір ел-бір тағдыр туралы
Ұлпан апа
Тәрбие тал бесіктен басталады. 9 сынып
Отбасы бір шаңырақ
Отбасы татулығы
Рахмет сізге
Пәндер