Топтарды бағалау

Сабақтың тақырыбы
Оқу құралдарым
Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаттар
Оқу құралдарым: Оқушыларды «Оқу құралдары» тақырыбы төңірегінде сөйлеуге, тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Сұрақ қойып, дұрыс жауап беруге үйрету.
Сабақтың тақырыбы: Оқыту нәтижесі
Оқу құралдарым: Оқу құралдары не үшін керек екенін біледі, топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді; сабаққа қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері артады.
Сабақтың тақырыбы: Дереккөздер
Оқу құралдарым:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

АКТ;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың тақырыбы: Тапсырмалар
Оқу құралдарым:

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал «Сәлемдесу».

Топ ережелерін еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық» стратегиясы.

Топ құрамын ауыстыру үшін топқа бөлу: сыныптағы оқушылардың санына қарай бөлу, I, II, III топтарға бөлу. Топтарға ат қою.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Жаңа сөздермен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Сергіту сәті. «Сәйкестендіру кестесі» стратегиясы

Ребустарды, санжұмбақ шешу, тапсырмаларды орындау.

Бекіту сұрақтары: сұрақ- жауап.

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Шаттық шеңбері :

Балаларды шеңбер жасауға шақырамын:
- Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?
- Ол неге ұқсайды?

- Ендеше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.
- Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.
- Қайырлы таң, көздерім сендер ояныңдар (көздерін уқалайды)
- Қайырлы таң, құлақтарым сендер ояныңдар (құлақтарын уқалайды)
- Қайырлы таң, саусақтарым сендер ояныңдар (шапалақтайды)
- Қайырлы күн, сенде ояндың ба? (жымиып күледі) . Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты. Сәлеметсіздер ме!
- Бүгінгі күніміз жақсы болсын, көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз сабақ барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.

2. Топ ережелерін еске түсіру.

II Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақта балалар, біз кітапхана тақырыбын өткен болатынбыз. Осыған орай топтарға жеке жеке тапсырмалар берілген болатын. 1топқа -Кітапханада өздерін қалай ұстау керектігін жазып келуге, 2 топқа- кітап туралы мақал мәтелдер жазып, жаттап келуге, 3 топқа -«Кітапханада» тақырыбына әңгіме жазып келуге берген болатынмын. Әр топтан оқушылардан кезектеп сұрау, бағалау. «Ыстық орындық» стратегиясы.

Өте жақсы, балалар, ендеше бүгінгі біздің жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын мына карточкаларға караймыз, барлығымыз келіп, нөмірленген карточканы алып, үш топқа бөлінеміз.

Барлығымыз қолымыздағы карточкаларды жинап сурет шығарамыз.

Топқа бөлу. Ат қою.

1 топ-«Кітаптар» суреті

2 топ «Қарындаштар» суреті

3 топ «Күнделік» суреті шықты. Өте жақсы, балалар. Мұғалім жетондарды беріп бағалатып отырады.

Балалар (кітап, қарындаш, күнделік) бір сөзбен айтқанда бұлар не? «Оқу құралдары».

Балалар, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыздың аты «Оқу құралдары. »

Жаңа тақырыптың мақсатымен, барысымен таныстыру.

Оқушылар үш топқа бөлінгендіктен үш топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі және әр орындалған тапсырмаларға сай бағаланады.

Оқушыларға жаңа тақырыпты жазғызу.

Балалар біз сендермен 1, 2, 3 сыныптарда өткен болатынсыңдар. Оқу құралдарына не жатады?

1-тапсырма. Сөздікпен танысу, жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазу.

Жаңа сөздермен сөз тіркесін құру.

Топтарға жетон таратылады. Бағалау.

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп үш топтан 2-3 оқушыдан тізбектеп оқу.

Менің оқу құралдарым.

Менің оқу құралдарым бар. Олар: кітап, дәптер, күнделік, қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар, пенал, сызғыш, өшіргіш. Кітап оқу үшін керек, дәптер жазу үшін керек. Ал, күнделік мұғалім баға қою үшін керек. Күнделікте жақсы бағалар болу керек. Менің сөмкемдемде кітап, қаламсауыт, күнделік, дәптер бар. Мен оқу-құралдарымды өте таза және ұқыпты ұстаймын.

Екі топ мәтінге 5 сұрақ жазады.

Және өздері сұрақтарға жауап береді.

Топтарды бағалау.

Сергіту. Барлығымыз интерактивті тақтаға қарап, тұрып билейміз.

3-тапсырма. Бұл тапсырма қазіргі заман талабы болғандықтан, 3 сынып ағылшын тілін үйреніп жатқандақтан 3 тілді меңгерту мақсатында оқу құралдарын үш тілде айтады және сәйкестіреді.

Сәйкестіру. Әр топтан оқушылар шығып қазақ және ағылшын сөздерді сәйкестіреді, ауызша орысша баламасын айтады

Сөмке copybook ( тетрадь)

Қылкалам chalk (чок) мел

Қарындаш bag сумка

Қаламсауыт pencil карандаш

тақта pencil box пенал

бор biackboаrd доска

дәптер brush (браш) кисточка

күнделік diary дневник

Оқушыларды бағалау.

4 тапсырма. Ребус шешу.

Әр топқа ребус, санжұмбақ беріледі


Ұқсас жұмыстар
6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Күз (сайыс)
Тәкен Әлімқұловтың Қараой әңгімесіндегі Махамбет образы
Тігістер әлеміне саяхат. 8 сынып
Оқушылар бағалау
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Адамдар ғарышты қалай зерттеді
Басталды сайысымыз бүгінгі күн
Орталық Қазақстан орналасқан облыс
Отбасылық марафон
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz