Көңілді балалар әні

МЕКТЕП ӘУЕНДЕРІ
Мектеп
әуендері
Ұстазым
Әні мен сөзі. А. Дүйсеновиікі.
Тыңдағанған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Табылған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия алады
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
Өнердің мен білмейтін қатпаларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
У-у-у-у-у-у-у-у7
А-а-а-а-а-а
Жарқын жүзді ұстазым
Сөзі - Ш. Смаханұлынікі
Әні - И. Нүсіпбаевтікі
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып. (2 рет)
Сипадың да басымнан,
"Әліппені" ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім. (2 рет)
Мейір толы көзіңде,
Кім бар сенен шыдамды.
Шалыс басқан кезімде,
Кешіресің кінәмді. (2 рет)
Ақылшым - мұғалім
Сөзі - Әнуарбек Дүйсенбиевтікі
Әні - Ибрагим Нүсіпбаевтікі
Сәбилік көңілден,
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшым - мұғалім. 2 рет
Тіліңді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшым - мұғалім. 2 рет
Арқаңда өзіңнің,
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшым - мұғалім. 2 рет
А лғашқы ұстаз
1. Қолыма әліппе ұстатқан,
Алғашқы ұстазсыз өзіңсіз.
Тәрбиелеп бізді өсірген,
Әріпті, жазуды үйреткен.
Қ-сы:
Қатеміз болса кешірген,
Тентекті түсінген.
Мейірім төктің біздерге,
Аяуы ыстық жүректен.
2. Самайыңды ағартып,
Білім бердіғ біздерге,
Алғыс айтам өзіңе,
Шәкірт бала кезімнен .
Қ-сы:
3. Есейсек те біздерге,
Ұстаз баолып қаларсыз.
Бәрін түйіп жүрекке,
Өмірге қанат қағамыз.
ҰСТАЗЫМА
Сөзі Б. Әліқұловтікі
Әні М. Рахманқұловтікі
Шәкірт әр кез бас иер ұстазға ұлық,
Өнегеңді ұядан ұшқанда іліп.
Жылы сөзбен алдына жіберетін,
Парасат пен білімге құштар қылып.
Сағынбайды бұлақтай үніңді кім?!
Арналады өзіңе жырым бүгін.
Тәрбиелеп тазалық, жақсылыққа, (адалдыққа)
Жалықпастан төктіңіз білім нұрын.
Ұстаз барда тарылмас өрісіміз,
Қадірлейміз ұстазды сол үшін біз.
Қуансақ та қуанып бізбен бірге,
Қиналсақ та бердіңіз қол ұшын сіз.
Мектеп полькасы
Сөзі - Т. Молдағалиевтікі
Әні - И. Нүсіпбаевтікі
Біз - бейбіт ел ұланы,
Өнер-білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
Қ-сы:
Біз - батыр ел жастары,
Бақыт алға бастады. 2 рет
Тербетіліп алтын дән
Теңіздейін толқыған.
Даламызда тасқындап,
Еңбек күйі шалқыған.
Қ-сы.
Күш-қайраты қаулаған,
Келешекке арналған.
Алтын Айдын көлінде
Көгілдір ту қадалған.
Қ-сы .
Аяулы әнім-мектебім
Сөзі Ә. Аймақтікі
Әні С. Сапарәлиевтікі
Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.
Қ-сы:
Аяулы әнім - мектебім,
Шуағыңда көктедім.
Жүрсем-дағы қай жерде
Кцялымнан кетпедің.
Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған, ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.
Қ-сы:
Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым - әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.
Қ-сы:
Мектебім
Сөзі Қ. Мыңжановтікі
Әні М. Омаровтікі
Ашық-жарқын жүзді,
Ұстазың көп ізгі.
Мейірімін төккен
Аялап мың бізді.
Қ-сы:
Әріптерді танып,
Білімге еркін қанып,
Қардіріңді ұқтық,
Жанға ләззат алып.
Сен болмасаң мектеп,
Мақсатқа кім жетпек.
Құшағыңда өстік,
Қызғалдақтай көктеп.
Әлем сырын ашқан,
Шежірең жыр-дастан.
Шәкіртіңбіз балғын,
Бауырыңа басқан.
Қ-сы:
Мамандықты таңдап,
Ұштық алыс самғап.
Жатыр басқа ұрпақ,
Думаныңды жалғап
Мұғалім - ол біздің
Сөзі - Мұзафар Әлімбаевтікі,
Әні - Ибрагим Нүсіпбаевтікі
Білімнің кілтіндей
Әліппе ұстатқан.
Оқуға іркілмей,
Тоқуға ұстартқан.
Қ-сы:
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалім - ол біздің!
Қамқоры ұл-қыздың,
Мұғалім - ол біздің!
Қиынға төзуге,
Үйреткен қашан да.
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қ-сы.
Мектеп вальсі
Сөзі - С. Жиенбаевтікі
Әні - Б. Ғизатовтікі
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді арала.
Қ-сы:
Нұрлы көктем,
Сүйді беттен.
Гүл көктемді қарсы алып,
Би билейміз ән салып.
Мектебім
1. Өмірге ең қажетті, ілім берген, керекті,
Қадірлеген ұшырған, алтын ұя мектебім.
Ұмтылдырған білімге, құлшындырған өмірге,
Ақ ниетті ұстаздар, бас иеміз сіздерге.
Қ-сы:
Жаншы, жаншы, жанаған шырақ болыш
Білім орда мектебім.
Ағып жатқан, ағып жатқан бұлақ болшы
Гүлдене бер мектебім.
2. Мектеп, ұстаз жас ұлан, қамқор болған жасыңнан.
Ер жеткен соң табылмас, жас күніңдей қасыңнан.
Өзің ұшқан ұяңды, ұмытпастан жүрейік,
Ұлағатты ұстазды, құрмет ете білейік.
Қ-сы:
Мектебім саған
1. Жайнай түс, сүйікті мектебім.
Сәулесін төгеді көкте күн.
Балауса балдырған шағымда,
Өзіңнен аларым көп менің.
Қ-сы:
Мектебім сәулетті мектебім,
Баурыңда түлеймін жетемін.
Сен бұлақ, мен қайық бір өскен,
Өзіңнен нәр алып келемін.
2. Ұстаздың мейірімі тәрізді
Жадымда қалады әр ізгің.
Тамаша тарихты таңытқан,
Мектебім өзіңе қарызбын.
Қ-сы:
АНАДАЙ АСЫЛ МЕКТЕБІМ
Сөзі М. Хакімжанованікі
Әні И. Нүсіпбаевтікі
Анадай асыл мектебім,
Құшағы нұрлы көктемім.
Өмірдің аттап өткелін,
Қойныңда өсіп көктедім. 2рет
Бағыңда құстай сайрадым,
Қырыңда гүлдей жайнадым.
Сәулетті, дарқан бесігім,
Тербеліп жүрмін осы күн. 2рет
Әліппе туралы ән
1. Кел, балалар, келіңдер,
Әліппені көріңдер.
Кәне, қарап шығыңдар,
Сурет сырын ұғыңдар.
Білім бар да, оқу бар,
Оқығанды тоқыңдар.
Қ-сы:
Әнімізге ұласар,
Әннің аты-Әліппе.
Бәріміз де тіл ашар
Кітабымыз Әліппе.
Үйренем әріптер.
2. Әкең менен анаң да,
Апаң менен ағаң да,
Шопан, биші, аспаз да,
Ғарышкер де, ұстаз да,
Барлық -барлық жақсы адам
Әліппеден бастаған.
Қ-сы:
Біз мектепке барамыз
1. Біз мектепке барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты.
Кілең бестік аламыз.
Қ-сы.
Ән салайық бас қоса,
Бақшаменен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
2. Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Үлкен болып өссек те,
Бақшамызды қимаймыз.
Қ-сы:
3. Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітпты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Қ-сы:
ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ!
Сөзі Ө. Тұрманжановтікі
Әні Н. Дүкенбайдікі
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в. . .
Өзім оқып кітапті,
Жалынбадым ағама.
Қуанды апам оқудан,
Алған бестік бағама.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в. . .
Қош бол, құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы апам болып сен,
Айыбымды кештің сен.
А. Ә. Б. В. а. ә. б. в. . .
СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ - МЕКТЕБІМ
Сөзі Ш. Смаханұлынікі
Әні Ө. Байділдаевтікі
Қызықты каникул кезінде
Асыр сап ойнадық, демалдық,
Сүйікті, мектебім, өзіңе
Қуанып қайтадан оралдық.
Гүл тердік тоғайда, орманда,
Шіркін-ай, жайдары жаз қандай.
Төл күтіп жайлауда, қырмаңда
Жинастық бидайды маржандай.
Сәулесі әйнекке шағылып,
Нұр төкті класқа көкте күн.
Келдік біз оқуды сағынып,
Сүйікті ұстазым - мектебім.
ҰСТАЗЫМ
Сөзі М. Әміржановтікі
Әні Н. Дүкенбайдікі
Анамдай, мәпелеп,
Өмір көшінде.
Бауладың жетелеп,
Бәрі есімде.
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
Қуандық баладай,
Көріп жемісін.
Өрлесем мен самғай,
Сенің жеңісің.
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
Дарыған бойыңа,
Ұлы адалдық.
Болсыншы тойына,
Әнім базарлық.
Ұстазым, бағымсын,
Жайқалған әсем.
Өзіңнен табамын,
Керемет деректі.
Ғылымның жолында,
Өмірге керекті.
ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ӘН
Сөзі Қ. Смағұлдікі
Әні Н. Дүкенбайдікі
Ұстаздық ойдан нәр алған,
Өткізіп өмір, қыс, жазын.
Жалыннан жаны жаралған,
Қиын-ау жолы ұстаздың.
Ұшырып биік аспанға,
Қарлығаш қанат арманда.
Жақсылық үшін басқаға,
Күн менен түнін арнады.
Тапқандай содан бақытын,
Өрмелеп қиын асқарға.
Қалғандай ізі уақыттың,
Күмістей аппақ шаштарды.
Жинаған сырын жылдардың,
Кеңпейіл көңіл сандықтай.
Қамқоршы болмай шыдар кім,
Сезімі нәзік жанды ұқпай.
Шығарған мерей атағың,
Шәкіртке ұстаз анадай.
Қызықтар әрбір қадамын,
Ұстазға шәкірт баладай.
ШӘКІРТТЕР ВАЛЬСІ
Сөзі Қ. Смағұлдікі
Әні Н. Дүкенбайдікі
Сусындап білім нәрін саяңда ұдай,
Көктемнің түлеп өстік бояғындай.
Анамдай қамқор болған ұстаздарым,
Әлі тұр көз алдымда баяғыдай.
Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.
Өзіңнен бастау алған бұлақтарым,
Ашылып әр жүрекке сыр ақтардың.
Алдыма тартқандайсың арман қылып,
Өмірдің жұмбағы мол сұрақтарын.
Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.
Алсам деп ұстаздықтың ізгі салтын,
Атыңа естіген жұрт қызығатын.
Оқумен сенде өткен әр жылымда,
Жас шақтың бейнесі бар жүзі жарқын.
Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.
Албырт шақ: әр нәрсеге көңіл ауды,
Білгенге ұмытылмастай өмір-ау бұл.
Шақырған шәкірттердің ой толғауға,
Үні тұр құлағымда қоңыраудың.
Ұстаздық төзімдер,
Шәкірттік сезімдер.
Жылдармен жалғасып,
Барады алмасып.
МЕКТЕП-ДАСТАН
Сөзі С. Нұрмағамбетовтікі
Әні Қ. Мерсалимовтікі
Төгіліп шуақ нұрын сәуле шашқан,
Ғаламат болашақка құшақ ашқан.
Білімнің таусылмайтын бұлақ көзі,
Қызықты, шежірелі нұрлы дастан.
Қ-сы:
Көгілдір көк байрақтай ашық аспан
Жасай бер, туған елім Казахстан!
Жазылсын шартарапқа үлгі болып!
Керемет Казақ деген ғажап дастан!
Сарқылмас шәкірттерге білім құйған,
Салт-дәстүр бойымызға қуат жиған.
Сүйікті асыл мектеп-білім ордам,
Ән болып көңілдерге шарықтаған!
Қ-сы.
ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕКЕ!
Сөзі Т. Рахымовтікі
Әні Ж. Еңсеповтікі
Шертіп сыры мол күйді,
Жүрегіміз толқиды.
Көкіректі кернейді ән.
Қ-сы:
Барлық ұстаз апайлар,
Барлық ұстаз ағайлар!
Құтты болсын,
Құтты болсын төл мейрам!
Би билейміз, талмаймыз,
Әнімізді арнаймыз,
Ұстаздардың бәріне.
Қ-сы.
Біз жүрейік мақтанып,
Бөленіңдер шаттанып,
Шәкірттердің әніне.
Қ-сы.
СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ, СЫҢҒЫРЛА!
Сөзі С. Қалиевтікі
Әні М. Дауылбаевтікі
Армысың, аяулы мектебім!
Сағынып оралдық қайта біз.
Демалыс, жаз қалай өткенін
Өзіңе жыр қылып айтамыз.
Қ-сы:
Әкелдік көл лебін, күн нұрын,
Гүлдерін ойдың да, қырдың да.
Той бүгін шаттанбас кім бүгін
Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!
Көп сырын қоңырау үнінде
Ырысын арқалап күз келді.
Ыбырай атадай білімге
Шақырып тұрсың-ау біздерді.
МАҒАН ҰСТАЗ ҮЙРЕТТІ
Сөзі Ж. Сыздықовтікі
Әні М. Дауылбаевтікі
Маған ұстаз үйретті
Әліппесін өмірдің,
Жан-жүйемді билетті
Күйі шалқып көңілдің.
Мені ұстаз баулыды
Тәтті жыр мен өлеңге.
Тәрбиемнің әр күні
Тартты ілгері белеңге. . .
Қайырмасы:
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді
Алдағы өмір шырағын.
Өмір күйі аңсаған,
Қандым мөлдір тұнықтан.
Шашты қырау шалса да
Ұстазымды ұмытпан!
БІРІНШІГЕ БАРАМЫН
Сөзі С. Сейітовтікі
Әні Т. Тайбековтікіі
Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламын.
Мынау - есеп кітабым,
Мынау - менің «Әліппем».
Бәрін жинап сықадым,
Тұрмын түгел танып мен.
Ойыншығым, қаларсың,
Берем енді ініме.
Кейін әлде аларсың
Сентябрьдің бірінде.
САЯ БАҒЫМ
Сөзі Ш. Смаханұлынікі
Әні А. Райымқұлованікі
Сүйікті менің мектебім,
Самалды сая бағымдай.
Өзіңнен өсіп көктедім,
Талабым тасқа шағылмай.
Еркелеп өстім жарқылдай,
Еңселі үйім, төрінде.
Анамның махаббатындай
Құшағың ыстық сенің де.
Үш десең күнге жетейін,
Баулыған өзің, мектебім.
Жерімді көркем етейін,
Әкеліп ерте көктемін.
Еркелеп өстім жарқылдай,
Еңселі үйім, төрінде.
Анамның махаббатындай
Құшағың ыстық сенің де.
Үйретеді мектептерде, үйретеді
НАУРЫЗ
әуендері
НАУРЫЗ
Сөзі М. Ермекбаевтікі
Әні Қ. Сәтиевтікі
Кәне, достар, биле, биле,
Құлағың сал ән мен күйге.
Наурызды тойлағанда
Отырмаңдар босқа үйде.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Қ-сы:
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын!
Наурыз! Наурыз!
Құтты болсын Наурыз!
Келіңіздер, келіңіздер,
Бізбен бірге еріңіздер.
Ақ көженің дәмін татып,
Тамсанып бір көріңіздер.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
Қ-сы:
Бақыт тілеп жолдастарға,
Жаңа өмірді қарсы алайық.
Ақ көңілмен, ақ тілекпен,
Асқақтата ән салайық.
Наурыз! Наурыз! Наурыз!
Таң шапағы қарсы алып наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән салайық.
НАУРЫЗ КЕЛДІ
Сөзі Қ. Смағұлдікі
Әні Н. Дүкенбайдікі
Наурыз келді далама,
Наурыз келді қалама.
Қуанады ата-ана,
Қуанады бала да.
Оң болды да жорамыз,
Төлге толды қорамыз.
Айран, қымыз толығып,
Аққа толды шарамыз.
Наурыз болсын әніміз,
Наурыз болсын сәніміз.
Наурыз көже көп ішсек
Жасарамыз бәріміз.
НАУРЫЗ
Сөзі Е. Жапақтікі
Әні А. Сағаттікі
Шығыстан жалын тарады жер бұсана жатты бұдай,
Күн теңесіп түн мен қалады қалаған соны құдай.
Түркістан тасы ерідау көктем,
Көзімнің жасы айхау еркем.
Наурыз, наурыз!
Жылы жел келді, айхай, сары май,
Тары көже төгілдей,
Ақтады жайдау, айхай!
Қарасаң алтын мейрам адамнан келді арай,
Жер беті жасыл сайран сары дала әнмен шырай.
Түркістан тасы ерідау көктем,
Көзімнің жасы айхау еркем.
Наурыз, наурыз!
Жылы жел келді, айхай, сары май,
Тары көже төгілдей,
Ақтады жайдау, айхай!
НАУРЫЗ
Сөзі Г. Жұмақасовтікі
Әні Л. Мельникованікі
Жаңа Жыл - Наурыз.
Оқуда да табыс.
Әр үйге шаттықты,
Әкеледі бақытты.
Қ-сы:
Наурыз, Наурыз!
Ән, ойын, жарыс.
Әнімен қобыз.
Әкелер жақсы іс.
Көңілді айтыс,
Біз үшін табыс.
Наурыз - жаңа жай.
Далаға кілем жай.
Алтындай қызғалдақ -
Жас жылды қарсы алсақ.
Қ-сы:
НАУРЫЗ
Сөзі А. Байтұрсыновтікі
Әні Б. Ахмешевтікі
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!
Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!
Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім барынша қонақ-асы.
Келгеніне құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.
Қ-сы:
Сәлем бердік! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!
Құтты болсын! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!
Көңілі түгел адамның сен келген соң,
Самарқанның елжіреп түскен тасы.
Күйін көріп қуанған мұңсыз деме!
Толып жатқан көбінің бар мүддесі.
Табақ тартып: «Сәлем», - деп қол жаяды жұрт
Батаңды бер, жарылқар жыл мырзасы!
Қ-сы.
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!
Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!
Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім барынша қонақ-асы.
Келгеніне құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.
Қ-сы.
Наурыз думан
Әні Т. Сарыбаевтікі
Сөзі М. Мақатаевтікі
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз
1. Жаңа жыл наурыз
Оқуда да табыс,
Әр үйге шаттықты,
Әкеледі бақытты.
Қ-сы:
Наурыз, наурыз,
Әнмен елді жарыс.
Әніменен қобыз,
Әкелер жақсы іс,
Көңілді айтыс біз үшін табыс.
2. Наурыз жаңа жай,
Далаға кілем жай.
Алтындай қызғалдақ,
Шашылды қарсы алсақ.
Қ-сы:
3. Наруыз Новый год,
Счастье нам принесет.
Каждый дом звонкий смех
И вучебе успех.
Пр-в:
Наурыз, наурыз,
Танцы игры и айтыс.
Радостный и веселый.
Праздник внашей школе
Наурыз
1. Жаңа жыл келді наурызым,
Бәйшешек жарды қауызын.
Жыл менен бірге малта өлшеп,
Пісірді әжем уызын.
Наурыз келді Жаңа жыл,
Арнайы саған жаңа жыр.
Жасарды жайнап дүние,
Оранды гүлге ой мен қыр.
Қ-сы:
Наурыз, наурыз жыл басы,
Жаңа жыл жырдың арнасы.
Құт әкелсін жаңа жыл,
Қуансын деп баршасы, наурыз.
2. Жаңа жыл келді халайық,
Наурыз бізді қарсы алайық.
Жаңа өмір, жаңа жыр арна.
Шырқатып әнге салайық
Гүл менен көп сөйлестік,
Наурыз амал желге өстіп.
Құтты болсын, Жаңа жыл
Тойлайық достар бұл кешті.
Құтты болсын, құтты босын наурыз.
Қош, кедің төрлет наурызым
1. Қош келдің, төрлет наурызым,
Ерітіп дала қар, мұзін.
Бәйшешек жады ақ гүлін,
Гүлденді жайнап жер жүзі.
Қош кедің төрлет наурызым.
2. Қош келдің, төрлет наурызым,
Қызғалдақ толы ал қызыл.
Даланы-ай ән -жыр күй кернеп,
Өнерін салсын ұл-қызың.
Қош кедің төрлет наурызым.
3. Қош келдің, төрлет наурызым,
Дастарқан толы дәм тұзың.
Әрдайым халқың мол болсын.
Береке, байлық ырысың.
Қош кедің төрлет наурызым.
НАУРЫЗЫМ - НАҚЫЛ ЖЫР
Сөзі мен әні Ж. Кәрімованікі
Нұр құйса дарқан дарқан далама таңның шапағы,
Күн күлсе, терлеп Жер-ана бүршік атады.
Бозторғай жырласа жырын ашық аспанда,
Күй ойнап, шырқалып әндер шалқып жатады.
Қ-сы:
Наурызым - бабамның сөзі,
Наурызым - анамның сөзі,
Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі.
Ұлыстың ұлы күнінде ізгі ол жарқын,
Елдікті ңасиет тұтқан дәстүр мен салтым.
Тілеген елдің іргесін, жер амандығын
Сақтаған Наурызды бізге айналдым, халқым.
Қ-сы.
Жаңарып, жаңғырып жаны түлеген далам,
Наурызда тілеуін төгіп, тойлаған бабам.
Ақтарып ақ дастарқанға қалған бар дәмін,
Амандық ауылдасына тілейді анам.
Қ-сы.
Қазақы дастарқан
1. Ей халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Асық болып бас тартқан,
Жайылып тұр дастарқан.
Жақсы келсе құт болар,
Жаман келсе, жұт болар.
Жолаушымыз біз деген.
Асыл мұра іздеген.
Қ-сы:
Дастарқан-ау, дастарқан,
Мерекелі дастарқан.
Беркелі дастарқан-ей.
2. Уайым қайғы жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын.
Айналайын ағайын.
Үміт отын жағайын.
Ана туралы әуендер
Әже
1. Айналайын әжемнен,
Бақыт, байлық әкелген.
Өмір жүгін өзінің
Көрінеді көзіңнен.
Абзал ана әжешім,
Ән салады көкешің,
Балаларың бағына
Әрқашанда керексің.
Қ-сы:
Әже, әжетайым,
Еркелеп қарайсың.
Сен жүрсең ортада,
Бақыт деп санаймын.
2. Айналайын әжетайым,
Аялаған еркетайым.
Жүрек өмір жыр арнады,
Ем болайын қол қанатым.
Әжім басқан жанарыңды,
Көркем әсем ажарыңды.
Аман -есен жүрші әжеке,
Балалардың базарында.
Қ-сы:
Асыл әжем
1. Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышмы сары ормандай самсаған.
Әке болып жүрегімде ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz