Адамдарға қажет болу: тұлғалық жауапкершілік, отбасылық міндет және әлеуметтік маңызы

Адамдарға қажет болу

Өмір мен уақыт - ең жақсы мұғалімдер. Уақыт өмірді қадірлеуді үйретсе, өмір әрбір секундты бағалауды үйретеді. Иә, өмір - қадірлеуді, бағалауды қажет ететін теңдесі жоқ сый. Осы өткінші өмірде біреуге пайдаң тиіп өткеннің өзі іштей жақсы сезімге бөлейді. Осы қоғамда қаншама жандар тіршілік етуде. Ал сол адамдардың бәріне қажет болу мүмкін бе? Жалпы қажет болу деген не? Адамдарға қажет болуды қаншалықты іске асыруға болады? Бұл біршама ойландыраты мәселе. Ойлантыратын дейтінім бұл сөздің берер мағынасы айтарлықтай кең. «Қажет» деген сөздің өзі сол адамның бір бөлшегіне айналу деген сөз, оның ішкі жан-дүниесімен тұтас өмір сүру, түсінісу. Осы орайда адамдарға қажет болу, көмек көрсету дегеніміз не? Менің ойымша, ол - құлағанды тұрғызып, сүрінгенге сүйеу болу, ашынғанды сабырлыққа шақырып, терең тұңғиыққа батқандарға үміт сәулесін төгу, қуанышына бірге қуанып, қиын кезде жанынан табылу деген сияқты толып жатқан шексіз ізгі істер. Адамдарға қажет болу дегенді әркім әрқалай түсінеді. Біреуге қажетті болуың, біреудің сенің көмегіңе мұқтаж болуы ол - керемет сезім. Яғни, ол адамды саған Алланың өзі жіберіп тұр деген сөз. Ал, енді өзімізді бір сәт ешкімге қажетіміз жоқ, біздің көмегімізге ешкім мұқтаж емес деп елестетіп көрейікші. Неткен қорқынышты! Онда өмір сүрудің де қажеті жоқ сияқты, барлығы бір бос кеңістік болып қалған тәрізді сезнемін мен. Олай болмауы керек . . .

Адам қажет болуды неден бастауы керек? Бұл сұрақ та мені толғандырады. Адам ең алдымен өзіне қажет болу керек. Яғни, өзінің алға қойған мақсаттарын орындап, сол мақсатқа жету жолында өзін реттеп отыру да адамның өзіне деген жауапкершілігін көрсетеді. Мұндай адам өмірдің қажеттілігін қалай түсінсе, өзінің мақсатыны қажеттілігін, уақыттың қажеттілігін солай түсінеді.

Адамдарға көмек көрсетуде отбасымызды да ұмытпағанымыз жөн. Сөзсіз, біз ата-анамыздың көмектеріне зәру екеніміз рас. Ал, біз ата-аналарымызға қаншалықты қажет бола аламыз, ол олқылықтарды толтыру үшін не істер едік? Бұл тұста барлығымыз дерлік ата-анамызды ренжітпей, олардың айтқанын тыңдауымыз керек. Себебі, бұл өмірде бізді шын жақсы көретін, біз үшін шынымен жанашыр болатын, бізге еш жамандық ойламай, болашағымызға үлкен сеніммен қарайтын осы - ата анамыз. Сондықтан да бұл істерді ата-анаға қажет болудан емес, міндетіміз болғандықтан орындауымыз керек.

Бұдан бөлек өмірде қайқайсымыз да түрлі жағдайларға душар болып жатамыз. Кейде, сол өмірдің тосын соққысына шыдай алмай, күңіреніп, өмірден баз кешіп жататынымыз да бар. Сол уақытта жан-дүниеңді түсінетін бір адамның болғанын қалайсың. Тіпті ол адамның сенің қасыңда еш нәрсе айтпай, іштей түсініп үн-түнсіз отырғаны да жаныңды жұбатады. Мұны да адамға қажет болу деп түсінемін. Бұл орайды адамға үнемі кеңес қажет бола бермейді. Кейде көмек созатын - қол, тыңдайтын - құлақ, түсінетін - жүрек те керек демекпін.

Ал адамдарға қажет болу кез келгеннің қолынан келетін іс пе? Менің ойымша, иә. Тым болмағанда бір үзім нанды бөліп берерліктей қажетің бар адам болсаң, бұл да «қажет болу» деп ойлаймын. Ең бастысы атқарып жатқан ісің шын ниетпен, көмегім болсын деген оймен болса болғаны.

Ойымды қорытындылай келе, қас-қағымдай сырғып жатқан өмірде біздің артымыздан үлгі алып, біздің ізімізбен өкшелеп басып келе жатқан іні-қарындастарымыз бар. Олар бізге қарап ойлары мен бойларын түзейді. Әрине, бірінші тәрбие талбесіктен, ал қалғанын қоғам үйретеді, қоғам дегеніміз - біздер мен сіздер. Сондықтан артқыға үлгі боларлық, үлкендеріміз мақтан қыларлық игі іс қылайық. Біреуге қажет болғанымызды мансап көрмей, керісінше адамгершілік жолында атқарылған іс деп түсінейік. Өмірде біреуге мақтанатын емес, біреулер сені мақтайтындай іс істеген жөн.


Ұқсас жұмыстар
Баланың дұрыс қарым-қатынасы мен тұлғалық қалыптасуында отбасылық көңіл-күй ахуалының маңызы
Отбасылық қатынастардағы әкенің рөлі және тұлға тәрбиесіндегі маңызы
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және әлеуметтік-педагогикалық маңызы
Ата-аналар жиналысы: Бала тәрбиесі мен отбасылық жауапкершілік
Қарияларға құрмет көрсету: ата-аналарды қадірлеу және әлеуметтік жауапкершілік
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен отбасылық тәрбиенің маңызы
Жеке тұлғаның салауатты өмір салты: мақсаттары, принциптері және әлеуметтік маңызы
Жануарлардың көптүрлілігі мен олардың экологиялық-әлеуметтік маңызы
Туғаннан ұзатуға дейінгі қазақ отбасылық салт-дәстүрлері және тәрбиелік маңызы
Мутациялық өзгергіштік: түрлері, пайда болу себептері және селекциялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz