Екі таңбалы сандар

Барлық оқушы орындай алады: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10/11-20 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;
Кейбір оқушылар орындай алады: 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
1. 0 санының құрылу жолын түсіндіреді.
2. 20 көлемінде тура және кері бағытта санайды.
3. Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.
- суретке сәйкес өрнектер жазады;
- 0 санының құрылу жолын түсіндіреді.
- 20 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жазады;
- 20 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады
- 12 санының көршілерін жазады;
- 18 санының көршілерін жазады.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Бірліктер-единицы-units Ондықтар-десяток-ten
Талқылауға арналған сұрақтар: 11-ден 20-ға дейін санай аласың ба?
Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? Пазлдарда қандай сандар жасырылған? Бұл сандарды бір сөзбен қалай атауға болады? Неге?
Мұндағы қай пазлды артық деп ойлайсың? Неліктен
10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сандар кестесімен жұмыс. Оны тақтаға орналастыру. Оқушылардан кестеде көрсетілген сандар қалай аталады деп сұрау (екі таңбалы сандар) . Бұл сандар неге екі таңбалы сандар деп аталады?
Кіріспе тапсырма. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамымен таныстыру.
Ойын: “Бүгін сендер барлығың сандар балына шақыру алдыңдар” деп хабарлау. Сыныпты екі топқа бөлу. Бірінші топқа түскен оқушыларға 1 цифры жазылған парақшаларды тарату. Екінші топқа түскен оқушыларға
0-ден 9-ға дейінгі сандарды таратып беру. Ырғақты музыка қосып, “сандарға” жұппен емес бір-бірден билеуді ұсыну. Балға шақырылған барлық сандар бір-бірімен танысуы керек. Олар қалай аталатынын және неге оларды солай атайтынын сұрау. (Жауабы: бір таңбалы, себебі олар тек бір цифрдан ғана тұрады. )
Балда жұппен билейтінін айту. Ырғақты музыканы қосу және оқушыларға жұппен билеуді ұсыну. “1” цифры бар оқушы өзіне жұпты екінші топтан таңдап алуы керек. 1-2 минуттан кейін оқушыларға тақтаға шығады. Тақтада екі қағаз тәж бекітіліп тұрадыи . Олардың біреуінде “Ондықтар”, екіншісінде “Бірліктер” деп жазылған. Тақтаға шыққан оқушылар осы тәждердің астына барып тұруы тиіс. Олар тұрған соң басқа оқушылардың назарын құрастырылған екі таңбалы санға аударыңыз. Екі таңбалы сандар ондықтар мен бірліктерден тұрады. Оқушыларға кезекпен тәждердің астына келіп тұрып, екінші ондықтағы екі таңбалы сандарды құруды ұсыну.
Қалған оқушыларға пайда болған санды оқыту. “Ондықтар” деген жазудың астында тұрған цифр осы сандағы ондықтың санын көрсетеді. Ал “Бірліктер” деген жазудың астындағы цифр берілген сандағы бірліктің санын көрсетеді. Одан ары сандардың “көршілерін” анықтауға жұмыс жүргізу. Оқушыларға көздерін жұмуды сұрау. Кез келген екі таңбалы санды атау. Осы санның екі жағында қандай сандар орналасқанын сұрау.
10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың де-монстрациялық кестесі;
әрбір оқушыға арналған ламинатталған қағаз парақтары;
екінші ондықтың сандары жазылған сан кесіндісі;
10-нан 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар жинағы.
Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? Оқушыларға оқулықтағы иллюстрацияны қарауды ұсыну. Олардан өмірде екі таңбалы сандардың қайда кездестіргендері туралы сұрау. Оқушыларды топтарға бөлу және берілген сұрақтың жауабының нұсқаларын топтарда талдауды ұсыну. Олар өз жауаптарын А3 форматты қағазда жазып көрсетеді. Топтар арасында жұмыстары туралы талдау жүргізу. Әрбір топ өзінің сурет түрінде бетке жазған жауаптарын көрсетіп және осы сұрақтар бойынша өз ойын айтады.
Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыру. Оқушыларға текшелерден құрылған конструкцияны қарауды және санау арқылы бір бағанда неше текше барын, неше жалғыздан тұрған текшелер барын анықтауды ұсыну. Әрбір конструкцияда барлығы неше текше барын және бұл қанша ондық, қанша бірлік болатынын сұрау.
Жауабы: 12; 15; 13.
Екі таңбалы сандар. Тапсырма екінші ондықтың сандарын оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған және оқушылардың екінші ондық сандарының құрастырылуы туралы білімдерін бекітеді. Оқушылар екінші ондықтың сандарының атауындағы заңдылықты түсіндіре алады, сонымен қатар 20 көлеміндегі сандарды тура және кері санау дағдысының қалыптасуына жаттығу жасайды. Реттік санау дағдысын бекіту үшін, тақтаға 20 оқушыны шақыру. Оларға кез келген немесе берілген тәртіппен, мысалы, бойына қарай, және өзінің реттік нөмірін айтып ретімен тұруларын сұрау.
Шығарып көр. Берілген тапсырма оқушылар сандарды жазу кезінде қолданылған “онд. ” және “бірл. ” деген қысқартуларды анықтап, шыққан сандарды танып және оларды оқи білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Егер қандай да бір санды 0 ондық және 6 бірлік деп жазу артық, себебі ол бір таңбалы сан.
Қанша балапан? Суреттегі заттардың саны қанша екенін санау керек және сәйкес келетін санмен сызықпен қосу қажет.
Бұл не? Оқушылар суретте кескінделген 1-ден 20-ға дейінгі сандарды өсу ретімен жазылған нүк-телермен сызық арқылы қоса алады. Одан кейін шыққан суретті бояуға болады.
Екі таңбалы сандарды жаз. Оқушылар пирамидадағы сақиналардың санын санай алады және оларға сәйкес келетін екі таңбалы сандарды жазады.
Бірліктерді боя. Оқушылар көрсетілген санның жазылуындағы бірліктің санына сәйкес келетіндей нүктелерді бояйды. Осыдан кейін олар кері тапсырманы орындайды. Суреттегі боялған нүктелерге сәйкес келетін сандарды жаза алады.
Ондықтар мен бірліктердің санын анықта.
Оқушылар сурет бойынша ондықтар мен бірліктердің санын анықтайды және оларды жазады.
Оқулық
Жұмыс дәптері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz