Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жапсырма қалталарды өңдеу
Пәні: Технология
Мұғалімі: Жанисова Жазира
Сыныбы: 6 <<а>>
Күні: 24.02.2016ж
Сабақ саны: 22
Сабақтың тақырыбы: Жапсырма қалтаны өңдеу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жапсырма қалтаны өңдеу технологиясын білу. Жапсырма қалтаны өңдеп үйрену.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс -- әрекеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талқылау, шығармашылық жұмыс, нұсқау карта арқылы жұмыс.
Көрнекіліктері: Қалта түрлері, Әр- түрлі алжапқыштар суреттері, нұсқау карта, бағалау парағы, дайын мәтіндер.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Оқушылар үшін - Алжапқыш бөлшектері, ине, жіп, қайшы, бор, см. таспа, алжапқыш суреті
Мұғалім үшін - интерактивті тақта, нұсқау карталары, алжапқыш үлгілері суреттері, қалта түрлері, тігін машинасы
Күтілетін нәтиже: Оқушылар киімнің қалталары туралы білім қалыптастыруы керек. Жапсырма қалтаны өңдеу технологиясын біліп, және практикалық тұрғыда өңдеп үйренулері қажет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу;
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар !
Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр <<Қош келдіңіздер !>> дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.
-Мен саған сәттілік тілеймін!
-Мен саған шыдамдылық тілеймін!
-Мен саған шығармашылық тілеймін!
-Мен саған жақсы баға тілеймін!
-Мен саған зеректік тілеймін!
-Мен төзімділік тілеймін!
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
- Бағалау парағын, ББҮ парақтарын үлестіру, толтыру ережесімен таныстыру. Графикалық диктант (иә - << +>>, жоқ - <<->>)
1. Киім адамды ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
2. Тұрмыстық киім түрлеріне - күнделікті, салтанатты, үйде киетін киім түрлері жатады.
3. Өлшем алу үшін сантиметрлік таспаны пайдаланады.
4. Спорттық киім - туризм және спортпен айналысатын адамдар киеді.
5. Формалық киімдер - өрт сөндірушілер, мектеп оқушыларының киімдері.
6. Салтанатты киім түрлерін арзан мата түрлерінен тігеді.
7. Киім түрлері жыл мезгіліне бөлінеді.
ІІ. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақтың мақсаты, міндетін баяндау.
Жұмбақ оқу арқылы сабақтың тақырыбын ашу:
Қандай байлық iшiнде,
Барын өзiм бiлетiн,
Қоймалар көп үстiмде,
Көшiп бiрге жүретiн. (қалталар)
Интер белсенді тақтадан әр- түрлі қалта түрлерін (жапсырма қалта,) көрсету.
Оқушыларға слайдқа байланысты сұрақтар қою
- Қалта дегеніміз не?
- Қалта қандай киімдерге көбірек қажет деп ойлайсыздар - салтанатты киімдер, үй киімдері, жұмыс киімдері?
Қалталар.
Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Барлық қалталар екі топқа бөлінеді жарма қалталар және жапсырма қалталар. Орналасуына байланысты қалталар ішкі қалталар (киімнің астарына), және сыртқы болып бөлінеді. Киімнің қай жерінде орналасқанына байланысты: жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Қалталардың жоғарғы қиығының орналасуына байланысты көлденең, киғаш немесе тік қалталар болып бөлінеді. Рамкалы, қақпақты, ілгекті замокты қалталар болады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тігілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.
ІІІ. Мағынаны ашу. Талқылау. Алдын ала - әзірленген мәтін және ақ парақтар оқушыларға таратылады. Оқушылар мәтінді оқиды. Әр оқушы мәтінмен танысып, талқылайды.
Мәтін
Жапсырма қалталарды өңдеу. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты болып келеді. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелеп, жиырып, кестелеп әшекейлеп тігеді. Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды. Қалтаға жиек, шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланады. Жапсырма қалтаны пішіп алып өңдеп, оны негізгі бөлікке тігу аса қиын жұмыстарға жатпағанымен біраз шеберлікті талап етеді.
4. Жапсырма қалтаны өңдеу үшін:
:: Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз
:: Кесілген пішім ішке қарай жоғарғы қиықтан жағынан 2 -3 см қосымша беріледі, ал астыңғы және бүйір қиықтарынан 0,5 -1 см қосымша қалдырып, қайырады.
:: Тегістеп үтіктейді
:: Жоғарғы қиықты тігістен 1 -2 мм қалдырып сырып тігеді
ІV. Ой толғаныс кезеңі. Семантикалық карта
қалтаның астыңғы және бүйір қиықтарына қосымша қалтаның жоғарғы қиықтарына қосымша киімнің құрамдас бөлігі Спорттық киімдердің қалтасына салынады ішкі және сыртқы қалта болып бөлінеді Негізгі бөлшекке қалта орнын --- белгілейді
Қалта +
0,5-1 см +
сыдырма +
орналасуына қарай қалталар +
2 - 3 см +
Оң жағынан +
ТҚЕ қайталау
Қауіпсіздік ережелерін қайталау үшін тақтаға жұмбақтар жазылады, жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады.
1. Жүрген сайын жүйрігім, Қысқартады құйрығын (Ине)
2. Жарқылдаған қос қылыш, Қолға түссе жоқ тыныш (Қайшы)
3. Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты. (Үтік)
4. Басқаға киін дейді, ал өзі киінбейді (Т.машинасы)
Қауіпсіздік ережелері:
Инемен жұмыс кезінде: 1. Тот басқан, майысқан, ұшы жоқ инемен тікпе 2. Инемен жұмыс істеген кезде оймақ ки 3. Инені арнайы жастықшаға түйре. 4. Жұмыс басында және соңында инелерді санап орнына қой
Қайшымен жұмыс кезінде: 1. Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын. 2. Өтпейтін қайшымен жұмыс жасама. Тігін машинасымен жұмыс кезінде: 1. Шашты жинап, жеңді қайыру. 2. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек. 3. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см 4. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс. 5. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме). 6. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды. Үтікпен жұмыс кезінде: 1. Үтікті тоққа қосар алдында баусымын тексеріп ал. 2. Қолдың құрғақ болуын қадағала. 3. Үтіктеу кезінде баусымның үтік табаны астында қалып қоймауын қадағала. 4. Қызу режимін мата түріне байланысты келтіруді ұмытпа.
V. Шығармашылық жұмыс. Алжапқыщтың төменгі бөлігіне қондырмалы қалтаны біріктіру жолдары.
Нұсқау карта бойынша оқушылар жапсырма қалтаны өңдейді. Оқушыларға нұсқау карта таратылады. Нұсқау картаны талдаймыз, жұмыс мазмұнын түсінеміз. Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алып жұмысқа кірісеміз.
Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушылардың жұмысын бақылап, бағыт - бағдар беріп отырады.
Жапсырма қалтаны өңдеу нұсқау картасы
№ Жұмыс мазмұны Қажетті құралдар мен материалдар Графикалық бейнесі
1 Қалталардың жоғарғы, астыңғы және бүйір қосымшылырын сызып шығу Қалталар, сызғыш, қарындаш, 1,5м 5 мм
2 Қалтаның жоғарғы қиығын сол жағына қайырып түйреуіштермен түйреп қой Қалта, түйрегіштер, 1,5см
3 жоғарғы қосымшаның енін (1,5см)қарындашпен сызып қой Қалта, қарындаш, сызғыш 1см 5мм
4 Қиықтың шетін ішіне қайырып көктеп тігіп шығыңыз Қалта, ине, жіп
5 Жоғарғы қиығын машинамен сырып тігіп шығыңыз. Қалта, жіп, тігін машинасы
1-3мм
6 Қалтаның бүйір және астыңғы қиықтарын сол жағына (5мм) қайырып тігіп шық
Қалта, ине, жіп 5мм
7 Қалтаны үтікте Қалта, үтік
8 Тексер:
Қалтаның өңделуіне қойылатын талаптар:
1.Қалталардың өлшемі мен көлемдері бірдей болуы керек;
2.Жоғарғы қиығы мен бұрыштары жақсылап өңделген болуы керек;
3.Тігістер түзу, ені біркелкі болуы керек;
4.Тігістің басында және соңғы жағында бекіту тігістері болуы керек
VІ. Қорытындылау .
1. ББҮ кестесін оқушылар мұғалімге тапсырады
2. Оқушылар жинаған ұпайымен таныстырады.
3. Әр оқушыға мұғалім өз бағасын береді
4. Үй тапсырмасы: Жұмысты аяқтап келу.
Қалтаның шығу тарихы туралы мәлімет жазып келу.
5. Жұмыс орнын жинастыру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz