Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Психолог сөзі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің педагог-психологы Райхан Талаббаева
Сыныбы: 6-7
Тақырыбы: <<Мен және айналадағы әлем>> тренинг
Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті:
* Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;
* оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
* Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;
* Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Қатысушылар: 6-7-сынып оқушылары
Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, баяу орындалатын әуен, бейнероликтер, түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер, А4 қағазы, ватман, гүл шоқтары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушылық кезең
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы <<Мен және айналадағы әлем>>.
Мен және айналадағы әлем сөйлемін қалай түсінеміз?
Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек деп қорытамыз жауапты.
2. <<Сиқырлы қобдиша>> ойыны
Қазір біз жақсы бір ойын ұйымдастырайық. Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек, оның ішінде айна болады. Қатысушы оқушыларға көздерін жұмуды ұсынамын. Қазір сіздер мына қобдишаны бір-бірлеріңіздің қолдарыңызға бересіздер.Әр оқушы қолына келген қобдишаны ашып, ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай сиқырлы өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер және оған күліп қарауларыңыз керек. Барлық оқушылар қобдишаға қарап болған соң сұрақ қоямын: Сіздер жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер? Жан-жақты, қайталанбайтын бейне кім болып шықты? Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?
Қорытынды ой-түйін. Әр адам жан-жақты және қайталанбайтын бейне. Сондықтан, өмірімізді дұрыс көзқараспен, сыйластықпен қарым-қатынас жасауымыз керек. Өзін және басқалардың өмірін жоғары бағалап, бар болмысымен қабылдай білу, бір-бірімізге шыдамдылықпен, сыйластықпен қарай білу - біздің айналадағы әлеммен үндестікке өмір сүруіміздің бірден бір кепілі. Ал айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу - жетістікке жетудің, жеке тұлға болып кемелденуіміздің алғышарты және маңызды ереже.
3. <<Менің жағымды және жағымсыз қасиеттерім>>
Өзіңді және өзгелерді бар болмысымен қабылдай білу үшін ең алдымен өзімізде бар қасиеттерді таразылап жұмыс жасай білуіміз керек. Ақ парақты екіге бөліп жағымды қасиеттерім, жағымсыз қасиеттерім деп өз бойымыздағы құндылықтарымызды саралап көрелік.
- Өз бойымыздағы жағымсыз қасиеттерге қарап ойланып көрейік, осы қасиеттен қалай арылуға, немесе түзетуге болады? Адамда ниет, талпыныс болса, мақсатты жүзеге асыруға әбден болады. Ендеше, қазіргі сәтте арылғымыз келетін қасиеттер бөлімін жыртып, қоқыс жәшігіне тастайық. Міне, осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз, тек жақмы қасиеттер ғана өзімізде қалды деп сенейік. Өздімізді жақсы сезіндік пе? Олай болса, өз мінез-құлқымызды өзгертіп, түзетіп отыру - өз қолымызды. Ал бұлайша өзін-өз тәрбиелеу жұмысымен үздіксіз айналысып отыратын болсақ, бұл өз кезегінде айналамыздағы әлем үшін көп жақсы әсерін тигізері сөзсіз.
4. <<Эмоциялар теңізінде>>
Дәл қазір қандай сезімдесіздер?
Тағы қандай сезімдерді білеміз?
Жақсы сезімдерді сонан соң жаман сезінулерді айтайықшы. Жақсы сезімдерді айтқанды, өзімізді қалай сезіндік? Жаман сезімдерді айтуда қалай болды?
Ал енді бойымызды билеген жаман сезінулерден, қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен
<<Өмір қандай тамаша! Өмір маған қымбат! Менің өмір сүргім келеді. Мен өмірді таңдаймын!>> - деп айтамыз.
"Оптимист кемшіліктен құндылық іздейді, пессимист құндылықтан кемшілік іздейді" депті бір данышпан. Бақытқа жетер баспалдақтың алғашқы сатысы да әркімнің дүниені тануында жатса керек... <<Жақсы сөз - жарым ырыс>> деген қазақ, жақсылықты көре білу, әр жағдайдан жақсылық тауып, шығар жол таба білу де - тектіліктің, ерік-жігерліліктің көрінісі болса керек.
5. <<Ашкөз балық>> ертегі терапиясы.
Ерте, ерте, ертеде, теңізде бір балық патшалық құрыпты. Ол өзі мекендеген теңіздегі балықтардың барлығын күніге дәмді асына айналдырады екен. Күніге балықтарды жеп, әбден семіріпті. Бір күні өзенге бір бала балық аулауға келеді, әлгі балықты торға түсіреді. Осы жерден зерттелушілер ертегіні жалғастыруы қажет. А4 параққа балықтың суретін салу керек.
6. "Өзіммен - өзім"
Сәл өзімізбен өзіміз болайық.
Тынышталып, еркін тыныс алып,
Көзімізді біраз жұмып, жайлап дем алайық.
<<Мен өміріме ризамын, себебі ең бірінші өзімнің бар екендігіме осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын. Мен өміріме ризамын, себебі өзімді дүниеге алып келген ата - анам бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі достарым бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына, күннің
әдемі шуағына, таңымның арайлап атқанына. Мен өмірге ризамын,"Еліміздің тыныштығына, денімнің саулығына,"Егеменді елім, туған жерім барына. Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма!>>
Енді осы тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Қандай күйде болдыңыз? <<Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау>> дегім келеді.
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz