Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кеуде жарақаттары

СМЖ Н. 05-06

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ <<Жоғары медициналық колледж>> МКК

Ашық сабақтың әдістемелік талдамасы

Пәні: <<Жалпы хирургия. Анестезиология және реанимация >>
Мамандығы: 030100 0 <<Емдеу ісі>>
Біліктілігі: 0301013 <<Фельдшер>>

Тақырып: Жарақаттар. Механикалық жабық және ашық жарақаттар.Термиялық зақымдану.Электрлік жарақаттар.

3 курс, 5 семестр

Құрастырған: Алиев. А. Р.

Астана, 2016

Сабақтың тақырыбы: Жарақаттар. Механикалық жабық және ашық жарақаттар.Термиялық зақымдану.Электрлік жарақаттар.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау және ойын технологияларын пайдаланып топпен жұмыс.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: тақырыптың өзектілігін аша отырып, әр түрлі себептерге байланысты механикалық жарақат алған науқастарға алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру және іске асыру.
Тәрбиелік: студенттердің - өз ойын анық, дұрыс, дәл жеткізуге үйрету. Студенттерді ғылыми көзқарасын қалыптастыру.Болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылық:Білім алушылардың жұмыс барысында клиникалық ойлау қабілетін жетілдіру, шұғыл жағдайларда көмекті фантомда көрсету.
Сабаққа берілген уақыт: 270 минут
Сабақтың өтетін жері: Симуляциялық бөлме-409 кабинет
Сабақтың құрамы:
1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут
2. Білім деңгейін тексеру - 50 минут
3. Өз бетімен жұмыс - 180 минут
4. Қорытындылау - 25 минут
5. Бағалау - 7 минут
6. Үй тапсырмасы - 3 минут
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: Муляж,құрал-саймандар,тесттер, суреттер, логикалық сұрақтар, жұмыс бағдарламасы, сабақтың әдістемелік талдамасы.Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс:
1. Анатомия пәні. Тақырып: Тірек-қимыл жүйесі. Терінің анатомиясы.
2. Физиология пәні. Тақырып: Тірек-қимыл жүйесінің қызметі.Терінің қызметі.
3. Фармокология пәні. Тақырып: Наркотикалық анальгетиктер.
4. Мейірбике ісі негіздері. Тақырып: Асептика және антисептика.
5. Апат медицинасы. Тақырып: Ашық жарақаттар кезіндегі алғашқы көмек. Төтенше жағдайлар кезінде фельдшердің тактикасы.
Пәнішілік байланыс: Иммобилизация. Десмургия. Қан тоқтату әдістері. Жансыздандыру. Ауруханаға дейінгі алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру.
Сабақтың барысы және әдістемелік тағайындалуы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут
Студенттердің сабаққа қатысуын, сыртқы пішіндерін, көңіл-күйлерін, дайындықтарын тексеру,
сабақтың мақсатымен таныстыру,өзектілігін түсіндіру. Жұмыс орнының дайындығын тексеру.
Теориялық білімдерінің актуализациясы: Фронтальды сұрау: 1. Жарақаттың жіктелуі. 2.Жарақаттан кейін болуы мүмкін асқынулар. 3. Қан тоқтату әдістері. 4. Термиялық жарақаттың жиі болатын себептерін ата. 5. Үсіктің пайда болу себептері,дәрежесі, клиникасы, диагностикасы, алғашқы медициналық көмек. 6.Сынықтың түрлері, клиникасы, диагностикасы, алғашқы медициналық көмек. 7.Электрлік жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек.
Тақырыбтың өзектілігі. Оқытушы тақырыбтың маңызын, мақсатын түсіндіреді. Фельдшердің жұмыс орнындағы сақтандыру (профессионалдық сақтану) қауіп-қатерлі факторларын түсіндіру, әдістерін түсіндіру.
Білім алушылар білу керек: Механикалық жабық жарақат кезінде АМК көрсете білу және зардап шегушіні иммобилизациялау.Жарақаттық шок, клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары.Термиялық зақымдану кезінде оның көлемін және дәрежесін анықтай білу және АМК көрсете білу.Үсу кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсете білу.Электрлік жарақат кезінде зардап шегушіге жүрек - өкпе реанимациясын жүргізе білу.
Білім алушы істей білу керек:
Қан тоқтату әдістерін білу.
Жарақаттың түрлерін ажырата білу.
Жарақаттың түріне байланыстым алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыра білу.
Термиялық зақымдану кезінде зақымдалған жердің көлемін және дәрежесін анықтау.
Үсік кезінде оның дәрежесін және көлемін анықтау. Клиникалық өлімнің белгілерін білу. . Жүрек өкпе реанимациясын орындау. Биологиялық өлімнің белгілерін анықтау.

Сабақтың барысы:
ІІ. Білім деңгейін тексеру - 50минут
1.Жалпы сұрау <<Миға шабуыл>>1-кезең (қосымша1)
1. Жарақат дегеніміз не? 2.Жарақаттан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін? 3. Қан тоқтату әдістері? 4. Термиялық жарақаттың жиі болатын себептерін ата? 5. Үсіктің пайда болу себептері? 6.Сынықтың түрлері?

2.Сайыстың 2 кезеңі <<Сәлемдесу>>
Мақсаты: Сәлемдесу арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнату.
Шартты: Әр топ өзінің атауымен, ұранымен таныстыру.

3.Сайыстың 3 кезеңі <<Ой қозғау>> (қосымша 2)
Мақсаты: Тақырыппен байланысты өткен терминдерді қайталау.
Шарты: Тақтада берілген термин сөздің анықтамасын жылдам, мүдірмей айту. Берілген жауаппен салыстыру.

4.Сайыстың 4 кезеңі <<Ойлан, ізден, тауып жаз>> (қосымша 3)
Мақсаты: Берілген сұрақтың жауабын табу,себептерін,асқынуы ,қауіп-қатер факторларын түсіндіру.
Шарты: Әр топ басшылары тақтада көрсетілген ұяшықтарды қалауымен ашып, ондағы жасырылған тақырып бойынша топпен кластер құрастыру. Оны қорғау. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі- электронды вариант

5.Сайыстың 5 кезеңі <<Сергіту сәті>> (қосымша 4)
Мақсаты: студенттердің ойлау қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Шарты: тақтада әр топқа кез келген мүшенің морфологиялық өзгерістері суреттелген төрт қатар жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың жауабын табу. (электронды вариант)

6.Сайыстың 6 кезеңі <<Логикалық сұрақтар>> (қосымша 5)
Мақсаты: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Шарты: Әр топтың топ басшылары шығып, үстел үстіндегі бірнеше карточкаларды таңдап, ондағы қойылған сұрақтарға топпен жауап береді. Ойлануға 5 минут беріледі.
ІІІ. Өз бетімен жұмыс - 180 минут.

7. Сайыстың 7 кезеңі <<Рөлдік ойын>>
Мақсаты: Алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.
Шарты: Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр топ дайындап келген көріністерін көрсету-биомеханика әдістері. Биомеханика әдістері туралы презентацияларын баяндау.

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз топ анықталады.

Қорытындылау - 25 минут

1. Тесттік бақылау

VI. Бағалау - 5 минут
Әр студентті жеке-жеке коментарий беру арқылы бағалау.
VII. Үйге тапсырма - 3 минут
Тақырыбы:
Сұрақтары:
1. Интернеттен қосымша әдебиеттер қолданып, қосымша материал жинау.
2. Пәнаралық, пәнішілік байланысты табыу.
3. Тақырып бойынша термин сөздерді қайталау.
4. Берілген сұрақтарды білу.
Қолданылатын әдебиеттер:
Жалпы хирургия- Дурманов К.Д. Алматы 1992
Жалпы хирургия - Гостищев В.К. Мәскеу 2014
Общая хирургия- Стручков В.И. Москва 1992

№ 2 қосымша
Сұрақ - жауап (блиц - турнир)
Сұрақтары:
1. Кеуде жарақаттары
2. Көкіректің ашық жарақаты
3. Қабырға, төс сынуы
4. Қабыртқалардың көп жерден сынуы
5. Пневмоторакс
6. Гемоторакс
7. Кеуде жарақаттарын жіктеу
8. Кеуде ашық жарақаттары
9. Гемоперикард
10. Кеуде қуысы жарақаттарының клиникалық белгілері
11. Кеуде қуысы жарақаттары кезіндегі медбикелік үрдіс
12. Асқынулардың алдын алу
13. Емдеу жолдары

№ 3 қосымша

Сұрақ - жауап (блиц - турнир)

Сұрақтары:
14. Реанимация, анықтамасы
15. Организмді тірілту әдістері
16. Терминалдық жағдай, анықтамасы
17. Клиникалық өлім
18. Биологиялық өлім
19. Жүректің жабық массажы
20. Реанимация жіне интенсивті терапия бөлімшесіндегі медбикенің негізгі міндеттері
21. Өлім констатациясы және мәйітті қарау ережелері

№ 4-қосымша
Кеуде қуысының ашық жарақаты
Пневмоторакс

Қабырғаның
сынуы
Жарақттану себебінен болатын тұншығу

Жарақаттар №5 қосымша
Ситуациялық есептер
№1. Ситуациялық есеп
Жаяу жүргіншіге сырғанап келіп автомашина соғылды. Жүргінші құлаған кезде тротуардың бордюрына басымен соғылды. Жағдайы орташа ауырлықта. Есінің сақталуында жалпы тежелгендік бар және аңғарымда, беттің гиперемиясы, соққы аймағында жергілікті бас ауырады. Науқас бүйірімен соққы алған жағымен жатыр. Брадикардия, АҚ жоғарылауы, тез шаршағыштық және бұлшық ет күшінің төмендеуі, сонымен қатар, қарашықтардың жарыққа реакциясының айырмашылығы байқалады.
Сіздің диагнозыңыз және іс-әрекетіңіз?
Жауап
Диагноз: Мидың гематомамен қысылуы.
Іс-әрекет: шұғыл түрде нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызу керек, бассүйектің рентгенографиясы, эхоэнцефалография жасалады. Ми құрылымдарының ығысуында - бассүйек трепанациясы,гематоманы алып тастау, қан кетуді тоқтату. Ісінуге қарсы терапия, тынышталдырушы, гистаминге қарсы , ауру сезімін басушы және ауыру сезімін басушы және тамыр кеңейтуші препараттарды енгізу. Жергілікті-басқа суық басу.

№2. Ситуациялық есеп
Спорттық жарыс уақытында, қатысушы кеудесінің сол жақ жартысынан қатты соққы алды, осыдан кейін соққы орнында ауырсыну, өте жылдам өршитін күрт ентігу пайда болды. Зардап шегушінің жалпы жағдайы нашарлауда. Зақымданған жағында тыныс алуы естілмейді, перкторлы - тимпаникалық дыбыс.
Сіздің диагнозыңыз және іс-әрекетіңіз?
Жауап:
Диагноз: қақпақшалық пневматоракспен асқынған қабырғалардың сынуы. Дереу жабық кернеуленген пневматораксты ашыққа ауыстыру қажет және науқасты шұғыл түрде ауруханаға жеткізіу керек. Стационарда диагнозды анықтағаннан кейін, плевра қуысын белсенді аспирациямен және дренаждап бақылау қажет. Қажет болғанда зақымданған өкпені және бронхты тігуді орындайды.
№3 Ситуациялық есеп.
Автожарақат нәтижесінде жолаушы машинаның приборлық тақтасымен және өзінің тізесінде жатқан чемоданмен кеуде клеткасынан қатты соққы алды. Жағдайы орташа ауырлықта. Соққы аймағынан ауырсынуды сезуде. Бозғылт, өршуші әлсіздікті, бас айналуды, шөлдеуді байқайды. Объективті: тері жамылғысының бозғылттығы, тахикардия, әлсіз тамыр соғысы, АҚ 100/600 мм.с.б. дейін төмендеуі, жөтелгенде - қан ұйындылары, перкуссияда - кеуде қуысының төменгі бөлімдерінде дауыстың тұйықталуы байқалады.
Сіздің диагнозыңыз және іс-әрекетіңіз?
Жауап
Диагноз: ішкі қан кетумен өкпенің жарылуы. Науқасты ауырған жағының бүйірімен жатқызып, басын төмен түсіріп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізеді, жүректік, тыныс алу ,ауру сезімін басушы және қан тоқтатушы препараттарды енгізу керек.Стационарда ретгенологиялық бақылау, плевральды пункция жасалады, қан кету симптомдары өршіген кезде - шұғыл операция, қан кетуді тоқтату, гемостатикалық препараттар, жедел анемиямен күрес жүргізіледі.

№4 Ситуациялық есеп
Клиниккаға оң иық буыны аймағындағы ауырсынуға шағымданып науқас қаралды. Ауырсыну бадминтонда ойнағаннан кейін пайда болған. Қараған кезде, оң қолдың мәжбүрлі қалпы, тоқпан жілік басы кәдімгі орнында жоқ және оң қолтық асты аймағында анықталды. Енжар қозғалыс кезінде қолдың қозғалғыштығының шектелуі, ауырсынумен қабаттасатыны байқалды.
Сіздің болжамды диагнозыңыз? Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға көмектеседі.
Жауап
Диагноз: науқаста оң иықтың шығуының клиникалық көрінісі. Диагнозды растау немесе жоққа шығару үшін, оң иық буынының рентгенографиясы қажет
№5 Ситуациялық есеп
Науқас жарақат пунктіне оң иық буыны аймағындағы ауырысынуға шағымданып түсті. Қараған кезде, оң иық буынының шығуы диагнозы анықталды. Буын шығуы Дженалидзе әдісі бойынша орнына салынды. Гипстік лонгета қойылды, науқас үйіне қайтарылды.
Науқасты емдеу кезінде қандай қателік жіберілді?
Жауап
Диагноз: буын шығуының клиникалық көрінісіне қарамастан, оған қосымша сынықты жоққа шығару үшін, диагнозды рентгенологиялық растау қажет.Буын шығуын орнына салғаннан кейінде, қайтадан бақылау рентгенографиясын міндетті түрде жасау қажет.

№6 Ситуациялық есеп
Ер кісі 54 жаста, ол 1 сағат бұрын автоаварияға ұшыраған. Қараған кезде, қабырға аралық кеңістіктің тегістелуі, кеуде қуысының сол жағы тыныс алуда қалып қояды. Өкпе алаңының үстінен тимпаникалық дыбыс шығып тұр, ааускультацияда сол жақтан тыныс алу өткізілмейді. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет.
Сіздің болжамды диагнозыңыз? Оны қалай негіздейсіз? Емшараның көлемі қандай?
Жауап
Диагноз: науқаста өкпенің жарылуы салдарынан сол жақтық жабық пневматоракстың клиникалық көрінісі. Диагнозды рентгенологиялық зерттеумен растау қажет. Науқасқа шұғыл тәртіпте, сол жақ плевра қуысын пункциялау және дренаждау көрсетілген.
І нұсқа.

1.Байламдардың залалсыздандырылғанын тексеру индикаторы:
а) тиомочевина
б) мочевина
в) бор қышқылы
г) янтарь қышқылы
д) шарап қышқылы

2 Бас-ми жарақатына жатады:
а) ми шайқалуы, соғылуы, жаншылуы
б) дермонд, атерома
в) бас сүйегінің сынуы
г) бас-ми жарығы
д) бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты

3. Беттің туа біткен ақауы:
а) атерома
б) кифоз
в) гидроцеле
г) ми жарығы
д) қоян ерін, қасқыр таңдай

4. Бас, бетке қолданылмайтын таңғышты таңда:
а) күмбез тәрізді
б)масақ тәрізді
в) сақпан тәрізді
г) Гиппократ тақияшасы
д) ноқта тәрізді

5. Қызылқан түйіршіктері (эритроциттер) тұнбаға түспес үшін тұрақтандыру ретінде қолданылатын ерітіндіні таңда:
а) 4% көмір қышқылы (сода) ерітіндісі
б) физиологиялық ерітінді
в) антибиотиктер
г)4% натрий цитраты ерітіндісі
д) 5% глюкоза ерітіндісі

6. Асептика - бұл:
а) жара ішіндегі (іріңді қоздырғыштарды) жою шараларының жиынтығы
б) барлық тіршілікті жою
в) жараға іріңді қоздырғыштардың түспеуінің алдын алу шараларының жиынтығы
г) іріңді қоздырғыштарды
д) жараның іріңді қоздырғштармен ластануын азайту жұмыстары

7. Қан тобын анықтауға арналған сары сулар сақталады:
а) мейіркештің жұмыс үстелінде
б) мұздатқышта -10ºС
в) дәрі-дәрмектерді сақтайтын шкафта
г) егу бөлмесінде
д) тоназытқышта +4º+6ºС

8. Т-тәрізді дәкелі таңбаны көбінесе салады:
а) қол басына
б) желке аймағына
в) аяқ басына
г) щат аралыққа
д) санға

9. Кесіп емдеу алаңын өңдеу үшін қолданылады:
а) 1% хлорамин ерітіндісі
б) йоданат
в) лизол
г) 6% сутегі асқын тотығы
д) 0,1% күміс нитраты ерітіндісі

10. Жараға түсіп, сіреспе ауруының дамуына себебі болатын қоздырғышты таңда:
а)септикалық вибрион
б) клостридиум тетани
в) кок таяқшасы
г) менингококк
д) пневмок

11. Эндогенді инфекцияға жатады:
а) қатынас, жанас
б) ауа арқылы
в) лимфогематогенді
г) имплантациялық
д) тамшылы

12. Жараны тігуге арналған жіптер, залалсыздандырылғаннан кейін сақталады:
а) 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісінде
б) 70% этил спиртінде
в) 7% люголь ерітіндісінде
г)96% этил спиртінде
д) эфирде
ІІ нұсқа.

1. Жалпы жансыздандыруды таңда:
а) қат-қабатымен сіңірту
б) тыныс жолдары
в) өткізгіштік (жансыздандыру)
г) қораптық (жансыздандыру)
д) Эпидуральді және перидуральді

2. Жергілікті жансыздандырудың түрлері:
а)қосымша және базис-наркоз
б) интубациялық және тыныс жолдарынсыз
в) кіріспе және демеуші
г) қат-қабатымен сіңірту, аймақты, өткізгіштік, мұздату
д) кіріспе, қосымша, базистік, аралас

3. Буын таю түрлерін ата:
а) көлденең, қиғаш
б) бұранда тәрізді
в) туа болған, жарақаттан, ескірген және үйреншікті шығулар
г) жарқыпшақты, жаншымалы
д) басылып шығулар

4. Шыққан йықты емдегеннен кейін мына таңба салынады:
а)жұмсақ Дезо таңбасы
б) қатты Дезо таңбасы
в) <<масақ>> тәрізді таңба
г) 8-тәрізді таңба
д) <<тасбақаша>> тәрізді

5. Мүше гипстік таңбамен жаншылғанда жүргізілетін шараларды көрсет:
а) антибиотиктер енгізі
б) ауыру сезімін басу
в) мүшеге жоғары қалып беру
г) гипстік таңбаны кесіп шешу
д) жарақаттық талмаға қарсы шаралар жүргізу

6. Күйіктің І - дәрежесіне тән белгілер:
а) тұрақты қызару, ашып ауыру, ісіну
б) тіндердің терең өліеттенуі
в) ауыру сезімі, күр қызару, көпіршіктер
г) түрі мен тері асты май қабатының өліеттенуі
д) түрінің өліеттенуі

7. <<Масақ>> тәрізді таңба салынады:
а) шынтаққа, тізеге
б) мұрынға, бетке
в) кеудеге, ішке
г) санға, балтырға
д)йық буынына, жамбас буынына

8. Кеуде қуысына құйылған қан түрін анықта:
а) гемоторакс
б) жарақаттық инсульт
в) гемоперитонеум
г) гемартроз
д) гематома

9. Буынға құйылған қан түрін анықта:
а) гематома
б) гемоторакс
в) гемоперитонеум
г) жарақаттық инсульт
д)гемартроз

10. Бас-ми жарақатында қолданылатын жақтау түрі:
а) Дитерихс жақтауы
б) Еланскийдің жақтауы
в) Крамер жақтауы
г) Белер жақтауы
д) Браун жақтауы

11. Коксит - бұл:
а) жамбас буынының ерекше қабынуы
б) буынның өткір қабынуы
в) шеміршектің қабынуы
г) сіңір қабатының қабынуы
д) буынның баяу қабынуы

12. Саусақтар, алақан күйгенде мына таңбалар салынады:
а) тасбақаша
б) сақпан тәрізді
в)рыцарь қолғабы
г) жүген тәрізді
д) шеңберлі
ІІІ нұсқа.

1. Уақытша қан тоқтату әдістерін таңда:
а) тамырды байлау
б)Эсмарх ширағын салу
в) тамырды күйдіру
г) тамырды тігу
д) полиглюкин құю

2. ІІІ дәрежелі үсікке тән белгілер:
а) тіндерде ауаның болуы
б) тіндердің ісінуі
в) терінің қызаруы
г) ауыру сезімі, ісіну
д) тері көкшіл түсті, көпіршіктер, өліеттенуі бар

3. Жергілікті іріңді хирургиялық аурулар:
а) энтероколит
б) дизентерия
в) паропроктит
г) колика
д) аденома

4. Қан кетудің қай түрінде <<кофе қоюы>> түстес қусық болатынын анықта:
а) асқазаннан
б) өкпеден
в) жатырдан
г) өңештен
д) тік ішектен

5. Біржолата қан тоқтатуда, механикалық қан тоқтату тәсілін таңда:
а) тамырды тігу
б) буынды бүгу
в) ширақ салуы
г) екі иықты артқа қайыру
д) саусақпен басу

6. Біржолата қан тоқтатуда, биологиялық қан тоқтату тәсілін таңда:
а) тамырды байлау
б) қан құю
в) жараны тығындау
г) викасол енгізу
д) амино-капрон қышқылын енгізу

7. Саусақтың іріңді қабынуы:
а) периостит
б) пульпит
в) цистит г) артрит д ) күбіртке

8. Көк тамырдың қабынуы аталады:
а)остеомиелит
б) лимфангонит
в) флебит
г) периостит
д) стоматит

9. Мұрыннан қызыл қан тамырынан кеткен қанды тоқтатады:
а) салқын қойып
б) буыннан бүгіп
в) білтемен тығыздап
г) Эсмарх ширағын салып
д) мұрынды жоғары көтеріп

10. Мойынға мына байлам таңылмайды:
а) жабыстырғыш
б) шеңберлі
в) жабысқақ
г) масақ тәрізді
д) шеңберлі-8 тәрізді

11. Сүт безінің іріңдігін емдеу үшін қосымша тексеріс өткізіледі:
а) маммография
б) R-скопия
в) тесіп, ірің алу
г) УЗИ-тексеру
д) биопсия

12. Жарадағы еттер <<піскен ет>> белгісі бар хирургиялық ауруды таңда:
а) жалпы хирургиялық инфекция
б) шіру инфекциясы
в) газды гангрена
г) остеомиелит
д) дунку (флегмона)
д)омыртқаның ерекше қабынуы

ІV-нұсқа

1. Қанның ІV-тобына сәйкес белгіні таңда:
а) βPound (альфа)
б) А β (бета)
в) АВ (-)
г) АВО
д) ОPoundβ (альфа, бета)

2. . Күйіктің ІІІ - дәрежесіне тән белгілер:
а) қызару, ауыру сезімі, терінің өліеттенуі
б) тұрақты ауыру сезімі, ашиды, ісінеді
в) тері қабатының зақымдануы
г) тіндердің терең өліеттенуі
д) күрт қызару және ауыру сезімі

3. Қанның сақталу мерзімі:
а) 21 күн
б) 7 күн
в) 11 күн
г) 15 күн
д) 5 күн

4. Буынның жарақатты шығулар орнына қою әдісін таңда:
а) Ортнер әдісі
б) Ситковскийдің әдісі
в) Кохер әдісі
г) Вишневскийдің әдісі
д) Дженалидзе әдісі

5. Бірінші хирургиялық өңдеуге жатады:
а) жараны ашып, дренаждау
б) қан тоқтату, тасымалдық бекіту
в) жараның шетін, түбін кесу
г) қан кету, қан тоқтату
д) жара ішін сутегі асқын тотығымен шаю

6. Жарақаттық талмаға қарсы әсері бар қан алмастырушыларды таңда:
а) гемодез
б) альбумин
в) полиглюкин, реополиглюкин
г) реополиглюкин
д) полидез

7. Иықтың негізгі шығу белгісі:
а) <<Клавиш>> белгісі оң
б) <<Пружиналық>> қозғалыс оң
в) Кохер белгісі оң
г) Дженалидзе белгісі оң
д) Ортнер белгісі оң

8. Жорғалаушы (жылан тәрізді) таңғыш деп, оның түрлері (оралымдары):
а) бірінің үстіне бірі жанаспай салынады
б) алдынғысын (1/2) -ге жабады
в) алдынғысын 2/3-ге жабады
г) алдынғысын толығымен жабады
д) алдынғысынан бинт енімен қалып отырады

9. Парентальді қоректендіру үшін мына ерітінділер қолданылады:
а) реополиглюкин
б) полиглюкин
в) аминопептид
г) гемодез
д) желатиноль

10. ІV дәрежелі үсікке тән белгілер:
а) ауыру сезімі, ісіну
б) тіндердің өліеттенуі
в) тіндерде ауаның болуы
г) терінің ағаруы
д) терінің қызаруы

11. Жараның шеті, қабырғасы және түбі кесіліп, біріншілік тігіс салынды, антисептиканың қолдану түрі:
а) механикалық
б) химиялық
в) физикалық
г) биологиялық
д) барлық түрі

12. Сүт безінің қабынуы:
а) тендовегинит
б) сыздауық
в) абсцесс
г) лимфаденит
д) мастит
г) төртеу
д) бесеу
1нұсқа
2нұсқа
3нұсқа
4нұсқа
1 б
1 б
1 б
1 в
2 а
2 г
2 д
2 г
3 д
3 в
3 в
3 а
4 б
4 б
4 а
4 д
5 г
5 г
5 а
5 в
6 в
6 а
6 б
6 в
7 д
7 д
7 д
7 б
8 г
8 г
8 в
8 д
9 б
9 д
9 в
9 в
10 б
10 б
10 г
10 б
11 в
11 а
11 в
11 а
12 г
12 в
12 в
12 д

Ұқсас жұмыстар
Бетпе - бетпе соқтығысу
Өндірістік оқыту
Сұрақтар мен тапсырмалар. Сабақтың тақырыбы
АЙТУҒА ОҢАЙ ток-шоуыны
Жейдені пішімдеу. өлшем алу үлгі даярлау тор сызбасын құру. 8- сынып
Кеуде бүкпесінің ортасынан алдыңғы бой ортасына перпендикуляр сызық түсіру
Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді алу
Иық ұзындығы
Дене қаңқасы
Бір орында тұрып допты кеуде тұсындаекі қолмен қабылдау
Пәндер