Бегенов орта мектебінің 10 және 20 жылдық түлектер кездесуінің бағдарламасы

Сағынышты кездесу

Болғандай кәусар жырға құт,

Өмірдің жырын жырлатып

Жас жүректерді нұрлантып,

Кездесуде бір бақыт,

Сырласуда бір бақыт, -

Адам өмірінде ең бір ұмытылмас шақтар: ол мектеп қабырғасында ешбір қамсыз өткен аяулы шақтар. Қандай да бір пенде болмасын өзін бір кездері білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебіне өзін оқытқан аяулы ұстаздарына, сыныптас достарына арада қаншама жыл өтсе де сағынышпен аңсап жетері сөзсіз. Құрметті 10, 20 жылдық кездесуге келген қонақтар қош келдіңіздер!

Құттықтау сөз: Жылдардан сонау сыр тұнған,

Жылдарға толы көктемі.

Жыл өткен сайын құлпырған,

Бегенов орта мектебі.

Жандары жомарт жайдары,

Ұстаздар күн ғой көктегі.

Жасай бер мәңгі арналы,

Бегенов орта мектебі

Мектеп директоры Ережепов Егізбай ағайға сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылықтар,

Жүрегінде маздаған жылылық бар.

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым,

Ұстаздағы сан сырды ұғынып қал.

Біз мәңгі қарыздармыз ұстаз саған,

Құдіретіңе бас имей қалғанба адам?

Мінезіңе байсалды ғашық болып,

Бізде өзіңдей болуды армандаған -деп 10, 20 жылдық қонақтардың сынып жетекшілеріне сөз кезегі беріледі.

(Музыкалық салем жолданады) «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар (Жұлдызбай)

Еске алу: He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
Су тартылған теңізден, жылғалардан,
Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,
He бар дейсің, өмірге тұлға болған
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Өтеді ғой . . .
Өтеді барлығы да,
Күн арқылы кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына;
Таң нұрына, адамның тағдырына
Менің жаным ашиды өткендерге,
Жаңа ғана өмірге жеткендерге
Ұран жазып аспанға қойсам ба екен,
Енді сендер өмірден өтпендер деп.
Бәрі өтуде
Күн батып, кеш кіруде,
Жаңаруда дүние, ескіруде

Өмірден ерте кеткен құрбы-достарымызды сағынышпен еске алайық, 1 минуттық үнсіздік жариялаймын.

Жүргізуші: Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Балғындар шын пейілмен жыр арнады - 5-6 сынып огқушылары 10, 20 жылдық қонақтарға арнау оқиды.

Қайда менің балалық шақ оқушылық күндерім

Қайда менің студенттік кездерім
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?

20 жылдық түлектер атынан:

Би: Айғали Фариза

10 жыл бұрын нұрға толы жанарың,

Биікке алып, самғатып еді арманың.

10 жыл өтіп келіп тұрсың ортаға,

Қуанышқа толып бүгін жан-жағың.

10-жыл бұрын арман көгіне түлеп ұшқан 10-жылдыққа кездесуге келген қонақтардан

сөз кезегі беріледі.

Кездесу әні: Нұрғиса

Қорытынды: Самғаңыздар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас - қағымда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына.
- Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылаймын. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.

. Қош сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Қарабұтақ орта мектебінің 2012-2013 оқу жылындағы 10-сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
№79 жалпы орта мектебінің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық сайысы (2011)
№213 Қыркеңсе орта мектебінің тәжірибесі: ұстаздарды қайта даярлау және 12 жылдық білім жүйесіне көшу талаптары
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи шежіресі және 20 жылдық жетістіктері
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: тарихы, символикасы және 20 жылдық маңызы
№32 жалпы орта білім беретін мектебінің ашық тәрбие сағаты: Туған қалам, Семейім - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған
ЖББ №17 орта мектебінің Алтын күз мерекесінің сайыс бағдарламасы
1 қыркүйек - Білім күні: Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны және мектептің 20 жылдық мерейтойы
Адам және қоршаған орта: 10-сыныпқа арналған таңдаулы курс бағдарламасы (34 сағат)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz