Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Виртуалды зертханалық жұмыс

Виртуалды зертханалық жұмыс.
Оқытушылар: Қараева Сандуғаш Каримовна
Илесбаева Айсұлу Ахметовна

Тақырыбы: Интерактивті ортадағы ДК жинау
жөніндегі виртуалды зертханалық
жұмыс.
Мақсаты:
Студенттерге интерактивтік жүйе виртуалды ортада жеке компьютерді жинау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру және компьютердің негізгі құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін айқын көрсету. Виртуалды компьютерлік кеңістікте (3D модель) нақты әлем объектілерінің, жеке компьютердің негізгі элеметтерінің кескінін егжей - тегжейлі зерделеп көруге мүмкіндік беру.
Зертханаға керекті құрал-жабдықтар:
ДК, интерактивті тақта, электронды модуль.
Сабақтың типі: Зертханалық жұмыс.
Интерактивті модуль құрылғысының негізгі қызметі:

Интерактивтік ортадағы жеке компьютер жинау жөніндегі виртуалды зертхана толымдаушыларды жинауға арналған әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды қамтиды. Интерактивтік жүйенің жеке компьютер жинау зертханасының тапсырмаларын құрастыруға, редакциялауға, өзгертуге және сақтауға арналған құралдары бар.
Сондай-ақ, интерактивтік жүйеге 200-ден астам тақырыпты қамтитын JPEG форматындағы рұқсаты 1280х720 HD сапасынан кем емес графикалық суреттерден тұратын көрнекілік құралдар енгізілген. Тест құруға және өткізуге арналған қолайлы құрал бар, оның көмегімен тестілерді өзгерту және оларды деректер базасында сақтау мүмкін. Интерактивтік жүйеде графикалық және мәтіндік ақпаратты бейнелеу үшін TXT, DOC, JPEG, GIF, PNG, TGA, WAV, MP3, MPEG4, OGG, AVI форматтары қолданылады. Интерактивтік жүйенің мына толымдаушылардың: аналық платаның, процесссордың, жедел жадының, бейнекартаның, қатты дискінің, оптикалық жетектің, қуаттану блогының ішкі құрылысы мен технологиялық үдерісін көрсететін анимациялық 3D бейнероликтерінен тұратын мультимедиялық контенті бар.

Құрылғының зертхана барысында тиімділігі:
Көзбен шолғанда ЖК жинаудың виртуалды зертханасының экраны сезімтал, түсінікті, сапалы графикасы бар, бас экранның, көрнекілік құралдардың, тестілеу материалдарының навигациясы интуитивті түсінікті.

Зертханалық жұмыс барысы
ДК Интерактивті модуль құрылғысын қосамыз.

Жұмысқа қажетті тапсырманы таңдаймыз.

ДК жинау үшін қажетті қосымша құрылғыларды таңдаймыз. Құрылғыларды таңдау барысында қойылатын техникалық талаптар мыналардан кем болмауы тиіс:
Процессор: Такт жиілігі 2,8 GHz, ядролардың саны 2, кіріктірілген графикалық ядро. Жедел жады: RAM 4GB, жады слоттарының саны 1, жадының көлемі 1000GB, шпиндельдің айналу жылдамдығы 5400rpm. Бейнекарта: бейнежадының көлемі жүйелі, бейнежадытипі DDR3. Дисплей: экранның диагоналі 21,5, рұқсаты FullHD 1920x1080, экранның форматы 16:9, дисплейдің жасалуы технологиясы LEDLCD, мультитач, сыйымдылық технологиясы,

саусақтың / стилустың сипаулары тіркеледі, жетектің типі DVD. Желілік қосылымдар: желілік карта 10/100/1000, модуль Bluetooth, Wi-Fi EEE 802.11 b/g/n, LAN қосқыш, RJ45. Кіріктірілген вебкамера. Қуаттану блогы. Интерфейстері: CardReader, шығу HDMI, порт A типіндегі USB 2.0, кіріктірілген микрофон, құлаққапқа арналған қосқыш 3.5 мм микрофонға арналған қосқыш 3.5 мм, SD/MMCке арналған қосқыш.
Клиенттік компьютерлерге қойылатын техникалық талаптар:
Кіріктірілген компьютерге қойылатын ең төмен талаптар мыналардан кем болмауы керек
а) Процессор - 2.7 GHz
ә) Аналық плата - бар
б) Бейнекарта - 1024/64 Gb
в) Жедел жады - DDR3 2Gb
г) Қатты диск - HDD 120 Gb
ғ) Қуат алу блогы - 500W

.
4. Қосымша құрылғыларды еркімізше таңдауға болады

Таңдалған құрылғылардың дұрыстығына көз жеткізу қажет.

Қорытынды:
Осындай дербес компьютердің ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі ДК құрастыруға болады.

МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ>> МКҚК

\
<<Бекітемін>>
Директордың ОӘЖ орынбасары
__________Жұмабаева Л.Қ.
<<___>>________2016 ж.

<<Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету>> мамандығына арналған интерактивті ортадағы ДК жинау жөніндегі виртуалды
зертханалық жұмыс.

11 қараша 2016 жыл

Ақтау қаласы

Ұқсас жұмыстар
Құстардың ішкі және сыртқы құрылысы
Инновациялық әдіс – білімді ұрпақ кепілі
Оқушыларды түгел
ЦБР топтамалары
Компьютер құрылғысын оқыту әдістемесі
Химия мектепте
Физика пәні мұғалімінің әдістемелік анықтамалығы
Виртуалды машиналар
Негіздер жай заттар
Ковалентті байланыс
Пәндер