Мәңгілік Ел идеясының бастауыш сынып біліміндегі интеграциясы

Мәңгілік Ел

Мәңгілік Ел ұғымы қасиетті, киелі,

Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені.

Несіпбек Айтұлы

Азаттық, еркіндік, мәңгілік ел - ата - бабамыздың сан ғасырдан бергі ұлы арманы. Тәуелсіздіктің жолында қаншама адамдар қасық қаны қалғанша найзаның ұшымен, білектің күшімен ел тыныштығын, жер тұтастығын сақтап қалды. Басынан қилы - қилы ауыр тағдырды өткерсе де, «Қазақ елі » Аллаға шүкір, тәуелсіз елдер қатарында болып 25 жыл өмір сүріп келеді. Осы аз ғана уақыттың ішінде еліміз көптеген экономикалық дамыған елдермен терезесі тең, еңсесі биік дәрежеде тұрады. Тәуелсіздіктің арқасында тұрмысымыз қуатты, түтініміз түзу, ертеңге деген сеніміміз нық болды. Осындай кең байтақ, жазиралы дарқан еліміздің аспанында көк туымыздың еркін желбіреуі, әуелі Алланың, қалды елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі.

Мен ауданымыздағы шәкірттерді сапалы білім нәрімен сусындатып жүрген № 36 Ә. Тәжібаев атындағы мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімімін. Мен үшін басты мақсат- ел ертеңінің сап қырандары, болашағымның алтын тұғырлары оқушыларымның жеңісті білімдері мен келешекке деген қадамдарының мықты болуы. Әр сабағымда ботадай көздері мөлдіреген шәкірттеріме бабамның аңсап кеткен тәуелсіздігі жайлы, елбасымның құрған «Мәңгілік Ел» идеясындағы жасап жатқан қажырлы еңбегі жайлы мақтанышпен айтып отырамын. Оқушыларымның санасына болашаққа өрлеу жолында ұлан байтақ өлкені қалай қорғағандарын, тектілердің ұрпағы екендігімізді сіңіремін. Меніңше, білім кемесінде шәкірттерге нақты білім беру жолында «Мәңгілік Ел» идеясын бастауыш сыныптарда былай деп қарастырған жөн.

  1. Беріліп отырған әр пән ана тілінде берілуі шарт;
  2. Ұлттық идея, келешекке деген жоспар әр сабақтарда көрініс табуы тиіс;
  3. Өзіміздің ұлы зиялы қауымдарымыз жайлы оқушының толық деңгейде, яғни, әр жас ұрпақ болашаққа үлкен сеніммен қарайтындай жағдай жасау.

Мен өркениетті елдегі дамыған Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын білімді, мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағын тәрбиелеп отырмын деп зор сеніммен айта аламын. Олай болса, мәңгілік елімнің табанының тұғырдан, арман - тілегі мен мұратының әрқашан биіктен көрінуін нәсіп еткей. Елімнің мәңгілігі мәңгі болғай!


Ұқсас жұмыстар
Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел: тәрбие сағаты
Мәңгілік Ел - мұратым: 9-сынып стилистика сабағының ұзақ мерзімді жоспары
Мәңгілік Ел идеясы және қазақстандық патриотизм: тарихы мен тәрбиелік рөлі
Қазақстан жолы 2050 және Мәңгілік Ел тұжырымдамасының әлеуметтік-экономикалық маңызы
Президенттің Мәңгілік Ел Жолдауы: білім, тіл және әлеуметтік даму бағыттары
Мәңгілік Ел идеясы аясында тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру: ұлттық тәрбие, инновация және әлеуметтік педагогика
Тәрбие сағаты: Қазақстан 2050 және Мәңгілік Ел идеясы арқылы патриоттық тәрбие
Қала колледждері арасындағы интеллектуалдық-спорттық эстафета Білімді жастар - Мәңгілік Ел болашағы
9-сынып қазақ тілі сабағы: Мәңгілік Ел - ұлт пен ұлыс тілегі; жазбаша мәтінді жүйелеу мен орфография
Мәңгілік ел идеясы және Елбасының Жолдауы: Қазақстанның 2050 стратегиясы мен әлеуметтік-экономикалық басымдықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz