Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жолы болған тұтқындар кімдер

Бағдат Қаражигитова
Астана қаласы
№ 70 мектеп-лицейдің
мұғалімі

БИОАҚПАРАТТАНУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА
ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША

АУЫЗША -1 САБАҒЫ
Тақырыбы:Шыңғыс Айтматов <<Найман Ана>>
8 - сынып

Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талаптарына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі мотивация
1. Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63% анықтау, жазу ( бала санына байланысты анықталады)
2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.
3. ООМ ( орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс
А В С Д Е F

II. Үй тапсырмасы: тексерілмейді
III. Жаңа сабақ:
2. Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.
Тірек сөздер: Ана-Бейіт,Сарыөзек,тұтқын,жуан-жуандар,кепеш,мойынтұрық,мәңгүрт,зұлымдық,ақыл-ес,саудагер,құрбан,Ақ іңген,адырна,садақ,ақжаулық,керуенші,мазар.
1. Есте сақтау 21 сөз - 2мин-30 сек.
2. Тірек сөздер жабылады. ( Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)
3. Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу , сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады ( уақыт есте сақтау уақытына тең 2мин-30 сек), уақыт аяқталғанда қаламды қою.
4. Көршісімен дәптер ауыстыру. (Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)
5. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға
ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.
6. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу , сұраққа жауап алынатыны ескертіледі.
Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. (8-сынып үшін мәтіннің бір парағына 4 мин)
7. Қарама-қарсы сұрақтар қою: ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.
1.Әңгіме қалай басталады? (жуан-жуандардың Сарыөзек даласын басып алуынан)
2.Жолы болған тұтқындар кімдер? (құлдыққа сатылған)
3. Жуан-жуандар қолында қалған тұтқындарға қандай жаза қолданды? (кепеш кигізіп , ақыл-есінен айырды)
4.Бір түйенің бас терісінен неше кепеш шығады? (бес-алты)
5.Басына кепеш қапталған тұтқынның мойнына не кигізеді? (ағаш мойынтұрық)
6.Дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы? (адамды ақыл-есінен айыру)
7.Жуан-жуандардың қолындағы тұтқынды Найман-Ана кімнен естиді? (саудагерлерден)
8.Мәңгүртке айналған тұтқынның зәресік алатын не? (басындағы кепешті алып тастау)
9.Саудагерлерге шай құйып беріп отырған әйел кім? (Найман-Ана)
10.Әңгімені естігенде әйел қандай күйде болды? (түрі өзгеріп , өзін-өзі әзер тежеді)
11 .Наймандар оққа ұшқан жауынгерді неге құтқара алмады? (ат жау жаққа шауып кетті)
12. Сүйегі табылмаған жауынгер жайлы ел не ойлады? (ит-құсқа жем боп , көмусіз қалды-ау)
13.Ана жүрегін күпті қылған жайт? (ұлының атының жоғалып кетуін)
14.Саудагерлердің сөзінен кейін ана қандай шешімге келді? (өз көзімен көріп келу)
15. Найман-Ананың қолында қалған қазынасы не? (Ақ іңгені)
16. Найман-Ана бойындағы сен пір тұтатын қасиет? (қайсар мінезді)
17. Найман-Ана жолға қалай дайындалды? (Екі мес су құйып алды . Ақ іңгенді ағашқа байлап қойды )
18.Найман-Ананың жолға шыққанын кім білді? (жалғыз қайын сіңлісі)
19.Өз ұлын танығанда Найман-Ана қандай күйде болды? (түйе үстінен қалай аунап түскенін білмей қалды)
20.Жуан-жуандардан жасырғанда ана не істеді? (Ақ іңгеннің тұмсығын жаулықпен буып қойды)
21.Жауыздыққа , адамды ақыл-естен айыруға сенің көзқарасың?
22.Жуан-жуандар мәңгүртті не деп қорқытты? (ол әйел сенің басыңдағы кепешіңді алып тастауға келді)
23.Мәңгүрттің қолына жебелі садақты ұстатып , нені атқызды?(қалпағын лақтырып, ат деді )
24. Найман-Ана ақырында неге бел байлады? (баласын қайта алып кетуге )
25.Мәңгүртке анасын атуға басында не кедергі болды? (күннің соңғы сәулесі шағылысып)
26.Ана-Бейбітті халық неліктен қасиет тұтады?
8. Сын тұрғысынан сұрау <<Иә>> немесе <<жоқ>> және толық жауап алу
ООМ ұяшығына үшінщі плюс белгісі қойылады.
1.Бір түйенің төс терісінен он шақты кепеш шығады (бес-алты)
2.Басына кепеш қапталған тұтқынды қораға қамап қояды (жоқ, ас сусыз айдалаға апарып тастайды)
3.Жуан-жуандар саудагерлерге құдықтан су алуға тыйым салды (жоқ)
4.Түйеші саудагерлермен бірден әңгімелесе кетті (жоқ)
5. Әйел саудагерлерден мәңгүрт туралы көп сұрап білді (жоқ)
6.Найман-Ананың күйеуі атақты кісі болған (иә)
7.Наймандардың жазғы жайлауында өзен сарқырап ағып шығады (жоқ , бұлақтар)
8.Найман-Ана жолға екі мес айран құйып шығады (жоқ , су)
9. Найман-Ананың қолында көп мал қалған еді (жоқ , жалғыз іңгені қалды)
10.Найман-Ана жолға кешке шығып кетті (жоқ, таң қылаңда)
11.Басын ақ жаулықпен орап , желке тұсын түйіп қойды (иә)
12. Ұлы анасын көргенде бірден құшақтап амандасты (жоқ, еш белгі бермей, түйелеріне қарай кете барды)
13.Анасы не де болса алып кетуге бел буды (иә)
14. Ұлы анасымен кетуге келісті (жоқ)
15. Әңгіме жуан-жуандардың Сарыөзек даласын басып алуынан басталады (иә)
16.Ең бақыты тұтқындар құлдыққа сатылғандар (иә)
17.Наймандар өлген жауынгерлерді соғыс даласында қалдырып кететін болған (жоқ)
18. Жас кезінде Найман-Ана да айлы түнде ән салатын (иә)
19.Найман-Ананың ұлын іздеуге шыққанын бүкіл ауыл білді (жоқ)
20. Найман-Ана жоңғарлардың шапқыншылығынан кейін жалғыз қалды (иә)
21.Найман-Ана терең жыра ішіне жасырынды (иә)
22.Найман-Ана түнімен ұлының маңайында жүрді (иә)
23. Ұлы анасына басындағы кепешті алып тастауды өтінді (жоқ)
23.Саудагерлер мәңгүртті көргенде сап сау жігітті көрді (иә)
24. Сарыөзекте адамды табу оңай екен (жоқ)
25Шыңғыс Айтматов қазақ жазушысы(жоқ).
26.Жуан-жуандар Найман-Ананы ұстап алады(жоқ)

9. Құтқару сұрағы. Екілік баға алған оқушыға сұрақ қою арқылы үштік бағаға тарту. (Егер үш минусы болса)
10. <<Ана-құдіретті күш>> деген тақырыпқа эссе жаз. (ТСҚ тексеріледі. Эссе немесе шығарма түрінде жазуға болады. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады.)
* 5 минут уақыт беріледі.
* 63 сөз есепке алынады.
ООМ ұяшығына төртінші плюс белгісі қойылады.
11. Журналға баға қою; 4 белгі - <<5>>, 3 белгі - <<4>>, 2 белгі-<<3>>, 1 белгі - <<2>>

12. Үй тапсырмасы: 3 белгіден кем алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Мәтінді оқу, мазмұндау.
13.Үйге тапсырма Шыңғыс Айтматов өмірі ,шығармашылығы туралы толық мәлімет теру.

Ұқсас жұмыстар
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар
Ш. мұртаза тұтқын бала
Қазақ балаларының қатарына келгенде
Шумер және Аккад
Абай атамыз жайлы түсіндіру
Қазақ газеті
Қайталау Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы Қазақ хандығына саяхат
АЯҚ КИІМ
Аналар әңгімесі
Пәндер