Күз сыйы. даярлық тобы

574537a1abd6

КММ «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»

Тақырыбы: «Күз сыйы!».

МАД «0-1» тобы

j0298897

Өткізген:Мусина. Г. К.

Семей қаласы

2011-2012оқу жылы.

j0298897

«Күз сыйы!»

D:\Алтын куз\229SSCAM\S6305032.JPG

Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Күз сыйы!» атты тақырыбы түрлі-түсті жапырақпен жазылып, гүлдермен әшекейленеді. ( балалар музыка әуенімен залға кіріп, орындыққа жайғасады. )

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар!Бүгін 0-1 мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Күз сыйы»атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп-жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

-Балалар біз бір бақтың ішінде тұрғандаймыз. Осындай әртүрлі жапырақтарды қандай жыл мезгілінде көруге болады?

Балалар: Күз мезгілінде көруге болады.

Тәрбиеші: Өздерің әдемі болып кетіпсіңдер. Балалар біз байқамай күз ханшайымының шахарына келіп қалыппыз. Тынышталайық, біз күз ханшайымын оятып жібердік-ау деймін.

Күз ханшайымы: -Менің ұйқымды бұзған кімдер?

D:\Алтын куз\229SSCAM\S6305035.JPG

Тәрбиеші :Сәлеметсізбе күз ханшайымы. Сізді жақын көргіміз келіп тұр, ортаға келіңізші.

j0298897

D:\Алтын куз\229SSCAM\S6305062.JPG

Күз ханшайымы: Алтын түске боялды,

Тау мен қырқа дала, түз

Келдім міне ортаңа,

Менің атым Алтын күз.

Сәлеметсіңдерме балалар, иә мен Алтын күзбін. Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым. Бірақ мен түсінбедім, сендер неге құмырсқа, бақа, қоңыз болып киініп алғансыңдар?

Тәрбиеші: Өйткені үш патшалық жарысайық деп алаңқай іздеп, осы жерге байқамай келіп қалыппыз.

Күз ханшайымы :Мен рұқсат етейін, менде көріп тамашалайын.

Тәрбиеші: Жарайды ханшайым, сіздің құрметіңізге «Қыркүйек»әнін орындап берейік.

Ән: «Қыркүйек».

Тәрбиеші:

Еңбек сүйгіш құмырсқа.

Ерте шығып жұмысқа.

Жазда астық тасиды.

Толтырады ас үйді.

Қыстай тыныш жатады.

Рахатқа бір батады.

D:\Алтын куз\229SSCAM\S6305054.JPG

Ортаға құмырсқаларды қошеметтеп шақырайық, өнерлерін көрсетсін. Құмырсқалар көкеністерді сипаттаймыз дейді, тамашалайық!

1. Пияз.

Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан да сақтаймын.

Сәбіз.

Өсіремін бойыңды

Дамытамын ойыңды,

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызылша.

Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.

Картоп.

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан таралған

Ағайынбыз бәріміз.

Қызанақ.

Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Асқабақ.

Күзді күтіп жатырмын.

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын жараймын.

Қыстай сақтап қоюға.

Қияр.

Көктеп ерте шырмалып

Өсемін мен бүр жарып.

Атым қияр теріп ал,

Жиі-жиі суарып.

Қарбыз.

Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп алма.

Орамжапырақ.

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Орамжапырақ атандым.

Бұршақ.

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріңе!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

Би:Құмырсқалар.

C:\Users\777\Desktop\5.jpeg

Тәрбиеші:

Бақа-бақа бақ -бақ,

Таңдайлары тақ-тақ

Бәрі-бірдей тақпақ

Жатқандай-ақ жаттап.

D:\Алтын куз\229SSCAM\S6305051.JPG

Ортаға бақаларды қошеметтеп шақырайық, өнерлерін көрсетсін бақалар жемістерді сипаттаймыз дейді, тамашалайық!

Алма.

Алма, алма дейсің.

Алма әперсең жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме!

Алма.

Күздік апорт алмамыз

Күннен қуат алғанбыз

Жұмыр жерден нәр жиып,

Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Шие.

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Өрік.

Өрікпін мен өрікпін

Бау бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өріппін.

Жүзім.

Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Алмұрт.

Мен алмұртпын, алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Анар.

Бұтақтан үзілген

Жарылса анарым

Моншақтай тізілген

Дәндерін аламын.

Тәрбиеші : Келесі бақалардың біреуі әнші екен, әнін тамашалайық.

Ән: Бал балалық.

C:\Users\777\Desktop\0.jpeg Би: Бақалар.

Тәрбиеші:

Қоңызымыз даланың,

Гүлді жақсы көретін

Жаздай ұшып гүлдердің

Шырын, нәрін алатын.

D:\Алтын куз\229SSCAM\S6305052.JPG

Ортаға қанқызы қоңыздарын қошеметтеп шақырайық, өнерлерін көрсетсін қоңыздар күз мезгілін сипаттаймыз дейді, тамашалайық!

1. Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады

Құстар ұшып барады.

2. Алақай, күз келді,

Қарық қып жеміске.

Сарғайды түз, белде

Толықсып егіс те.

3. Сап-сары ала теректер,

Сап-сары ала жапырақ.

Сәл тербелсе самал жел

Түсіп жатыр жапырақ.

4. Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

5. Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

6. Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

7. Алтын сары, қызыл көк.

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

8. Сары теңге жапырақ,

Көмкереді көл бетін.

Тоңазиды топырақ,

Қырау басып жер бетін.

Би: Қоңыздар.

C:\Users\777\Desktop\2.jpeg

Тәрбиеші:Мен бір жұмбақ жасырайын.

Аласа бойлы

Қалпағы бар

Ол не?

Балалар: Саңырауқұлақтар.

Ойын: Саңырауқұлақтар.

Күз ханшайымы:Мен сендерге жапырақтарымды ала келдім, ән айтылып шашу шашылсын!

Ән: Жапырақтар.

Тәрбиеші :Балалар сендер қандайсыңдар?

Балалар:Біз қандаймыз, қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз .

Ренжуді білмейміз.

Қуанасың сен де,

Қуанамын менде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!


Ұқсас жұмыстар
Кел жемісті алтын күз
«Алтын күз» байқауы
Берекелі, мерекелі алтын күз
Жетті желмен алтын күз
Көктемде алғаш шығатын гүл
Арайлы, алтын күз!
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Баланы толыққанды дамыту
Келді міне Алтын күз ертеңгілік
Наурыз туралы бейнекөрініс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz