Бастауыш сыныптарға арналған ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысының сценарийі

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сабақтың мақсаты:

  • сабақта алған білімдерін жинақтап, жүйелеу.
  • танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
  • Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

  1. Тақта, плакаттар, кестелер.

Сайыс барысы:

  1. Ұйымдастыру. Сайысқа әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады.

( 2, 3, 4 сыныптар) әр сайыскер ортаға жеке -жеке шығып, өзін таныстырады.

Сұрақтар:

  • бос уақытында немен айналысасың?
  • ұстанымың қандай?
  • қай пәнді ұнатасың?
  • теледидардағы қай бағдарламаны жиі көресің?
  • Кім болғың келеді?

Сайыс барысы:

І - айналым «Бәйге» Әр сайыскерге 15 сұрақтан үлестірме таратылады, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

  1. Қазақстан Республикасының астанасы? - Астана
  2. Қара алтын деген не? - көмір
  3. Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? - кереге
  4. Сенің әкеңнің шешесі саған кім болады? - әже, апа
  5. Мектептегі ең жоғарғы баға? - бес
  6. Кекілік құс па, әлде жануар ма? - құс
  7. 2-ні 3 рет қосқанда неше болады? -алты
  8. Жыл мезгілдерін ата? - Қыс, көктем, жаз, күз
  9. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? - асық, арқан тартыс, көкпар

10. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш? - шырша

11. Көше қиылысында жолды не көрсетеді? - бағдаршам

12. Кітапханада кім істейді? - кітапханашы

13. Қойдың төлі? - қозы

14. Жеті күн? - апта

15. Аудан орталығы қай ауыл? - Ақмол

Музыкалық номер: ән, тақпақ немесе би

ІІ - айналым « Тіл өнер» Бұл айналымда әр сұрақтың жауабы мен орысша аудармасына 10 ұпай беріледі.

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін.

Сұрақтар:

  1. Аттан тай озады, атадан кім озады? ( бала - ребенок)
  2. Денсаулық зор . . . ( байлық - богатство )
  3. Не оттан да ыстық? ( Отан - Родина)
  4. Білім - өмір шырағы, не - білім бұлағы ( кітап - книга )
  5. Ғаламның шырағы - Күн, Адамның шырағы - . . . ( білім - знание )
  6. Күш білекте емес, неде? (жүрек - сердце )
  7. Ашу дұшпан болса, Ақыл не? ( дос - друг )
  8. Еңбексіз өмір - сөнген . . . ( көмір - уголь)
  9. Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар -қатар тепкішек.

Басып көрсең бір бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. ( домбыра - домбра, )

  1. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды. ( балық - рыба )

Осы айналымнан кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.

ІІІ- айналым « Қызықты пәндер »

Осы 4 баланың қайсысында ұпайы аз, сол ойынды бастайды.

Математика
10
20
30
40
50
Математика: Дүние тану
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50
Математика: Қазақ тілі
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50
Математика: Жалпы сұрақтар
10: 10
20: 20
30: 30
40: 40
50: 50

Математика:

10: 1 сағатта неше минут бар? - (60 минут)

20: Бірінші қатарда 7 бала отыр, ал екінші қатарда одан 4 бала артық отыр. Екінші қатарда қанша бала отыр? - (11 бала)

30: 1дм - де неше сантиметр? -(10 см)

40: Санды өрнек неден құралады? - ( саннан)

50: 47 санында неше ондық, неше бірлік бар? - ( 4 ондық, 7 бірлік )

Дүние тану:

10: Адам немен тыныс алады? (ауа)

20: Адамға ең қажетті жағдайлар? (ауа, жарық, су, жылу, тағам)

30: Өсімдіктің жерасты мүшесі? (тамыр)

40: Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)

50: Аспан мен жердің шекаралық сызығы қалай аталады? ( көкжиек)

Қазақ тілі

10: Заттың қим ылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

( Не істеді? Қайтті? Не қылды?)

20: « Түн ұйқысын төрт бөліп » деген сөз тіркесі кім туралы айтылған? ( Ана)

30: Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ( 3)

40: Сөз неден құралады? ( әріптен)

50: « бесінші » сөзі қандай сұраққа жауап береді? ( нешінші? )

Жалпы сұрақтар

10: Үй құстарын ата? ( қаз, үйрек, тауық)

20: Ұзындық белгілері ( мм, см, дм, м, км, )

30: Құстар жылы жақтан қай уақытта келеді? ( көктемде)

40: Ұлттық тағамдар ( бауырсақ, айран, құрт, бесбармақ, ірімшік т. б )

50: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран)

Осы айналымнан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

ІҮ- айналым « Жорға »

1-Оқушыға:

1. Қыс айларын ата? ( желтоқсан, қаңтар, ақпан, )

2. Жасың нешеде? . . .

3. 9 - бұл? (Сан)

4. Екі сабақтың ортасында не бар? ( үзіліс)

5. Аптаның бірінші күні? ( дүйсенбі)

6. Күзде жапырықтар қайтеді? ( сарғаяды)

7. 3+3+3 - неше болады? (9)

8. Халықаралық әйелдер күні? ( 8 наурыз)

9. Сыныбыңда неше қыз бала бар? . . .

10. Біз сабақта тақтаға немен жазамыз? ( бормен)

2-Оқушыға:


Ұқсас жұмыстар
5-сыныптарға арналған ХХI ғасыр көшбасшысы математика сайысының сценарийі
ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысының бағдарламасы мен ережелері
ХХІ ғасыр көшбасшысы: мектеп оқушыларына арналған көптілді интеллектуалдық сайыс сценарийі
ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойыны: сценарийі, ережелері мен пәндік сұрақтары
№4 орта мектепте өткізілген ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысының сабақ жоспары (08.11.2013)
ХХІ ғасыр көшбасшысы: мектеп оқушыларына арналған пәнаралық білім сайысының сценарийі
ХХІ ғасыр көшбасшысы: информатика бойынша интеллектуалдық сайыс
Тайынша қаласы №5 орта мектептің ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысының өткізілу тәртібі мен ережелері
ХХІ ғасыр көшбасшысы математика сайысының бағдарламасы мен тапсырмалары
ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының бағдарламасы мен сұрақтар жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz