11-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: Бақыт сыры

Өзін-өзі тану 11 сынып

Сабақтың тақырыбы : Бақыт сыры

Мақсаты :

- Оқушылардың « Бақыт » құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

- Бақыт сыры туралы түсінік беру.

- Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету .

- Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу .

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шақырып, « Бағалайық бақытты » әнін тыңдайды, барлығы бірге қосылып айтады .

Әңгімелесу

-"Адам бақыт үшін жаралған" деген пікірмен келісесіңдер ме?Неліктен?

-Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

-Неліктен бақытты құсқа теңейді?

-Орындалған арман үнемі бақытқа әкеле ме?

-Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?

Мәтінмен жұмыс

І . Есенберлиннің « Бақыт сыры » шығармасында айтылған « Бақытты болу ережесі » оқып, талдау .

-Өзің осы тұжырымдардың барлығымен келісесің бе?

-Бақыттың тағы қандай сыры бар деп ойлайсың?

Дәйексөз

Өзін - өзі білген - ер бақытты,

Өзін - өзі билеген - ел бақытты .

Халық мақалы

Тапсырма

Дәптерде берілген ойды жалғастырып жазу

Жүректен жүрекке

М . Мақатаевтың бақыт туралы өлеңі оқылады . Балалар өлеңді оқып, ізгі сезіммен бір-біріне бақыт тілейді .

ШҚО Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылы

"Егінсу орта мектеп-бақша" КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Мустафина Бакытгул Михатовна


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану сабағы: бақыт құндылығын зерделеу - 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6 «Ә» сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәні бойынша бақыт тақырыбындағы ашық сабақ жоспары
Өзін-өзі тану (7 сынып) сабағы Бақыт құшағында: бақыттың мәні мен рухани-адамгершілік тәрбие
7-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Атамекен - алтын бесік
1-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану сабағы: Арайлап атсын әр таңым - таңертеңгі көңіл-күй және бақыт пен махаббаттың адамгершілік құндылықтары
Мейірімге толы жүрек: бастауыш сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы
8-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Достық пен адамгершілік құндылықтар
Келісім түбі - жарастық: 2 сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары - Бақыт құшағында: ішкі тыныштық пен өмірлік құндылықтарды қалыптастыру
3-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Мейірімділік - асыл қасиет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz