Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Медициналық сұрыптаудың мақсаты

СМЖ Н. 05-06
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ <<Жоғарғы медициналық колледж>> МКК

№1 арнайы пәндер
циклдік комиссия отырысында
қаралды және бекітуге ұсынылды
Хаттама №____ <<____>> _____2016ж.
ЦК төрайымы________ Г.Теслина

Тәжірибелік сабақтың әдестемелік талдамасы

Пәні: Тіршілік ету қызметінің қауіпсіздігі
Тақырыбы: ТЖ кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету.
Мамандығы: <<Медбикелік іс>>, 2 курс

Орындаған оқытушы Жантемірова Е.Қ

Бағдарлама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
2013 жылғы 28 тамыздағы № 492 бұйрығымен бекітілген
және қолданысқа еңгізілген ҚР 2013 жылғы
МЖМБС-на сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 28 тамыздағы № 492 бұйрығымен бекітілген
үлгілік оқу бағдарламасына сай құрастырылды.

Астана 2016

Практикалық сабақтың әдестемелік талдамасының сызбасы

Тақырыбы: ТЖ кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету.
Сабақтың типі. тәжірибелік сабақ
Оқыту әдістері. көрнекі-түсіндірмелі, білімдерін бағалау және бақылау
Сабақтың мақсаты: ТЖ кезінде тұрғындарды емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету негізідерімен таныстыру.
Біліктілік. Медициналық сұрыптаудың негізгі белгілерін, сұрыптау топтарыныңтүрлерін білу арқылы ,госпитальдық кезеңге дейін алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектін маңыздылығын игеру арқылы біліктіліктерін арттыру.
Тәрбиелік. Студенттерді медициналық көмектің жоспарың құруға үйрету
Дамыту. Арнайы тапсырмалар беру арқылы студентерді мәселе қоюға және шешуге,өз ойларын ашық білдіре алу қаблеттерін дамыту
Сабақ уақыты. 270 минут
Пәнаралық байланыс. Психология, анатомия, хирургия, акушерия
Пәнішілік байланыс. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері. Бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Көрнекі құралдар. дидактикалық материал -тесттер, тапсырмалар, сұрыптау маркалары, слайд.
Қолданған әдебиеттер.
1.ҚР-ң Заңы <<ҚР-ң азаматтарының денсаулығын сақтау туралы>>
2.Е.Нәбиев. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Астана қ. 2010ж. 193-196 бет.
Cабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин
2.Теориялық білімдерінің актуализациясы: -35 мин.
3.Ерте алған тәжірибелік тәсілдерінің актуализациясы: -10 мин
4.Кіріспе инструктаж және алғашқы рет көрген тәсілдер бойынша өздік жұмыс:
180 мин
5.Сабақты бекіту: 25 мин
6.Күнделік толтыру: 10 мин
7.Үйге тапсырма: 5 мин

Сабақтың барысы және әдістемелік тағайындалуы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттердің сыртқы түрін тексеру. Жұмыс орнының дайындығын тексеру. Қатыспағандарды белгілеу, себебін анықтау, сабақ өтеу мерзімін тағайындау. Сабақтың мақсаттарымен таныстырып, осы тақырып бойынша білімдік және тәжірибелік мағынасын түсіндіру. Емдік-көшіру қамтамасыз етудің тапты жүйесінің маңызын түсіндіру. Студенттер күнделікке сабақтың тақырыбын, мақсатын, сабақ жоспарын жазады.
II. Теориялық білімдерінің тексеру:
1. Ауызша сұрақтар <<Миға шабуыл әдісі>>
-1 сұрыптау тобы
-2 сұрыптау тобы
-3 сұрыптау тобы
-4 сұрыптау тобы
-5 сұрыптау тобы
-сұрыптау-көшіру госпиталнін құрамы
-арнайы медициналық көмектін көрсетілі мерзімі
-көшірі белгісі дегеніміз ?
-қабылдау-сұрыптау бөлімшесі дегеніміз не?
-зардап шегушілерді ошақтан алып шығу әдісі
-санитарлық жоғалтулар
-емдеу белгісі не?
2.Тапсырмаларды орындау.
III. Ерте алған тәжірибелік тәсілдерінің актуализациясы: -10 мин
Алдынғы сабақ барысында төтенше ошағында жұмыс атқаратың медицина қызметінің міндеттерін қайталау. Жауап берген студенті қалған студенттер дұрыс тыңдап, қателері болса түзетіп немесе толықтырып отырады.

IV. Өздік жұмыс
Сабақта студенттер келесі жұмысты орындауы тиіс:
1 жұмыс.Сыртқы белгілері бойынша есі жоқ зақымданғандардын жағдайын бағалау.
2 жұмыс.Бас, мойын, омыртқа жотасынын жарақтары бар зақымданғандарды зембілмен тасымалдау.
3 жұмыс. Қолда бар жабдықтармен зақымданғандарды тасымалдау.
4 жұмыс. Сұрыптау маркаларын дайындау
Студентерге оқытушы керек құралдар мен дидактикалық материалдарды таратып, өздік жұмыстың барысымен таныстырады.
Оқытушы өздік жұмыс барысында студенттерді топ-топқа бөледі, студенттер ситуациялық есептерді қолдана отырып медициналық сұрыптауды жүргізуді меңгереді, сұрыптау маркаларының қолдану әдістерімен таңысады, сұрыптау маркаларын дайындайды. Оқытушы қателері болса түзетіп көрсетеді.
V. Білімді бекіту
1. Бейнефильм -Реанимациялық шаралар, Сынықтарда,қан кеткенде медициналық көмек, көрсету, талдау.
2. Ситуациялық есептерды шешу (қосымша)
3.Тест сұрақтарын шешу (қосымша)
4.Тасмалдау әдістерін көрсету

VI. Сабақты қорытындылау
Оқытушы сабаққа толығымен анализ жасайды және әр студентін жұмысына баға береді.
VII. Үйге тапсырма. Тақырып. Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру.

(Қосымша №1)
Тапсырмалар
№1Тапсырма
Медициналық эвакуация туралы түсінік.
№2 Тапсырма
Медициналық сұрыптаудың жүргізу мақсаты.
№3 Тапсырма
- Эвакуация кезінде қолданылатын транспорттың түрлері.
№4 Тапсырма
Медициналық сұрыптау дегеніміз не?
№5 Тапсырма
Қандай сұрыптау маркасын білесін?
№6 Тапсырма
Алғашқы көмек туралы түсінік.
№7 Тапсырма
Дәрігерге дейінгі көмек, түсінігі.
№8 Тапсырма
- Пунктішілік сұрыптау дегеніміз не?
№9 Тапсырма
Эвакуациялық-көліктік сұрыптау дегеніміз не?
№10 Тапсырма
Госпитальдік кезенге дейінгі көмек?
№11 Тапсырма
Емдік-эвакуациялық қамтамасыз етудің жүйесінің мәні.
№12 Тапсырма
Көшіру госпитальдің негізгі міндеттері.

(Қосымша №2)

ТЖ кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету
тақырыбы бойынша тест сұрақтары

1 нұсқа
1. Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының заңы қашан қабылданды
А) 7маусым 1997жыл
Б) 7 ақпан1999жыл
В) 25 мамыр 1990жыл
С) 25 маусым 1995жыл
2. Азаматтық қорғаныс жұмысына кім басшылық етеді
А) президент
Б) премьер-министр
В) командир
С) төтенше жағдай министрі
3. Халықты басқа жақа қоныстандыруда неше топқа бөлеміз
А) 3
Б) 5
В) 2
С) 6
4. Оқу орныны студенттері мектеп оқушылары мен оқытушылары балалар уйлері мен оның тәрбиешілері, қандай топқа жатады
А) 3
Б) 5
В) 6
С) 2
5. Көшіру кезінде өзімен алып жүретін мүліктін жалпы салмағы (кг)
А) 30
Б) 18
В) 65
С) 50
6. Өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшірүші ұйым қызмеркерлері мен жұмысшылары олардын отбасы мүшелері көшірілудін нешінші тобына жатады
А) 5
В) 3
С) 6
Б )2
7. Қазіргі таңда тұрғындарды емдеу-эвакуациямен қамтамасыз етудің қанша жүйесі қолданылады ?
А)2 Б)3 В)5 Г)7
8. Санитария жасақтары зардап шеккендерді көліктен түсіріп киімдерін шешіп алғашқы медициналық көмек көрсетеді бұл?
А) пунктішілік сұрыптау
Б ) эвакуациялау-көліктік
В) зембілге жатқызып тасымалдау
Г) қөлмен тасымалдау
9. Алғашқы дәрілерлік көмек отряды саңаттың көлемінде қаншаға жуық зардап шегушіге бірінші дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігі бар ?
А) 500 б) 450 в) 300 Г)100
10. Зардап шеккендерді тасымалдаудың түрін анықтап оларды көлікке орналастыру амалын белгілейді ?
А) пунктішілік сұрыптау
Б) эвакуциялау-көліктік
В) зембілге жатқызып тасымалдау
Г) қөлмен тасымалдау

(Қосымша №2)
ТЖ кезінде емдік-көшіру жүйесімен қамтамасыз ету
тақырыбы бойынша тест сұрақтары

2 нұсқа
1.Медициналық сұрыптаудың мақсаты?
А)зардап шеккендерді медициналық көмекпен қамтамасыз ету
Б)зардап шеккендерді бірнеше сұрыптау топтарына бөлу
В)зардап шеккендерге санитарлық гигиеналық шараларды жүргізу
Г)Зардап шеккендерге эпидемиалық шараларды жүргізу
2.Медициналық эвакуация деп?
А)зардап шеккендерді тасымалдау және емдеу
Б)зардап шеккендерді зақымдаған факторларды анықтау
В)зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмектің түрін анықтайды
Г) зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмектің түрін анықтайды
3.ТЖ кезінде тұрғындар арасында пайда болаған жоғалтулар нешеге бөлінеді ?
А)4 Б)3 В)2 Г)5
4.Қайтымсыз жоғалтулар деген не ?
А) тж кезінде қаза болған адамдар хабарсыз жоғалғандар
Б) тж басталғанда және ТЖ нәтижесінде зардап шеккендер
В) алғашқы көмек кезінде қаза болғандар
Г) алғашқы дәрігерлік көмек кезінде қаза болғандар
5.Санитарлық жоғалтулар деген не ?
А) тж кезінде қаза болған адамдар хабарсыз жоғалғандар
Б) басталғанда және ТЖ нәтижесінде зардап шеккендер
В) алғашқы көмек кезінде қаза болғандар
Г) алғашқы дәрігерлік көмек кезінде қаза болғандар
6.Қабылдау- сұрыптау бөлімшесі нешеге бөлінеді ?
А)2 Б)3 В)4 Г)5
7.Медициналық сұрыптау алдына қойған міндеттеріне байланысты нешеге бөлінеді?
А)2 Б)2 В)4 Г)5

8. 1-ші сұрыптау тобына жатады ?
А) Айналаға қауіп төндіретіндер
Б) Медициналық көмекке мұқтаж зардап шеккендер
В) Келесі кезеңге жөнелтілетіндер
Г) Келесі кезенге жөнелтілмейтіндер
9. 2-ші сұрыптау тобына жатады ?
А) Айналаға қауіп төндіретіндер
Б)Медициналық көмекке мұқтаж зардап шеккендер
В )Келесі кезеңге жөнелтілетіндер
Г) Келесі кезенге жөнелтілмейтіндер
10. 3-ші сұрыптау тобына жатады ?
А) Айналаға қауіп төндіретіндер
Б)Медициналық көмекке мұқтаж зардап шеккендер
В )Келесі кезеңге жөнелтілетіндер
Г) Келесі кезенге жөнелтілмейтіндер
11. Медициналық сұрыптаудың негізгі мақсаты қанша сұрыптау топтарын тез анықтау болып табылады ?
А)5 Б)4 В)3 Г)5

(Қосымша №3)
№1 жұмыс. Сыртқы белгілері бойынша есі жоқ зақымданғандардын жағдайын бағалау
Жағдаяттық есеп
Сұрыптау алаңына зардап шеккен 12 адам түсті.
А) Иық сүйегінің жабық сынығы Крамер шендеуішімен шенделген 1 адам.
Б) Иығына қан тоқтататын бұрау салынған және шынтақ сүйегі аумағындағы жарақатына асептикалық таңғыш қойылған 2 адам.
В) Жамбасына қан тоқтататын бұрау салынған және қол-аяғына жартылай травматикалық ампутациямен 2 адам.
Г) Бас сүйегі мен кеуде сүйегі жарақатымен: АД анықталмайды, пульс жіп тәрізді, аритмиялық, әрең білінеді, тынысы сирек, бет цианозы, жүйелі түрде қалтырайды 1 адам.
Д) Тұлғасы мен аяқ-қолының жұмсақ тіндері сырылып жарақаттанған 2 адам.
Е) Қозғалыс және сөйлеу қабілеті бұзылған, матамен оралған, босатылғысы келетін, жағдайға бейімделмеген 1 адам.
Ж) Тері асты эмфиземасымен, цианозбен, демікпемен және кеуде қуысы ауырына шағынған 1 адам.
З) жалынға қатты күйген және күйіктен шок алған 2 адам.
Зардап шегушілерге мыналарды анықтап медициналық сараптама жасау:
- ОПМП анықтау;- Жолдама басымдылығын анықтау;-Жолдама мақсатын анықтау.
№1 жұмыс. Жағдаяттық есеп жауабы.
А) Иық сүйегінің жабық сынығы - жалпы жағдайына қарай госпиталдық немесе эвакуациялық бөлімге, екінші кезекте - бақылауға алу;
Б) Иығына қан тоқтататын бұрау салынған және жарақаты барды - ота жасау бөліміне, біріншіден, қанды тоқтату үшін;
В) Жамбасына қан тоқтататын бұрау салынған және қол-аяғына жартылай травматикалық ампутациямен - ота жасау бөліміне, біріншіден, аяқ-қолын ампутациялау үшін;
Г) Бас сүйегі мен кеуде сүйегі жарақатымен - агонирленгендердің изоляторына, екінші кезекте күтім жасауға.
Д) Тұлғасы мен аяқ-қолының жұмсақ тіндері сырылып жарақаттанғандарды - эвакуациялық бөлімге, екінші кезекте - ары қарай амбулаториялық емге жіберу үшін.
Е) Реактивті жағдаймен - реактивті жағдаймен зардап шеккендерге арналған изоляторға, бірінші кезекте бақылауға және қоздырғышын бекемдеуге;
Ж) пневматороксі қиындағандарды - таңу бөліміне, бірінші кезекте, плевральді қуысын пункциялауға және құрықтауға;
З) Күйіктен шок алғандарды - күйікке қарсы бөлімге, бірінші кезекте, күйікке қарсы терапия жасауға.
(Қосымша №4)

№2 жұмыс. Бас, мойын, омыртқа жотасынын жарақтары бар зақымданғандарды зембілмен тасымалдау.

Тапсырма №1
Жол көлік апаты болған жерден мойын бөлігінін жарақатымен, науқас жеткізілді
Алғашқы көмек көрсетіңіз.
Науқасты зембіл арқылы жеткізуге әрекет жасаңыз.
Тапсырма №2
Жол көлік апаты болған жерден омыртқа жотасының төменгі бөлігінің жарақатымен,қызыл қан тамырынан қан кетіп жатқан науқас жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетіңіз. Науқасты зембіл арқылы жеткізуге әрекет жасаңыз.
Тапсырма №3
Жол көлік апаты болған жерде ,бас жарақатымен науқас түсті.
Алғашқы көмек көрсетіңіз.
Науқасты зембіл арқылы жеткізуге әрекет жасаңыз
Тапсырма №4
Өрт болған жерде бастың жарты шары күйген науқас әкеленді.
Алғашқы көмек көрсетіңіз.
Науқасты жеткізуге әрекет жасаңыз.
Тапсырма №5
Өрт болған жерден оң жақ мойны күйген науқас жеткізілді.
Алғашқы көмек көрсетіңіз.
Науқасты жеткізуге әрекет жасаңыз.
Тапсырма №6
Өрт болған жерден бас аймағы 1-2 дәрежелі күйген науқас жеткізілді
Алғашқы көмек көрсетіңіз.
Науқасты жеткізуге әрекет жасаңыз.
(Қосымша №5)
№4 жұмыс. Сұрыптау маркаларын дайындау

(Қосымша №6)
№3 жұмыс. Қолда бар жабдықтармен зақымданғандарды тасымалдау.

Д. Бір қырымен жатқызу: а) құсу ұстамасы; б) ессіз күйде; в)қүйік алған жағдайда және жарақаттарда (арқасы, жанбасы, санның артқы бөлігі);
Е.Ж. Отыру және жартылай отыру қалпы: а) мойын жарақаты; б) кеуде торы жарақаты; в) бұғана және қол сыңығы;
Б. Аяғы көтерілкен қалыпта арқасымен жатқызу а) құрсақ жарақаты; б) іштен қан кету күмәні;
Г. <<Құр бақа қалпы>>: а) омыртқа жотасынын жарақаты; б) жанбас сүйегінін сынығы.

Ұқсас жұмыстар
Ч. дарвиннің эволюциялы туралы ілімі
Генетика және селекция негіздері. қолданбалы курс
Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес
Visual basic-те есептер шығару
Есептерді шығаруға нұсқау
Ч. дарвиннің эволюциялық теориясы
Бекіту тапсырмалары
«сұрыптау» тарауын қайталау
Алғашқы медициналық көмек қобдишасы
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек
Пәндер