Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Графикалық редактормен таныстыру

Сынып: 5 <<А>>
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу
Сабақтың мақсаты:
1. Графикалық редактормен таныстыру. Paint графикалық редакторынының құралдарын пайдалана отырып бейнелерді құру және өзгерту, программа мүмкіндіктерімен жұмыс істеуге үйрету.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы ойлау қабілетін дамыту;
3. Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
Топқа бөлу (компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын таңдау арқылы)
Шаттық шеңбері(процессор)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
oo Адасқан әріптер (жасырылған сөзді тауып, анықтамасын беру)
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
<<Балық аулау>> ойыны
ІV. Мақсат қою кезеңі
- Сөзжұмбақ шешу
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.
Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу.
Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері - ЗD-графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.
oo Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?
Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа -Paint графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті. Бұл программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.

:: Өзгертетін бейнелерді қайдан алуга болады?
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Пиксель (ағылшынша picture element - суреттің элемент.) -растрлық бейненің ең кішкентай элемент.
Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырма - сын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.Paint - графикалық редакторын іске қосу үшін Пуск - Все программы - Стандартные - Paint
Paintграфикалық редакторының терезесі мынандай элементтерден тұрады.

Программамен жұмыс істетін барлық құралдар Жолақта орналасқан. Негізгі (Главная) тіркеме бетінде (вкладка) Алмасу буфері, Кескін (Изображение), Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық (Толщина), Түстер (Цвета) топтары орналасқан.
Құралды таңдау үшін оны тышқанмен шертсеңдер жеткілікті.
Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады.
* Қарындаш үшін - жуандық, түс;
* Фигуралар үшін - контур , заливка- түстер.
Жай-күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.
Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде бо - лады: қарапайым және түрлі түсті (82-сурет). Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш (тышқанның оң жақ батырмасын басып түрып) тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.
Палитра да 20 түс анықталып бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

VІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңінде жинаған ұпай бойынша 7-8 ұпай жинаған оқушылар <<Бақытты сәт>> тақырыбында (Тәуелсіздік күніне байлынысты сурет салу), 6-4 ұпай жинаған оқушылар кітаптағы А деңгейіндегі тапсырманы, 3-1 ұпай жинаған оқушылар еркін тақырыпта сурет салады.
VІІ. Бекіту кезеңі
1. 2 топқа плакаттар таратылып, <> интеллект - картасын сызамыз. Яғни, Paint-тың мүмкіндіктерін және Paint-та сурет салу кезеңдерін схема түрінде сызу.
2. Тест жұмысы (бірін-бірі тексеру)
3. <<Ғажайып алаң>> ойыны топ басшысы шығып, <<Ғажайып алаң>>ды қосып, тоқтатады. Тобындағы оқушы сұраққа жауап береді. Егер топ білмесе, топ басшысы немесе келесі топ жауап береді.
VІІІ. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі: <<5>> - 22-14 ұпай, <<4>> - 13-8 ұпай, <<3>> - 7 ұпайдан төмен.
IV тарау. Paint - графикалық редакторы. 117-126 бет оқу.125 бет тест тапсырмасы.

Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен 2 класқа арналған іі тоқсанның қысқа мерзімді жоспары
Paint графикалық редакторы. Негізгі түсініктері. Іске қосу
Ең үздік менеджер. 8 сынып
Қарпайым мәтіндік редакторы
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Тік төртбұрышты салу құралы
Paint графикалық редакторының қызметі
Мәтіндік редакторда
Paint графикалық редакторы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
Ортақ элемент Сурет бояу құралдары
Пәндер