Жақсы адамдар

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Құрық орта мектеп - гимназиясы

Мерзiм 26 қараша

Мұғалiм Даукиев Сайран Еламанұлы

Сынып 10 «А» Оқушылар саны 16

Тақырып: Салауатты өмір салты

Құндылық: _ Дұрыс әрекет құндылығы

Қасиеттер: Әдептілік, жауапкершілік, тәртіптілік

Мақсаты: Оқушылардың денсаулық және салауаттылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Оқушыларға салауатты өмір сүрудің әдебі туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың салауатты өмір суруіне ықпал ете отырып, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды өз денсаулығын бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (Оқулық, интербелсенді тақта, А3, маркерлер)
Мақсаты:Оқушылардың денсаулық және салауаттылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:1. Оқушыларға салауатты өмір сүрудің әдебі туралы түсінік беру.2. Оқушылардың салауатты өмір суруіне ықпал ете отырып, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.3. Оқушыларды өз денсаулығын бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіптілікке тәрбиелеу.:

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушыларды түрлі түсті құрастырмалы пішіндер арқылы «Адамдар», «Денсаулық», «Табиғат» атты 3 топқа бөлу.

Оқушылармен бірге 5 «Т» ережесін еске түсіру.

Т-тәртіп

Т-тазалық

Т-тыныштық

Т-талап

Т-татулық

Тыныштық сәтi .

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын . . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын . . . Нұр менің ішімде . . . Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз . . .

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру

В. Ягодинскийдің мәтіні. 40-42 бетте.

Сұрақтары:
1. Адам үшін темекі мен арақтың зияны қандай екен ?

2. Адам осылардың әсерінен қандай қиындықтарға тап болады?

3. Аталған кейіпкер неліктен бақытсыздыққа ұшырады?

4. Осындай жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

5. Кейіпкер сендердің достарың болса, қандай кеңес берер едіңдер?

Ресурстар:(Оқулық, интербелсенді тақта, А3, маркерлер):

Ескерту

Оқушылардың күнделік, оқулық дәптер, бейджик, пеналын тексеру.

Баяу музыка «Хрустальная грусть» Алексей Захаренко

Мақсаты:Оқушылардың денсаулық және салауаттылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:1. Оқушыларға салауатты өмір сүрудің әдебі туралы түсінік беру.2. Оқушылардың салауатты өмір суруіне ықпал ете отырып, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.3. Оқушыларды өз денсаулығын бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіптілікке тәрбиелеу.:

3. Дәйексөз.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде!

Мақал

.

Дәйексөзді 2 рет ұлдарға, содан кейін 2 рет қыздарға оқыту.

Оқушылар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңіздер?

Дәйексөзді дәптерге жаздыру.

Балалардың жауабын тыңдаған соң мұғалім қорытындылайды.

Ресурстар:(Оқулық, интербелсенді тақта, А3, маркерлер):
Мақсаты:Оқушылардың денсаулық және салауаттылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:1. Оқушыларға салауатты өмір сүрудің әдебі туралы түсінік беру.2. Оқушылардың салауатты өмір суруіне ықпал ете отырып, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.3. Оқушыларды өз денсаулығын бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіптілікке тәрбиелеу.:

4. Оқиғаларды әңгiмелеу.

Бақша ағаштары

Ы. Алтынсарин.

Жаздың бір әдемі күнінде, таңертең бір адам өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен жеміс, гүл жапырақтарын көріп жүрді.

-Мына ағаш неліктен тіп - тік, ана біреу неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

-Оның себебі, балам мынау ағашты бағу - қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп . Мынау ағашты бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - дейді атасы.

-Олай болса бағу- қағуда көп мағына бар екен ғой! - дейді баласы.

-Бағу - қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен өзің ғибрат алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, жақсы түзу кісі болып өсесің. Бағусыз бетіңменс кетсең, сен мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - дейді.

Сұрақтары:

1. Әкесі мен баласы қайда барды?

2. Баласы әкесінен нені сұрады?

3. «Адам өмірде түзу ағаштай өсу керек» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Адам өмірде түзу ағаштай өсу үшін қандай өмір жолын таңдауы керек?

5. Достарыңыздың қателіктеріңізді түзетуге ықпал еткен кездері болды ма? Әңгімелеп беріңіз.

Ресурстар:(Оқулық, интербелсенді тақта, А3, маркерлер): «Өзін-өзі тану Мұғалімге арналған хрестоматия» (Алматы. 2013)
Мақсаты:Оқушылардың денсаулық және салауаттылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:1. Оқушыларға салауатты өмір сүрудің әдебі туралы түсінік беру.2. Оқушылардың салауатты өмір суруіне ықпал ете отырып, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.3. Оқушыларды өз денсаулығын бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіптілікке тәрбиелеу.:

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

(5-7) минут

1-топ «Адамдар» : «Адамның өмірі өз қолында» тақырыбына постер жасап қорғайды.

2-топ «Денсаулық»: «Жаны саудың - дені сау» тақырыбына постер жасап қорғайды.

3-топ «Табиғат»: «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» тақырыбына постер жасап қорғайды.

Ресурстар:(Оқулық, интербелсенді тақта, А3, маркерлер):
Мақсаты:Оқушылардың денсаулық және салауаттылық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:1. Оқушыларға салауатты өмір сүрудің әдебі туралы түсінік беру.2. Оқушылардың салауатты өмір суруіне ықпал ете отырып, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.3. Оқушыларды өз денсаулығын бағалауға және салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіптілікке тәрбиелеу.:

6. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Сөзі: Жұматай Оспанұлыныкі

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы


Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Жақсылықпен жаным дос
Тыныштық сәті Алтын балық
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жақсы адамдар
Рахмет сізге
Мінез
Тыныштық сәті
Ертедегі адамдар
Достық әлеміне саяхат
Өсімдік тобы
Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілік туралы ұғымдарын кеңейту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz