Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушының зейінін сабаққа аудару

Сабақтың тақырыбы: Жемістер.
Оқушы: Шарипкалиев Арнур
Диогнозы:(орталық жеке жүйесінің резедуальдық-органикалық жағдайы. Ғ-70.1 ЖТК 2 деңгейі
Тақырыбы: <<Жемістер>>
Мақсаты: Жемістердің атауларын анық айтуға,оның түрлерін, пішіндерін,түстерін ажыратуға үйрету, олардың пайдасы туралы
түсінік беру.
Тәрбиелік мақсаты: Жемістерді дұрыстап жуып, күнделікті тұрмыста пайдалануға тәрбиелеу.
Түзеу мақсаты: Көріп есте сақтау,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,танымдылық процестерін қалыптастыру,ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекілігі: жемістер, суреттер, дидактикалық тапсырмалар, қап,себет.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
oo Сәлеметсіңбе, Арнур
- Оқушының зейінің сабаққа аудару

2. Жаңа сабақ

I Танымдылық процестерін дамыту.
Арнур бүгін біз баққа барып жемістер тереміз.
oo Мынау алма терегі,ал енді алма терейік.
oo Мынау алмұрт.
Жемістердің түрлерімен таныстыру .
Алма,алмұрт,лимон, жүзім, мандарин, апельсин, т.б.

II Дұрыс сөйлеуге үйрету.
Жемістерді атымен атап сипаттама беру.
- мынау кандай жеміс?
oo тәті ма ащы ма?
oo түсі кандай?
- пішіні қандай?

III Ойлау, есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Ойын: <<Сиқырлы қап>>
Ойын шарты: қаптын ішінен бір жемісті қолымен алып оның атаын, дәмін, түсін, пішінің айту керек

IV Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

V Дидактикалық ойын: <<Ойлан да тап>>
Ойын шарты:Көрсетілген жемістерді табу.

VI Тақпақ

Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенің тәттісін,
Анамызға сыйлайық.

VII Ұсақ моторикасын қалыптастыру.
Дайын алманың,алмұрттың суретін бояу.

VIII Қорытынды
- Арнұр мынау нелер?
oo Жемістер.
oo Мынау не?
oo Алма.

IX Үйге тапсырма беру.

Алмұртың суретін бояу.

Тақырыбы: <<Ағаштар.Сандар>>
Мақсаты:Ағаштардың атауларын анық айтуға,оның түрлерін, пішіндерін,түстерін ажыратуға үйрету, олардың пайдасы туралы
түсінік беру. Сандарды санауға,жазуға үйрету. Сандарды қосу,азайту,тең болады таңбалармен таныстыру. Қосу,азайту амалдарымен жұмыс жасау
Тәрбиелік мақсаты: Ағаштарды қорғауға тәрбиелеу.
Түзеу мақсаты: Көріп есте сақтау,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,танымдылық процестерін қалыптастыру,ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекілігі: Ағаштың суреті, суреттер, дидактикалық тапсырмалар, қап,себет.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың барысы:
2. Ұйымдастыру бөлімі.
oo Сәлеметсің бе,Темірлан! Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, амандасайық.
- Оқушының зейінін сабаққа аудару.

2. Жаңа сабақ

I Танымдылық процестерін дамыту.
Бізде қазір қандай жыл мезгіл?
oo Көктем.
oo Далада нелер өседі қарашы?
oo Ағаштар.
oo Сен қандай ағаштарды атауларын білесің?
oo Емен,қарағай,шырша және жеміс ағаштар.
II Жаңа сабақ
Емен ағашын тақтаға іліп әдемі өсуіне көмек көрсетейік .
Мақал-мәтел
<<Адам көркі шүбірек, ағаш көркі жабырақ>>, - деп ағашқа тапсырма орындап жапырақтар ілеміз.
III Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, логикасын дамыту.
1 тапсырма
1,2,3,4,5 таңбалы сандарын қайталау. Тақтаға 1,2,3,4,5 сандарын іліп қойып, оқушы сандарды атайды.
2 тапсырма
Тақтаға магнит арқылы суреттер ілінеді, оқушы сол суреттердің қасына тиісті санды қойып шығу қажет. Мысалы: 1аққу,2 гүл,3сәбіз....т.б.Суреттердің астына тиісті сандар мен таңбалар қойып тұрады және бос торкөздің орнына тиісті санды қойып жазу керек.
3 тапсырма
Дидактикалық ойын: <<Ойлан да тап>>
Цифрларды суреттердің санына сәйкес сызықпен қос.
Ойын: <<Сиқырлы қап>>
Ойын шарты: қаптың ішінен сандарды алып,атау.

IV Сергіту сәті:
Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
4 тапсырма
Қосу, азайту, тең болады таңбаларымен таныстыру.+,-,= тақтаға ілінеді.
5тапсырма
Тақтаға +,-,= таңбаларын жазып үйрету.
6 тапсырма
Тақтаға қосу,азайту амалдарына арналған есептер шығару, суреттерді және сан таңбаларын пайдаланып, торкөзге тиісті сандады тауып, жаздыру.Мысалы: сәбіз2+1 сәбіз=3 сәбіз .....т.б.
V Ұсақ моторикасына жаттығулар
Мысық, ағаштар, тікұшақ,бала.
7 Тапсырма
Алма,кәмпит,мандарин арқылы есептер шығару
1+1= 2+1= 2+2= 3+2=

VI Қорытынды
- Қандай сандарды білесің санашы?
- Оқушыға қайтадан қандай белгілермен танысқанын көрсету.
- Ауада +,-,= белгілерін жазу

VIІ Үйге тапсырма беру.
1.12345 сандарын қайталау,
2. +,-,= таңбаларын жазу

Оқушыны сабақ аяғында мадақтап, сыйлық беріледі

Ұқсас жұмыстар
Формативті бағалау
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар. 6-сынып
Жаттығу жұмыстары.қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар.8-сынып
Ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері. Ұқсас фигуралар.
Менің туыстарым
Рационал сандар. қайталау. 6-сынып
Дүниетану- 3сынып
Сабаққа зейіндерін аудару
Ас қорыту жүйесі
Ана тілі, 3 сынып
Пәндер