Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ардақты ұстаздар

"Ұстаздар, мерекелеріңізбен!!!"

Ұстаздар мерекесіне орай өткізілетін сазды бағдарлама жүрісі

1-жүргізуші: Абзал - 10-сынып 2-жүргізуші: Айгерім - 11-сынып

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар және...
2-жүргізуші: мектебіміздің барша оқушылары!
1-жүргізуші: Жас әншіміз Сансызбай Балаусаның орындауындағы "Ұстазым" әнімен бүгінгі мерекеміздің негізгі куәгерлері - ұстаздар қауымын зор ілтипатпен, ыстық ықыласымызбен қарсы алайық!
/Ән орындалу барысында оқушылар орындарынан тұрады, ортаға ұстаздар келіп, орындарына жайғасады./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы да, қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Баршамызды алтын ұя мектебімізде білім нәрімен сусындатып отырған ұлағатты да, қадірлі ұстаздар!
1-жүргізуші: Бүгінгі төл мерекелеріңіз баршаңызға
1,2-жүргізуші /бірге/: Құтты болсын!

2-жүргізуші: Бүгінгі өздеріңізге арналған бағдарламаның жүргізушілері - біз, ұстаздарды ұлықтай білетін Абзал Серіков және
1-жүргізуші: Айгерім Еламанова.

2-жүргізуші: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
1-жүргізуші: Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
2-жүргізуші: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
1-жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрсек ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетке бас иелік мәңгілік!
2-жүргізуші: Ардақты ұстаздар! Бүгінгі арналар әсем әндер мен ақ жүректен ақтарылған тілек-лебіздер тек Сіздерге арналады.
1-жүргізуші: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, төл мерекелеріңіз тағы да
1,2-жүргізуші: Құтты болсын!
1-жүргізуші: Мерекелік алғашқы құттықтау сөз мектеп басшысы Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлына беріледі.
/Мерекелік лебіз/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Кеңесова Үмітжанның орындауындағы "Мектебім-ұям" әнін қабыл алыңыздар!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Абзал, менің ойымша, кез-келген адам мұғалім бола алмайды. себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал, өнерлі болу қасиеті кез-келген адамға қона бермейді.
1-жүргізуші: Әрине, айтқаныңмен толық келісемін. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
2-жүргізуші: Иә, қазіргі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің барлық мектептеріне "Үш тілділікті" енгізіп отыр. Осы жолда "Үш тұғырлы тіл" саясатын біздің мектебіміздің ұстаздары да ұстанып келеді.
1-жүргізуші: Мектеп табалдырын биыл алғаш аттап отырған бүлдіршіндерге үш тілді меңгертуде бірі зейнеткерлік жасқа жетсе де, бірі солардың ізінен өкшелеп қуып келе жатқанына қарамастан бар білгенін үйретіп, өздері де ізденіп, зыр жүгіріп жүрген Гүлсім апайымызға, Аймекен апайымызға, Жарқынай апайымызға қалайша сүйсінбейміз?
2-жүргізуші: Олармен бірге әркез мектеп деп жүрегі соғып тұратын, шәкірттері үшін жанын салатын Аманбай ағайды, үлкендерден тәлім алатын Үміт апайды қосыңыз.
1-жүргізуші: Мектебімізде облыс бойынша эксперименттік сыныптар болып саналатын 7-сыныптарға жаратылыстану пәндерінен сабақ беретін ұстаздарымыз Сауле апайымыз, Майра апайымыз, Самал апайымыз және Гүлбахрам апайымыз да шет тілдерін өз сабақтарында енгізіп жүргенінің куәсіміз.
2-жүргізуші: Ендеше, үш тілдіктің бастамасы басталған мектебіміздің барша ұстаздарына қошемет!
1-жүргізуші: Келесі кезекті мерекелік "Дұрыс-бұрыс"ойынына береміз.

/Ойын ойнатылады/
/Ойынға қатысатындар: Отаралиева Гүлсім, Жұмашева Жарқынай, Даниярова Сауле, Темірғалиева Майра, Жақсығұлова Самал, Тлепиева Гүлбахрам. "Дұрыс-бұрыс" ойыны. /
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Жанерке, Аяна, Нұрайдың орындауында "Алтын ұя-мектебім". қабыл алыңыздар!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: "Ұстаз" - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.
2-жүргізуші: Иә, қашанда ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар ұстаздарымыз қашанда біз үшін ыстық. Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырса да, ет жүрегі шәкірттерім деп соғып тұратын ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше. Ендеше келесі сөз кезегін ардагер ұстаздарымыз Айханым апайға, Света апайға, Зияш апайға, Гүлсім апайға, Света апайға, Ғалия апайға, Гүлсара апайға берсек.
/Мерекелік лебіз/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын сазды сәлем!
2-жүргізуші: "Інжу-маржан" вокалдық ансамблінің орындауында "Ұстазым". Көркемдік жетекшісі Жалғасбаева Айдана. Қабыл алыңыздар!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Айгерім, дәл қазір ұстаз туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтып жарысқа түссек қайтеді?
2-жүргізуші: Мейлі, ендеше сен баста.
1-жүргізуші: "Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау."
2-жүргізуші: "Ұстазға қарап шәкірт өседі."
1-жүргізуші: "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы."
2-жүргізуші: "Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр."
1-жүргізуші: "Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла."
2-жүргізуші: "Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем."
1-жүргізуші: "Мектеп-білім тірегі, ұстаз-оның жүрегі."
2-жүргізуші: "Ұстаздық - ұлы құрмет."
1-жүргізуші: "Мектеп-білімнің қазынасы, ұстаз-өмірдің арнасы."
2-жүргізуші: Жеткілікті, Абзал. Ұстаз туралы қанша айтсақ та еш жалықпаспыз. Өйткені ұстаз туралы айтылар сөз де, ой да көп. Одан да кезекті тағы бір керемет ойынға берсек.

/Ойын ойнатылады./
/"Жазулар галереясы" ойыны/
/Ойынға қатысатындар: Сайран, Аманбай, Гүлшат, Тілляхан, Гүлмира, Рысгүл, Гүлжан, Алия./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Құдірет қой айтылса ән шын жүректен,
Балбырап тұла бойды елжіреткен.
Ал, баянды сазға қосып тартар болсаң,
Саусақтарды перне үстінде дірілдеткен.
1-жүргізуші: Халықаралық "Күншуақ" фестивалінің 2-орын иегері Бердіғалиқызы Айзаданың орындауында "Ауылыма сағыныш". Қарсы алыңыздар!
/Сазды сәлем/
/Альбина "Мектебім" әнін орындайды./
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Ұстаздар мерекесіне байланысты 10-11-сынып оқушыларынан ұстаздар туралы сауалнама алынған еді. Міне, соның қорытындысы бойынша мектебімізде әртүрлі номинация бойынша ұстаздарымызды марапаттайтын сәтке де жеттік.
2-жүргізуші: Ендеше, ұстаздарды марапаттау үшін және ұстаздар мерекесіне орай шығарылған қабырға газеттерінің сайысы бойынша жеңімпаз сыныптарды марапаттау үшін сөз кезегі мектеп басшысы Келдімұрат Түгелбайұлына беріледі.
/Марапаттау/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Ұстаз сөзі күн нұрына парапар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
2-жүргізуші: "Балдәурен" вокалдық триосының орындауында "Ана ұстаз" әнін қабыл алыңыздар!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Бүгінгі мереке көңілге шуақ орнатып, тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді, қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы күн.
2-жүргізуші: Ал, кеше ғана мектебімізден түлеп ұшқан қарлығаштар биыл өздерін тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының қатарына қосылды. Бүгінгі мерекеміз олар үшін төл мерекелері болып алғаш тойланып отыр.
1-жүргізуші: Жас маман ұстаздарымызға ұстаздық жолында шығармашылық табыс, жеңістер тілейміз. Кезекті жас мамандардың қатысуымен өтікізілетін әзіл-шыны аралас ойынға береміз.

/Ойын ойнатылады./
/Ойынға қатысатындар: Хасанова Айдана, Хасанова Гүлдана, Қадырбекова Ақмарал, Алғалиева Ақбаян, Есбосынова Қарлығаш./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін.
Сазды сәлем ретінде ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рахметін.
2-жүргізуші: "Мектебім". Орындайтын Берекет. Қошеметтеріңіз!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Білім, өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашан да ашық-жарқын қабағы.
Ұстаздардың бізге берген сабағы,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
2-жүргізуші: Ұстаздар көп ойлаумен бала қамын,
Нұрланып атар іспен әрбір таңы.
Ғаламды жадыратқан күн секілді,
Баланы аялаған алақаны.
1-жүргізуші: Ұстаздар анамыздай аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Ардақтаймыз әрқашан біз сіздерді,
Мәуелі бәйтерексіз саялаған.
1,2-жүргізуші: Ұстаздар сізге мың алғыс!
/Сахнаға Ержанова Индира "Ұстазым" әнімен шығады. Барлық оқушылар орындарынан тұрып, ән соңына қарай 5 оқушы отшашу шашады. /
2-жүргізуші: Аяулы да, қымбатты ұстаздар! Осымен бүгінгі мерекелік сазды бағдарламамызды аяқтаймыз. Бастарыңызға амандық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
/Соңы/

Ұқсас жұмыстар
Қарттарын қадірлеген ел ардақты
Қарттарым – асыл қазынам
Ұстазға тағзым етейік
Ұстаз ұлы тұлға жайлы ақпарат
Ұстаз деген ұлағатқа бас идік!
Ардақты ағаларға шын көңілден
Аналарға – мың алғыс!
Ұстаздан шәкірт озар
Ұстазым – алтын діңгегім
Ұстаздарға мың алғыс
Пәндер