Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Сабақтың тақырыбы: « Ұқсас қосылғыштарды біріктіру »

Сабақтың мақсаты: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу және қолдану.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік:
- ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу;

- ұқсас қосылғыш ұғымын енгізу;

- «ұқсас қосылғыштарды біріктіру» дегенді түсіндіру;

- есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:
- ойлау, салыстыру және аналогиялық тұрғыда орындау қабілеттерін дамыту;
- берілген тақырып бойынша талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
- оқушыларда білімге деген оң көзқарас қалыптастыру, топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Берілген тақырыпты игеру барысында оқушылар ұқсас қосылғыштар ұғымын түсінумен қатар, ұқсас қосылғыштарды біріктіруде көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана білуі қажет.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Зерттеу (ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін іздеу-кітаппен жұмыс) ;
Жартылай іздеу ( ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастырудағы эвристикалық әңгіме)

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кестелер.

Сабақтың типі : Ақпаратты коммуникативті технологияны қолдану арқылы жаңа сабақты енгізу

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II Ауызша есептеу. №1 кесте

А) . Өрнектердің коэффициенттерін ата:

-7ас; -203вс; -у; 10, 3z; 5t.

Ә) . Теңдеуді шеш:

-х=-6; -2х=-3; -8х=2; -5х=10; 2х=-5; -х=8.
С) Өрнекті ықшамда:

х+х; а-а; 0-а; в·в·в; х-0; х:х; х · х; а-0; в+в+в; х+0; с·0; х:0.

Д) Жақшаларды аш:

- (а+в+с) ; (х+у) -х; ( с+5, 4) -(4, 9 + с) ; (а-в) + ( -а +в) .

III. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Берілген кестені оқушылармен бірге толтыру.

№2 кесте

«Б» Білемін

«Б» Білгім келеді

«Ү» Үйрендім

Білгім келеді: оқушылар оқулықтың 4. 4 параграфын ашып, .

ІV. Берілген тақырып бойынша жұмыс .

1. Тақтада жұмыс: Жақшалардыашу:

6 (а-в-с) =

9 ( -х+у) =-5 ( 3m +k-n) =

3 ( 2х +6у) =

Мұғалім: жақшаларды ашуда көбейтудің қандай қасиеттері қолданылады?
5а-9a + 4а -11а.

Мұғалім: Қосылғыштарға назар аударамыз. Олардың ұқсас элементтері қандай? ( бірдейәріптікөрнектер)

Олар немен ажыратылады? ( коэффициенттерімен)

Мұғалім: оқулықтан тек қана коэффициенттерімен ажыратылатын әріп бөліктерін қалай атайтынымызды оқиық. ( оқушылар жауап берді)

Тапсырма: Өрнектердегі ұқсас қосылғыштарды табыңыз:

№3 кесте

2а + 3в +5а - 5; -3у +2х +3х; m+ 2m + 6m - 3n; 11p + 2p + 20p - 3x.

V. (Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі) .

I топ. №780, 1-3 тапсырмаларII топ. №780, 4-6 тапсырмалар.

I топ. №781, 1-3 тапсырмалар. IІ топ. №781, 4-6 тапсырмалар.

Мұғалім: ?

Сергіту сәті: « Мақалдың мағынасын түсіндір» ( Әр топқа жеке мақалдардың мағынасын түсіндіру ұсынылады)

1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес;

2. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас;

3. Айла алтау, ақыл жетеу.

Мұғалім: Ендігі кезекте ұқсас қосылғыштарды біріктіруді үйренеміз, ол үшін ұқсасқосылғыштарды біріктіру алгоритмімен жұмыс жасаймыз.

(оқулықпен жұмыс)

№4 кесте

Алгоритмді тексерейік. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі:

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1. Олардың коэффициенттерін қосу керек;

2. Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Мұғалім: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін бекітейік. №782 есеп (180 бет)

VI. Мұғалім: Енді өтілген теориялық материалды бекітеміз, ол үшін Блум Таксономиясын қолданамыз.
1. Білім : жақшаларды аш ( а-в) - (а +в) ; жақшаларды ашу алгоритмі.

2. Түсіну : ұқсас қосылғыштарды біріктір: 2а -6а + 8а -а -5в +4;

3. Қолдану: 5(7у- 2) - 7(5у + 2)

4. Талдау: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі не үшін қажет?

5. Синтез: а-ның кез келген мәнінде өрнектің -ге тең болатынын дәлелде. .
6. Бағалау: - көбейтудің үлестірімділік қасиеті ұқсас мүшелерді біріктіруде қажет пе?
- Ұқсас қосылғыштарды біріктіру өрнектердің мәнін табуда қажет пе?

VII Рефлексия

«Б» Білемін: Оң және теріс сандарға амалдар қолдану; жақшаларды ашу; өрнектегі сандықкоэффициентті анықтау; көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдана білу.

«Б» Білгім келеді: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар; ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін; бос мүше.

«Ү» Үйрендім: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып жақшаларды ашуды; ұқсас қосылғыштарды; бос мүшені; ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін.

Біздің бүгінгі сабағымыз сіздерде қандай әсер қалдырды? Не себепті?

VIII. Үйге тапсырма. №783, №786 180-бет.

Қорытынды:


Ұқсас жұмыстар
Жақшаларды ашу. ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру
Алгебралық өрнектерді түрлендіру
Математика тест жұмысы. 6 сынып
Күнтізбелік жоспарлау. 6 бағдарлы сынып
Сабақ жоспары. Сабақ барысы
Сызықтық функция
Анықтама жаз
Көпмүшені стандарт түрге келтіру
Көпмүшелерді теңбе-тең түрлендіруге есептер шығару.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz