Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Матаның негізгі қасиеттері

Тақырыбы: Диванға шағын сәнді жастықша тігу
Мақсаты: а) Оқушылардың білімін жүйелендіру. Заман талабына сай
күнделікті өмірде өздеріне қажетті бұйымдардың қолдану
ерекшеліктерін, қажеттіліктерін түсіндіру;
ә) Шығармашылықпен жұмыс жүргізе білуге, ізденімпаздыққа,
сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін шыңдау
арқылы шеберік деңгейлерін дамыту. Еңбекті ғылыми
тұрғыда ұйымдастыруға үйрету;
б) Халқымыздың қолөнерін жандандыру. Бұйымды жаңа
дизайн талабына сай әсемдей білуге, тұтыну бұйымын
еңбек нысаны ретінде пайдалана отырып, танып білуге,
іскерлікке, еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Кажетті құрал- жабдықтар, көрнекіліктер:
1. Велюр мата, ине, жіп, сызғыш (80-80 см-к)
2. Технологиялық нұсқау картасы (әр оқуш-ң алдында)
3. Бұрын жасалған жұмыстар: жастықшалардың бірнеше үлгілері
4. Карточка , тест, тірек сызбалары, буклеттер, плакаттар
5. Нақыл сөздер
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, математика, әдебиет, тарих.
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ- жауап, проблема тудыру.
* Ауызша түсіндіру барысында әр оқушының алдында технологиялық нұсқау картасынан жұмыс тәртібі көрсетіледі.
* Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында дайын бұйымдар көрсетіліп, жетістіктері мен кемшіліктеріне назар аударылады.
* Теорияны практикаға ұштастыру арқылы білімдері бекітіледі.
* Жекелей проблемалық жағдайлар тудыру, ізденістер жүргізу арқылы оқыту.
* Әр оқушы өздерінің үйлеріне жастықшаны тігіп, әзірлейді.
* Топпен, жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі 2 мин
ІІ Өткен сабақты пысықтау 5 мин
ІІІ Жаңа сабақ <<тармақ>> әдісі 7 мин
ІҮ Практикалық бөлім (сарам-қ жұмыс) 20 мин
Ү Сарамандық бөлімді қорытын-у.Кубизм стр-ы 5 мин
ҮІ Жарнама 3 мин
ҮІІ Сабақты қорытындылау. 2 мин
ҮІІІ Үйге тапсырма беру 1 мин

І Ұйымдастыру бөлімі 2 мин
1.Амандасу, түгендеу. 2. Жұмыс алдындағы ағымдағы ТҚ бойынша нұсқау беру 3. Жұмыс орындарын, сабаққа әзірліктерін тексеру 4. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу
ІІ Өткен сабақты пысықтау 5 мин
Тірек сызба арқылы қайталау
1. Матаның физикалық-механикалық қасиеттері
2. Жүнді өңдеу
3. Жібекті өңдеу жұмыстары
4. Маталардың қолданылуы
ІІІ Жаңа сабақ 5 мин
Жаңа сабақты түсіндіру (теориялық бөлім) <<Тармақ>> әдісі бойынша тақырыпты ашу.
Мата таңдау. Кез келген бұйымды тігер алдында оған қажетті мата
таңдай білу керек. Матаны таңдағанда оның пайдалы, сәндік қасиеттеріне назар аударылады.
Пайдалы қасиеті дегенді мата талшығының құрамы, денсаулыққа пайдасы ауа мен ылғал өткізгіштігі, тез жуылуы, кебуі, өңінің түспеуі, қыртыстанбауын анықтайды. Мұндай қасиеттерді матаны қолмен ұстау арқылы анықтайды. Сәндік қасиеті деп таңдаған матаның түсі, қатпарларының дұрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі, көп қыртыстанбауын
атайды.
Табиғи маталар гигиеналық тұрғыдан қарағанда, денсаулыққа пайдалы, табиғи талшықтардан тоқылады. Бірақ, олар тез қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады.
Қоспа маталар жылтырақ, тайғақ, тез сетінейді, қыртыстанады. Мұндай матадан тігілген зат жақсы үтіктеледі, сабын суға оңай жуылады, тез кебеді. Дұрыс үтіктелмеген жағдайда, матаның бетінде жылтыр із қалуы немесе бүрісіп қалуы мүмкін.
Синтетикалық маталардың гигиеналық сапасы төмен болғанымен жылу жылу және ылғал өткізгіштігі жоғары. Көбіне табиғи материалдарға ұқсас болып келеді. Мысалы, лавсан мен нитронның сырт көрінісі жүн матасына жақынырақ келеді.
Химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде оларды әртүрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып отырады. Өйткені визкозды талшықтарды жүнге қосса мата жұмсарады, әрі жақсы бүрмеленеді. Ал, капронды жүнмен араластырса, мата қыртыстанбай екі есе қатты және мықты болады.
(Мата туралы тірек сызба слайдта көрсетіледі )
Матаның негізгі қасиеттері:
2.Технологиялық
3. Гигиеналық
Енді біраз түстер әлеміне саяхат жасайық:
Ақ түс- шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ түс молынан кездеседі. Көк түс- аспанның, рәміздердің түсі, бұл түстерден аяқ астына тасталатын бұйымдар жасалмайды. Қызыл тұс- әсемдіктің, оттың, жеңістің белгісі. Сары түс- ақыл- парасаттың белгісі деп есептеледі. Сонымен бірге ол жұбаныш пен үміт кепілі. Жасыл түс- көктемнің, жастықтың символы.
(Түстер жайлы слайдта көрсетіледі)

ІҮ Практикалық бөлім (сарамандық жұмыс)
<<Шеберлік шыңына шығу>> баспалдағы. Әркім қай сатыға жеткендігі туралы өзін-өзі бағалайды.
Кіріспе нұсқаулығы. Төмендегі сызба бойынша оқушыларға түсіндіріледі, жұмыс барысындағы ТҚЕ танысыстырылады. Бірінші сызба бойынша жастықша тігеміз

Бүрмелі тігісі Су толқыны тігісі Су толқыны екінші
Түрі

1 сызба 2 сызба 3 сызба

Ү Жарнама
Әр топ өз бұйымдарын жарнамалайды, яғни қолданған матасы, түр-түсінің үйлесімділігі, күнделікті өмірде қолданылуы, қолдан дайындап алу мүмкіндігі және қолжетімділігі жөнінде шыққан шығыны, пайдасы жөнінде мағлұмат бере отырып өздері дайындаған бейне жарнамаларын интерактивті тақтада көрсете отырып қорғайды.

ҮІІ Сарамандық бөлімді қорытын-у. <<Кубизм>> әдісі
1.Суреттеу /Пішіні, көлемі, түрі,түсі/
2. Салыстыру /Жастық пен бүрмелі жастықшаны салыстыру/
3. Зерттеу /Оның шығу тарихы адам еңбегімен байланысты/
4. Қарсы шығу /Оның жағымсыз жағы да бар/
5.Өз ойыңмен байланыстыру /Ол көп нәрсеге ұқсас. Мысалы, сахнаның артындағы пердеге/
6. Қолдану. /Әдемі. Машиналарда, дивандарда шынтақтың астына қоюға

ҮІІІ Сабақты қорытындылау.
1. Топ жетекшілерінің қорытындысы
2. Оқушылардың бағалау парақтары арқылы өз жұмыстарын бағалауы.
3. Жұмыс орнын жинастыру
ІХ Үйге тапсырма беру
Жастықшаны үйде ақауларын өңдеп, астарлау жұмыстарын жасау.

Ұқсас жұмыстар
Жануарлардан алынатын табиғи талшықтар. жүн және жібек маталар. маталардың қасиеттері
Сабақ бойынша өзгертулер
Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі
Сабақты бағалау
Жүн және жібек маталар туралы түсінік
Тік белдемшені үлгі бойынша пішу
Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу) 7 сынып
Мата өңдеу технологиясы
Мата туралы түсінік
Саржалық айқаспа
Пәндер