Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Доссыз өмір-тұзсыз ас
Қамшыбаева Майкен Қинаятқызы
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха қаласы
№5 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Доссыз өмір-тұзсыз ас.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке,
қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі
қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп
сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес,
әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз
жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.
Пайдаланылатын көрнектілер:
Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-
мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Доссыз өмір- тұзсыз ас» тәрбие сағаты.
1) «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?»
Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.
Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз
сеніп,
тілектес, мұраттас болуы.
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына
қаншама сан
алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге
қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да
орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол
ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.
Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті,
сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.
Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек.
Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин
айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.
Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің
ұқсастығы, бірлігі.
Дос қандай болу керек?
Адал
жомарт
адамгершілігі мол
қарапайым
мейірімді
Дос кешірімді
төзімді
ақылды
сабырлы
салмақты
кек сақтамау
ашықтық, бүкпесіздік
IV. «Бақытты сәт» ойыны.
«Жарысты жалғастыр» ойыны.
Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық
табу қажет.
Мысалы:
1. «Кемшіліксіз ......... адам ......».
2. «Дұшпан ........, дос........».
3. «Жаңылмайтын ........., тұяқ .......».
4. «.......... жақсы, ..........көнесі .......».
5. «..........ақшаң ......, ..........досың ......».
6. «Досы ..........,
........... көппен ............».
7. «Досы ........, өзі де ........».
8. «.......... басқа ...........,
........... аяққа ...........».
9. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».
10. « Досың мың ............,
....................... біреу .............».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
ү. 1 топ. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар.
Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді.
Сенің әрекетің.
2 топ: Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек.
Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?
3 топ. Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында
оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
4 топ. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің
оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
5 топ. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені
үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан
ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Ү1. Қорытынды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz