Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тіл туралы
Козыбакова Алтын Панзабековна,
Маңғыстау гуманитарлық колледждің
физика, математика пәндерінің оқытушысы,
МДБ-31 тобының жетекшісі
Тәрбие сағаты
<<Өзге тілдің бәрін біл,
өз тіліңді құрметте>>
Қадыр Мырзалиев
Тақырыбы: <<Мемлекеттік тіл- менің тілім>>
Мақсаты: Мемлекеттік тіл - қазақ тілі, оны құрметтеу керек екенін ұғындыру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.
Топ жетекшісі: Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір - қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт - дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі, оны құрметтеу керек екенін ұғындыру мақсатында <<Мемлекеттік тіл - менің тілім>> атты сынып сағатын бастаймыз.
Жүргізуші: Елбасының <<Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ>> атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін <<Мәңгілік ел>> ұлттық идеясы жарияланды. <<Мәңгілік ел>> идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
2016 жылдың үлкен мерейтойы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, Рио - де - Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының өтуі.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл -халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.
<<Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы>>.
Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз -ана тіліміз!
Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас, -- деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.
Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.
Жүргізуші: Қазақстан -- ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар.
Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік.
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі - қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу - ағарту тілі.
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 1989 жылдың қазан айында берілді.
<<Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті <<Тіл туралы>> жаңа заңын қабылдады. <<2007 жылды - мемлекеттік тіл жылы>> деп жариялады.
Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі -- кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.
Ана тілі -- туған тілім, бас тілім.
Сен арқылы дүние танып, талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім.
Сен өмірімде таусылмайтын асылым.
Данагүл: 22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.
Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Әсем: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында <<Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі>> делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
Соның ішінде, ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді - қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.
Ән: <<Көгілдір вагон>> (үш тілде айтылады)
Гаухар:
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болуы керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбынды
Туған тілі - сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт - санасы - тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихи еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Амангүл:
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Өйткені халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған.
Қазақ биі (Нұрзия)
Ақерке:
Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін
<<Тіл туралы>>
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Айсұлу:
Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандық - ау
Сол үшін ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.
Жүргізуші: бұл өлеңде айтылып отырған, ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?
Хормен:
Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев,
Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов.
Жүргізуші:
Қазақ халқы ежелден - ақ, тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы жатады; Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін!
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Қазыбек би (Сабира):
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш-
бір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би (Айсұлу):
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Көрініс. <<Үш би>>
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса ер жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім. . .
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады
Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: <<Рұқсат , қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат>>
Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман
Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніңіз-торқалы той, топырақты
Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніңіз-оңалмас кәрілікке дауа болмас-деген сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің. . .
Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!
Уа, халайық! Көсіре шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар!
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар!
Сөз қадірін біліңдер!
Ән: <<Анамның тілі>> Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні: Әбиірбек Тінәлиев
Жүргізуші:
Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас - ең зор адамның, мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.
Жүргізуші: Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында. Міне, сондықтан бүгінгі ақын- жазушыларымыз былай дейді.
Динара:
Жүсіп Баласағұни
<<Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік>>.
<<Мен ана тілімде жазып, ойымды ана тілінде білдіріп қана қоймай,тіпті түсімді де қазақша көремін>>.
<<Өз тілін, әдебиетін, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады>>.
Санзира:
Ахмет Байтұрсынов
Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам жаным түршігеді.
Жүсіпбек Аймауытов
Өз ана тіліне немқұрайдылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей.
Қазына:
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев:
Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс.
Жанслу:Қадыр Мырзалиев
Ана тілі.
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің,
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың , елдігің.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің- бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Таңшолпан: Мұзафар Әлімбаев
Ана тілі - біздің туған анамыз.
Анамыздай - сыйлап бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласаң қалай біз.
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе .
Анасынан безген ұл - деп біліңіз.
Жүргізуші: (Дихан Әбіловтың <<Туған тілім!>> өлеңі)
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - заман тілі - өз тілім.
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
Өз тілімдей қайда екен еркін басар
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
<<Қазақ елі>> әні
Барлығы төмендегі өлеңді хормен айтады:
Тіл − ұлттың мақтанышы. Тіл − әр ұлттың ең асыл қазынасы.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Қуан анам!
Ұзағынан сүйініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен де алдыңда иіліп.
(Барлығы бастарын иеді)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz